Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 09 маусымдағы N 93 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 09 шілдеде N 2505 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау (қолданыстағы және болашақтағы шекараларда)" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдалану арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е. Чернецкий) "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау (қолданыстағы және болашақтағы шекараларда)" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Үржар ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      Келісілді:
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі
      Балқаш-Алакөл бассейндік
      инспекциясының бастығы А. Тілеулесова
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық -
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің директоры Т. Ерубаев

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 9 маусымдағы № 93
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы


р/ с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Шекарасының
ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы,
(гектар)
Орташа
ені,
(метр)
1
Ақтас өзені мен Үржар
ауылының шекарасынан бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі аты жоқ бұлақ;
Үржар ауылының шекарасындағы
Шошқалы өзені;
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне
құятын жерге дейінгі Құлықсай өзені;
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне
құятын жерге дейінгі
Құлмантұма өзені;
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Құлмантұма өзеніне
құятын жерге дейінгі
Кішкенетау өзені
31
1 826
300-700

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау белдеуі

№ р/с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау белдеуі
Шекарасының
ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы,
(гектар)
Орташа
ені,
(метр)
1
Ақтас өзені мен Үржар ауылының шекарасынан бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі аты жоқ бұлақ
14
71,8
20-80
2
Үржар ауылының шекарасындағы
Шошқалы өзені
14,6
90,8
20-120
3
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі Құлықсай өзені
2
11,5
20-70
4
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі Құлмантұма өзені
9,95
34,1
20-160
5
Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Құлмантұма өзеніне
құятын жерге дейінгі
Кішкенетау өзені
10,4
28,8
20-120

      
      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау (қолданыстағы және болашақтағы шекараларда)" жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
      Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы В. Чернецкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады