Шығыс Қазастан облысы Риддер қаласының, Зайсан, Катонқарағай және Көкпекті аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 197 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы N 15/207-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 12 қарашада N 2516 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, 27 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8 және 11 баптарына сәйкес, Риддер қаласы мәслихатының 2007 жылғы 23 қазандағы № 3/9-IV және әкімдігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 188 бірлескен шешімі мен қаулысының, Зайсан ауданы мәслихатының 2007 жылғы 19 қазандағы № 3-2/6 және әкімдігінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 14 бірлескен шешімі мен қаулысының, Катонқарағай ауданы мәслихатының 2007 жылғы 28 қазандағы № 2/23-IV және әкімдігінің 2007 жылғы 08 қазандағы № 2964 бірлескен шешімі мен қаулысының, Көкпекті ауданы мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 16-5/5 және әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 225 бірлескен шешімі мен қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының, Зайсан, Катонқарағай және Көкпекті аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) мынадай елдi мекендер өзге қоныстар категориясына жатқызылсын және есептi деректерден шығарылсын:
      Риддер қаласы бойынша:
      Үлбі кенттік округінің Тишинский кенті, 71 километр разъезі, Пригородный ауылдық округінің Синюшонок, Ермолаевка, 8 Март, Новая Королевка, Крольчатник, Аэродромное, Громатуха ауылдары;
      Зайсан ауданы бойынша:
      Зайсан қаласының Алмалы ауылы, Сартерек ауылдық округінің ЛСП, Кеңарал, Қызыл Қия ауылдары, Қарабұлақ ауылдық округінің Қаратал–Талды ауылы, Шілікті ауылдық округінің Кемпірбұлақ ауылы;
      Катонқарағай ауданы бойынша:
      Новополяковка ауылдық округінің Красная поляна ауылы, Коробиха ауылдық округінің Усть-Язовая ауылы, Жамбыл ауылдық округінің Қараайрық ауылы;
      Көкпекті ауданы бойынша:
      Үлгілімалшы селолық округінің Дәулетбай ауылы, Теректі селолық округінің Саршығанақ ауылы, Көкжайық селолық округінің Жұмыскер, Талапкер ауылдары, Тассай селолық округінің Самық ауылы, Үлкенбөкен селолық округінің Тентек ауылы, Самар селолық округінің Добролюбовка ауылы, Мариногорка селолық округінің Глазуново ауылы;
      2) Енгізілсін:
      Риддер қаласы бойынша:
      Тишинский кенттік қонысы Үлбі кенттік округі Лениногорский Лесхоз кентінің құрамына, 71 километр разъезд қонысы Үлбі кенттік округі «Лениногорский» Демалыс үйі кентінің құрамына, Синюшонок, Ермолаевка, 8 Март және Новая Королевка қоныстары Пригородное ауылдық округі Ливино ауылының құрамына, Крольчатник және Аэродромное қоныстары Пригородное ауылдық округі Пригородное ауылының құрамына, Громатуха қонысы Пригородное ауылдық округі Жоғарғы Хариузовка ауылының құрамына;
      Зайсан ауданы бойынша:
      Алмалы қонысы Зайсан қаласының құрамына, ЛСП, Кеңарал қоныстары Сартерек ауылдық округі Көгедай ауылының құрамына, Қызыл Қия қонысы Сартерек ауылдық округі Сартерек ауылының құрамына, Қаратал – Талды қонысы Қарабұлақ ауылдық округі Дауал ауылының құрамына, Кемпірбұлақ қонысы Шілікті ауылдық округі Тасбастау ауылының құрамына;
      Катонқарағай ауданы бойынша:
      Красная Поляна қонысы Новополяковка ауылдық округі Ульяновка ауылының құрамына, Усть-Язовая қонысы Коробиха ауылдық округі Коробиха ауылының құрамына, Қараайрық қонысы Жамбыл ауылдық округі Берел ауылының құрамына;
      Көкпекті ауданы бойынша:
      Дәулетбай қонысы Үлгілімалшы селолық округі Үлгілімалшы ауылының құрамына, Саршығанақ қонысы Теректі селолық округі Теректі ауылының құрамына, Жұмыскер және Талапкер қоныстары Көкжайық селолық округі Көкжайық ауылының құрамына, Самық қонысы Тассай селолық округі Тассай ауылының құрамына, Тентек қонысы Үлкенбөкен селолық округі Үлкенбөкен ауылының құрамына, Добролюбовка қонысы Самар селолық округі Самар ауылының құрамына, Глазуново қонысы Мариногорка селолық округі Московка ауылының құрамына.
      2. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 


Сессия
төрағасы      Е. Нұрбаев
 

Облыс
әкімі     Б. Сапарбаев


Облыстық мәслихат
хатшысы       В. Ахаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады