Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010.07.23 N 26/4 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2223 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурыздағы № 30 – 31 «Дидар» газетінде, 2005 жылғы 19 наурыздағы № 42 – 43 «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
шешімнің кіріспесі «жергілікті мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
шешімнің кіріспесіндегі «2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» сөздері «2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1 тармақтағы «қалалық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін» сөздері «телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін» сөздерімен ауыстырылсын;
11 тармақтағы «Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілерімен келісіліп бақыланады.» сөздері алынып тасталсын;
28 тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
43 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Электрмен, газбен қамтамасыз ету бойынша шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа түбіртектер бойынша есепке алынады. Сумен қамтамасыз ету, су жіберу, қоқыс шығару, байланыс қызметтері бойынша шығындар қызмет берушілердің тарифтері бойынша алынады.».
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Д. Құсаинов
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк