Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Риддер қалалық мәслихатының 2010.04.16 N 25/7-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Риддер қаласындағы аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 5/3-IV«Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп табылсын, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 09 қаңтарда № 5-4-77 тіркелген, «Лениногорская правда» газетінің 2008 жылғы 11 қаңтарындағы № 2 сандарында жарияланған), 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 7/7-IV «2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 5/3-IV «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 16 мамырда № 5-4-93 тіркелген, «Лениногорская правда» газетінің 2008 жылғы 23 мамырдағы № 21 сандарында жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.
Кезекті сессия төрағасы В. КЛИМОВ
Қалалық мәслихат хатшысы А. ЕРМАКОВ
Риддер қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/9-IV
XVIII сессия шешіміне косымша
Риддер қаласындағы аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес жасалып және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің көлемін және беру тәртібін анықтайды.
2. Риддер қаласының аумағында орналасқан тұрғын үй меншік иелері немесе жалдаушылар (өздері жалға алып тағы жалға берушілер) болып табылатын, қалалық телекоммуникациялық желістерге қосылған отбасыларға (азаматтарға) телефонға абоненттік төлем үшін байланыс қызметінің ұлғайту бөлігіне және коммуналдық қызметтерді тұтыну және тұрғын үйді ұстау төлемі бойынша шығындарын жартылай төлеу үшін (жеке меншік түрғын үйді ұстаудан басқа) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) ұсынылатын жәрдемақы - байланыс қызметін және коммуналдық қызметтерді тұтыну, тұрғын үйді ұстау төлемі бойынша, тұрғын үй көмегі қала бюджетінің қаржы есебінен ақшалай түрде төленеді.
3. Тұрғын үй көмегі өздері жылытатын жеке меншік құрылыстарында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет беріледі.
4. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға және тұрғын үйді ұстауды төлеуге соңғы мүмкін болатын шығын үлесі, отбасы жиынтық кірісінің 10 % мөлшерінде бекітіледі.
5. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстауға шығындарының мөлшері, коммуналдық қызметтерді (сумен, газбен, канализациямен, электрмен, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару және лифттерде қызмет көрсету) және қалалық телекоммуникациялық желістерге қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
6. Егерде тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет нормативтері және тарифтері нақты заң тәртібімен анықталмаса, белгіленген коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерінен арттырылмай шығын өтемі нақты шығындар бойынша жүргізіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар алдындағы тоқсандағы немесе есептеу құралдарының көрсеткіштері негізінде, толық көлемде көрсетілгенде анықталады.
2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
7. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйді жалға беруші (аренда) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.
8. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздар және әскер қатарында қызмет етпейтін, оқымайтын, жұмыс істемейтін жұмысқа жарамды тұлғалары бар отбасылар, тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ, мына жайларды ескермегенде:
1) 50 жасқа жеткен тұлғалар (жынысына байланысты емес);
2) I, II топтағы мүгедектерге күтім көрсететін тұлғалар;
3) 80 жастан асқандарға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім көрсететін тұлғалар;
4) 7 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын тұлғалар;
5) 18 жасқа дейінгі төрт немесе одан көп балалардың тәрбиесімен айналысатын аналар;
6) өзін жұмыспен қамтамасыз еткен тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамту);
7) туберкулезбен, онкологиялық, наркологиялық ауруларымен есепте тұратын, бірақ мүгедектік топта жоқ азаматтар;
8) жүктілік уақыты 8 аптадан кем емес әйелдер.
Тез арадағы әскери қызметтегілер отбасы құрамына жатпайды.
Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Риддер қалалық мәслихатының 2009.10.23 № 19/6-IV шешімімен.
9. Жұмыссыздар ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса, тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айрылады.
10. Тұрғын үй көмегін алу үшін бірінші рет келіп тұрған және өтінген кезде коммуналдық қызметтері үшін төлемі бойынша берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, әлеуметтік нормалар мен нормативтер шегінде қызмет көрсететіндердің тарифтері бойынша, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Риддер қалалық мәслихатының 2009.10.23 № 19/6-IV шешімімен.
11. Егер отбасының жан басына шаққанда отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен төмен мөлшерде болса, үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну және байланыс қызметін төлеу үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің жиынтық мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сәйкес мерзімдегі бір айлық есептік көрсеткішке (кемиді) реттеледі.
12. Құқықтарын белгілеп, тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген келесі категориялы отбасылар үшін уақыттың тиісті мерзімінде екі айлық есептік көрсеткішке (кемиді) реттеледі:
1) жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің;
2) бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді;
3) бірге тұратын зейнеткерлердің және мүгедектердің;
4) жалғыз тұратын ерлі - зайыпты зейнеткерлер мен мүгедектердің;
5) мүгедектер отбасыларының;
6) сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының.
13. Орталықтан жылитын жеке меншік үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептеген кезде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көмегі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың көлемі тарифтерде есепке алынады.
14. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту құралдары арқылы жылитын пәтерлер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушілердің тарифтеріне сәйкес төлеміне эквивалентті есептеледі.
15. Тұрғын үй көмегіне үміткер тұлғаларға, оның есепке алынуына байланысты келесі шектеулер алынады:
1) арыз беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады;
2) арыз беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарын бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
3) арыз берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, баланың әке-шешесі басқа жерде тіркелген болса ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
4) арыз беруші оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары туралы және олардың тұрғын үй көмегін алатындары туралы анықтаманы тапсыру қажет.
16. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы мәлімдеушілер оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы - тоқсан сайын, көшірмесі - жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болған жағдайда);
2) азаматтарды тіркеу кітабы (түпнұсқасы - тоқсан сайын, көшірмесі - жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болған жағдайда);
3) үйдің немесе пәтердің төлқұжаты (тоқсан сайын)
4) Тұрғын үй құқығын растандыратын құжат (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да болса өзгерістер болғанда), немесе жал шарты (жалдау);
5) отбасы табыстары туралы анықтама және басқа да мәлімделген табыстар (өткен тоқсанға);
6) барлық коммуналдық қызметке және байланыс қызметіне ақы төлеу туралы түбіртектер (өткен тоқсанға), түбіртектер жоғалған жағдайда анықтама қағаз немесе коммуналдық қызметтермен салыстыру актісі;
7) жұмыссыз болып табылатыны туралы анықтама (тоқсан сайын);
8) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер, немесе поселкелік әкімдіктің актісі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
9) отбасы жағдайы туралы құжаттар (туу туралы куәліктің, неке туралы куәліктің неке бұзу туралы, ерлі-зайыптының бірі қайтыс болғаны туралы куәліктердің көшірмесі).
17. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған отбасының негіздері және коммуналдық шығындарды тұтынуды және ұстауды төлеу бойынша шығындар енгізіледі. Шарт және өкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін көрсетуге негіз болып табылады.
18. Электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, лифттерге қызмет көрсету және үйді ұстау және байланыс қызметі төлемдерінің есебі түбіртектер мен анықтамалар бойынша алынады, газға анықтама өткен тоқсанның орта есебі бойынша есептеледі.
19. Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсаннан бастап тағайындалады. Белгіленген уақыттарда орынды себептермен құжаттарын өткізбегендер (өтінушінің ауыруы, курортта емделуіне байланысты елді мекеннен басқа жаққа кеткен кезде, шипажайда емделуіне, туысқандарының қайтыс болуына байланысты) дәлелдейтін құжаттары болған жағдайда құжаттары тұрғын үй көмегіне қабылданады.
Ескерту. 19 тармаққа өзгерту енгізілді - Риддер қалалық мәслихатының 2009.10.23 № 19/6-IV шешімімен.
20. Тұрғын үй көмегін алушы немесе тұрғын үй көмегі мамандары жасаған тізім бойынша, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады.
Тұрғын үй көмегі құжаттардың рәсімделген уақытына қарамастан тоқсан үшін төленеді.
21. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй көмегі мамандарына өз тұрғын үй меншіктерінің, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, мәртебесінің өзгергені туралы хабарлау керек.
22. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын мамандар отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер бергені үшін меншік үйдің иесі (жалгерлер) құқықсыз алған соманы өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы шешіледі.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
23. Тұрғын үй көмегінің мөлшері отбасының өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы және байланыс қызметін төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
П = МСПЖ – (t х д),
П - тұрғын үй көмегінің мөлшері,
МСПЖ – тұрғын үйге ең жоғарғы әлеуметтік төлем,
t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=10%)
д - отбасының жиынтық табыстары.
4. Тұрғын үй көмегін алуға
үміткер отбасылардың (азаматтардың)
кіріс жиынтығын есептеу
24. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасылардың (азаматтардың) ортақ кірісі, отбасы кірісін анықтау үшін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын өкілетті органмен есептеледі. Отбасының айлық орташа жан басына шаққандағы кірісі отбасының тоқсандағы жиынтық кірісін отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
25. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері, мынадан басқа:
1) тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) қайтыс болғандарды жерлеу және бала туғандағы бір жолғы төлемдер;
3) айсайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
4) төменде көрсетілген күнкөріс минимумының жалпы сомасын есептеу кезінде көрсетілген ақшалай және заттай қайырымдылық көмек;
5) жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша бөлінген материалдық көмек;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дәрі-дәрмек түрінде, санаторлық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық заттар (дайындау және жөндеу), жылу құралы (кресло-арба) және мүгедектерге бөлінген оңалтудың басқа да заттары;
7) білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарында көрсетілетін тегін тамақ және көмек;
8) халықтың көші-қон мәселесі бойынша оралмандарға тұрақты тұратын орынға көшу бойынша және мүліктерін көшіру (соның ішінде малдарын), келген жерлері бойынша шығындарын қайтаруға тұрғын үй алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге заңнамалық актілерде қарастырылған қаржы, тұрғын үй көмегі үшін айналымдағы өткен тоқсанға, тоқсан үшін алынған нақты қаржы;
9) алынған микрокредит сомасы.
26. Ауылдық жердің тұрғындары үшін жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс (саяжай, учаскелерінен, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке тоқсанға үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
27. Қала тұрғындары үшін жеке қосалқы шаруашылығының табысы (саяжай, учаскелерінен, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) үлкен мал басынан бір бас болғанда тоқсанға екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
28. Жиынтық табысын есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды. Кәсіпкерлік қызметтен, мүліктен және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
29. Құжаттамаларды расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден, жергілікті бюджеттен тамақтану, ЗТМО біржолғы төлемақы түсетін табыстар жатады.
Отбасының жиынтық табысында отбасы мүшелерінің табысы саналмайды, егер ол:
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз болып тіркелген (анықтама ұсынылғанда);
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
3) туберкулез немесе психоневрогиялық диспансерлерде (станционарларда), емделу-еңбек профилакторийлерінде (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылған) жағдайларда.
30. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды тіркеу және құжаттау Ережесіне сәйкес тіркелген тұлғалар отбасы құрамына есептеледі. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекенжай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
31. Бір тоқсаннан артық тоқсанға төлеуге тиісті табысты бір жолғы алғанда, жиынтық табыста табыс сомасы белгілі мөлшерде алынады, барлық табыс сомасын айлар санына бөлгенде алынған, сол арқылы алынған және үш айға көбейтілген. Егер отбасы мүшелерінің бірі тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе және оның табысы саналса, отбасының жиынтық табысында осы тоқсандағы жұмыс істелген күндері үшін табысы есептеледі.
5. Өздері жылытатын жекеменшік үй құрылыстарында тұратын аз камтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін беру тәртібі
32. Өздері жылытатын жекеменшік құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушыларға, тұратын үйдің келісім – шарты болғанда беріледі.
33. Өздері жылытатын жеке меншік құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығыны жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг. аспауы керек.
34. Көмірдің құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Шығыс-Қазақстан облысы Басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданылады және тоқсанның соңғы айына есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қаралады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
35. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде, көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеледі. Отын сатып алғаны туралы түбіртек болмаған жағдайда тұрғын үй көмегін көрсететін органдар акт жасайды.
36. Көмір сатып алу маусымдыққа байланысты болғандықтан, көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанның үш айы бір мезетте алынады.
37. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
38. Тұрғын үй көмегін есептегенде, жыл бойы тұрғын үй көмегін алғаннан бастап, көмір алған уақытқа қарамастан, отбасы алған көмірдің мөлшері және құны көрсетілген түбіртек (анықтама) ұсынылады.
6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
39. Тұрғын үй төлемінің көлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына енгізу жолымен екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі тиісті банктер) арқылы жүргізеді. Тұрғын үй төлемінің тәртібі мен шарты «Риддер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі және тиісті банктер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
7. Тұрғын үй көмегін есептеуде қолданылатын, коммуналдық қызметтерді қолданудың нормативтері
мен шығындарының мөлшері
40. Аумақтың мөлшері:
1) жалғызбасты тұратын азаматтарға – 40 шаршы метрден артық емес;
2) екі адамнан тұратын отбасына – 50 шаршы метр;
3) үш адамнан тұратын отбасына – 55 шаршы метр;
4) төрт және одан көп адамнан тұратын отбасына – әрқайсысына 18 шаршы метр, бірақ 100 шаршы метрден көп емес;
41. Тұрғын үйді ұстауға кететін шығын мөлшері – 1 шаршы метрге 10 теңгеден;
42. Газ шығынының мөлшері бір айға адам басына шаққанда – 7,6 кг.
43. Лифт қызметтерін пайдалану мөлшері– бір адамға 200 теңге.
44. Электроэнергияны пайдалану мөлшері:
1) бір адам тұратын жағдайда – 100 кВт;
2) екі адам тұратын жағдайда (әрқайсысына) – 95 кВт;
3) үш және одан көп адам тұратын жағдайда (әрқайсысына) – 85 кВт.
Қалалық мәслихат хатшысы А. ЕРМАКОВ