"Риддер қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/9-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы N 19/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қарашада № 5-4-121 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 cәуірдегі 25/7-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Риддер қалалық мәслихатының 2010.04.16 N 25/7-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.


      Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 97 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      ”Риддер қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы” 2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/9-IV мәслихаттың шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 17 тамызында № 5-4-117 тіркелген, «Лениногорская правда» газетінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 35 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 2 бөлімнің «Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі» 8 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «8. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздар және әскер қатарында қызмет етпейтін, оқымайтын, жұмыс істемейтін жұмысқа жарамды тұлғалары бар отбасылар, тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ, мына жайларды ескермегенде:
      1) 50 жасқа жеткен тұлғалар (жынысына байланысты емес);
      2) I, II топтағы мүгедектерге күтім көрсететін тұлғалар;
      3) 80 жастан асқандарға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім көрсететін тұлғалар;
      4) 7 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын тұлғалар;
      5) 18 жасқа дейінгі төрт немесе одан көп балалардың тәрбиесімен айналысатын аналар;
      6) өзін жұмыспен қамтамасыз еткен тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамту);
      7) туберкулезбен, онкологиялық, наркологиялық ауруларымен есепте тұратын, бірақ мүгедектік топта жоқ азаматтар;
      8) жүктілік уақыты 8 аптадан кем емес әйелдер.
      Тез арадағы әскери қызметтегілер отбасы құрамына жатпайды.».
      2. «Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі» 2 бөліміне келесі өзгертулер енгізілсін:
      1) 10 тармақтағы «және байланыс қызметі» сөздері алынып тасталсын;
      2) 19 тармақтағы «өтініш берген айдан бастап» сөздерін «өтініш берген тоқсаннан бастап» сөздерімен ауыстырылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессияның төрағасы            О. МЫСАЕВ

      Қалалық мәслихаттың хатшысы           А. ЕРМАКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады