Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 25/7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда № 5-4-132 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 3/3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012.04.16  N 3/3-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Риддер қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/9-IV шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 17 тамызында № 5-4-117 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 28 тамыздағы № 35 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған), «Риддер қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/9-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы» қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы № 19/6-IV шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 19 қарашасында № 5-4-121 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 27 қарашадағы № 48 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 01 сәуірінен туындаған қатынастарға таратылады.


      Кезекті сессия төрағасы                О. Солонников
 

      Қалалық мәслихат хатшысы               А. Ермаков

Риддер қалалық мәслихатының
XXV сессиясының
2010 жылғы 16 сәуірдегі № 25/7-IV
шешіміне қосымша

Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі туралы ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес әзірленді және Риддер қаласында тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кiрiстердiң жалпы сомасы;
      кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
      3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісінің 10 % мөлшері орнатылады.
      4. Тұрғын үй көмегі тұрғындарға жеке меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын және осы жерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады.
      5. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен артық болған жағдайда тағайындалады. Сонымен қатар отбасының шығыны әлеуметтік норма шегінде есептеледі. Тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтерді пайдалану, телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережелерімен бекітілген норма мен нормативтерде өтініш берушіге жалпы негізде жүргізіледі.

2. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

      6. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйді жалға беруші (аренда) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.
      7. Отбасы құрамында жұмыс істемейтін, сырттай білім алу оқу орнында оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын, және жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмысқа қабілетті тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, келесі тұлғаларды ескермеген жағдайда:
      1) 50 жастан асқан тұлғалар (жынысына қарамастан);
      2) І, ІІ топтағы мүгедектерді күтім жасайтын тұлғалар;
      3) 16 жасқа толмаған балалар – мүгедектерді, 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтын тұлғалар;
      4) 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын тұлғалар;
      5) 18 жасқа толмаған төрт немесе одан көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар;
      6) мүгедектік тобы жоқ, бірақ туберкулездік, наркологиялық және онкологиялық аурулармен есепте тұрған азаматтар.
      Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      8. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады.Өтініш тоқсан бойы тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мамандармен өңделген кестеге сәйкес қабылданады.
      Сонымен қатар коммуналдық қызметтердің және байланыс қызметтерінің өткен тоқсандағы төлемақысы туралы түбіртек және отбасының кірісі туралы анықтаманы ұсынады. Өткен тоқсанға коммуналдық қызметтер төленбеген немесе жартылай төленген жағдайда отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Тұрғын үй көмегін алу үшін бірінші рет келіп тұрған және өтінген кезде коммуналдық қызметтері және байланыс қызметтері үшін төлемі бойынша берешектері бар отбасыларына, қызмет көрсететіндердің тарифтері бойынша, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      9. Тұрғын үй көмегі суды және пәтерді жылытуға жеке жылыту құралдары бар орталыққа бағындырылған жылытуға қосылмаған үйлер мен пәтер иелеріне де төленеді. Мұндай жағдайда электрэнергиясы үшін төлемнің сомасы қызмет көрсетушілердің тарифтарына және тұрғын үй площадының нормасына сәйкес ыстық су мен жылумен теңестіріледі.
      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шарттар қабылданады:
      1) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі жұбайының тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген мекенжайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш берушінің үйінде, ата-аналары басқа жерде тіркелген және ата-аналық құқығынан айырылмаған 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, өтініш беруші баланың ата-анасының табыстарын растайды;
      3) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбының тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына хабарламаса - тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
      4) өтініш беруші жалғыз тұрса және оқу орнының күндізгі бөлімінде оқыса - өтініш беруші сонымен қатар ата-анасының табыстары туралы және олардың тұрғын үй көмегін алғандығы туралы мәліметті ұсынады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Риддер қалалық мәслихатының 2011.09.30 № 36/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер отбасылар рәсімдеу үшін өтінішімен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
      3) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.
      12. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күнтізбелік күн ішінде, өз тұрғын үйінің жеке меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, тұрғын үй көмегі қызметін ақпараттандырады.
      Тұрғын үй жәрдемақысының негізсіз алынған сомасы, алушымен ерікті түрде, бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтаруға жатады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Риддер қалалық мәслихатының 2011.09.30 № 36/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Жиынтық кірісті есептеу

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды тіркеу және құжаттау Ережелеріне сәйкес тіркелген отбасы құрамындағы тұлғаларды ескеру қажет. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының барлық мүшелерінің және осы мекенжай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      14. Зейнеткерлер мен мүгедектерді (жалғыз басты немесе бірге тұратын), сонымен қатар құрамында тұл жетімдері бар отбасыларға қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептеу және құқығын белгілеу барысында кіріс тиісті қаржылық жылға тағайындалған екі айлық көрсеткішке түзетіледі (азайтылады).
      15. Егер отбасының жан басына шаққандағы жиынтық кірісі кедейлік шегінен төмен болса, онда тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтер тиісті қаржылық жылға тағайындалған бір айлық көрсеткішке түзетіледі (азайтылады).
      16. Құрамында жоғары және арнайы орта оқу бөлімдерінде күндізгі бөлімдерде шарт негізінде оқитын студенттері бар отбасыларға тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жиынтық кіріс ай сайынғы оқудың төлемақысы мөлшерінен кем болмауы керек.
      17. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері есептеледі, мыналардан басқа:
      1) тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) қайтыс болғандарды жерлеу және бала туғандағы бір жолғы төлемдер;
      3) ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
      4) жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша бөлінген материалдық көмек;
      5) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дәрі-дәрмек түрінде, санаторлық-курорттық емдеупротездік-ортопедиялық заттар (дайындау және жөндеу), жылжу құралы (кресло-арба) және мүгедектерге бөлінген оңалтудың басқа да заттары;
      6) білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарында көрсетілетін тегін тамақ және көмек;
      7) халықтың көші-қон мәселесі бойынша оралмандарға тұрақты тұратын орынға көшу бойынша және мүліктерін көшіруге, келген жерлері бойынша шығындарын қайтаруға тұрғын үй алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге заңнамалық актілерде қарастырылған қаржы; тұрғын үй көмегі үшін айналымдағы өткен тоқсанға, тоқсан үшін алынған нақты қаржы.
      18. Ауылдық жердің тұрғындары үшін жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс (саяжай, учаскелерінен, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке тоқсанға бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі, үш бас болғанда жеті есептік көрсеткіш, төрт және одан көп бас болғанда он есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.

4. Жергілікті жылытатын жеке меншік үйлерде тұратын аз
қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй жәрдемақысын ұсыну тәртібі

      19. Жергілікті жылытатын жеке меншік үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысы жылына бір рет беріледі.
      20. Жергілікті жылытатын жеке меншік үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығыны жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг. аспауы керек.
      21. Көмірдің құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданылады және тоқсанның соңғы айына есептелген тұрғын үй көмегінің мүмкіншілігінде қаралады.
      22. Жергілікті жылытатын жеке меншік үйлерде қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде, көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеледі. Отын сатып алғаны туралы түбіртек болмаған жағдайда өтініш толтырылады.
      23. Көмір сатып алу маусымдыққа байланысты болғандықтан, көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанның үш айы бір мезетте алынады.
      24.Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үйлерде тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.

5. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін әлеуметтік норма және
нормативтер

      25. Аумақтың мөлшері:
      1) жалғыз басты тұратын азаматтарға – 40 шаршы метрден артық емес;
      2) екі адамнан тұратын отбасына – 50 шаршы метр;
      3) үш адамнан тұратын отбасына – 55 шаршы метр;
      4) төрт және одан көп адамнан тұратын отбасына – әрқайсысына 18 шаршы метр, бірақ 100 шаршы метрден көп емес.
      26. Тұрғын үйді ұстау шығындары мөлшері – 1 шаршы метрге 10 теңгеден.
      27. Газ шығындары мөлшері бір айға адам басына шаққанда – 7,6 кг.
      28. Лифт қызметтерін пайдалану мөлшері – бір адамға 200 теңге.
      29. Электроэнергияны тұтыну нормасы - әрбір тұратынға 90 кВт.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Риддер қалалық мәслихатының 2011.09.30 № 36/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      30. Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқысты шығару, лифт қызметтері және тұрғын үйді ұстау шығындары оларды пайдаланудың нормативтері мен тарифтері қызметті жабдықтаушылармен ұсынылады.
      Коммуналдық қызметтер шығындарын есептеу құралдары (суды пайдалану, газды пайдалану) бар болған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу, есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша, бірақ әрекеттегі нормадан аспайтындай жағдайда жүргізіледі.
      31. Тұрғын үй көмегін алушыларға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін абоненттік төлемдер тарифінің өсуі өтемақысының мөлшері 2004 жылы қыркүйекте бекітілген абоненттік төлемдер және өтініш берген кездегі әрекеттегі абоненттік төлемдер арасындағы айырмашылық арқылы анықталады.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      32. Тұрғын үй төлемінің көлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен сәйкес қаржы жылына қарастырылған қаражаттар шегінде жүзеге асырылады.
      33. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушылардың ұсынған шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

7. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге
кеткен шығындарды қоса есептегенде, тұрғын үйді ұстауға кеткен
тұрғын үй көмегін анықтау тәртібі

      34. ПМК және кондоминиумның ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге кеткен шығындарды қайтаруға тұрғын үй көмегін алуға құқылы тұлғалар және отбасылардың құқығы бар.
      35. Шығындарды төлеу жөндеу өткізілгеннен кейін 6 айдан кем емес уақыт ішінде өтініш берілген уақыттан бастап жылына бір рет осы мақсаттарға жалпы жиналыста бекітілген шығындардың 100 % мөлшеріндегі ақшалай төлемдер түрінде жүргізіледі.
      Мұндай жағдайда тұрғын үй көмегін алушыларға төлемдер, кондоминиум объектілері басқарма органдарының басшыларының қолымен, мөрімен расталған және пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) жалпы жиналысында бекітілген жергілікті атқарушы органдармен (тұрғын үй инспекциясы) келісілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасына сәйкес жалпы шығындар соммасы үлесі шегінде анықталады.
      36. Күрделі жөндеуге кеткен шығындарды өтеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың жинақтау жеке шотына соманы аудару жолымен жүргізіледі.


      Қалалық мәслихат хатшысы                А. Ермаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады