Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдық еңбекақыларының мөлшері мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-14-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда N 5-8-78 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 қарашадағы N 9-3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.11.23 N 9-3-V шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 4 тармағын орындау барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерлердегі еңбегі үшін лауазымдық еңбекақыларының мөлшерін көтеру белгіленген әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдық еңбекақыларының мөлшері мен тарифтік ставкаларын қалалық жағдайларда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың еңбекақылары мөлшерімен және ставкаларымен салыстыра отырып жергілікті бюджет есебінен жиырма бес пайызға көтеру белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010.06.09 N 28-4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) шешімімен
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                  Қ. Галиев
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                     Б. Аргумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады