Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010.06.08 № 03-08/263 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабы негізінде, Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 17-9-IV «Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 28 cәуірдегі № 5-8-87 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 22-23 (6284-6285) санында жарияланған) шешімімен өзгерістер енгізілген, Бородулиха аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-10-IV «Бородулиха ауданы халқының әлеуметтік қорғалатын тобына сатып алған көмірге шыққан шығындарын өтеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру ережелерін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпандағы № 5-8-74 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Ереженің 2-бөлімінің атауы «Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі» келесі редакцияда баяндалсын: «Тұрғын үй көмегін көрсету»;
2) Ереженің 2-бөлімінің 24-тармағындағы «Тұрғын үй көмегін алушылар міндетті» деген сөзі келесі редакцияда баяндалсын «Тұрғын үй көмегін алушылар тиісті»;
3) Ереженің 2-бөлімінің 25-тармағындағы «Жеке және заңды тұлғалар нақты ақпараттар беруге міндетті» сөйлемі алынып тасталсын;
4) Ереженің 5-бөлімінің атауы «Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жер үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі» келесі редакцияда баяндалсын «Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жер үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үй көмегін көсету»;
5) Ереженің 2-бөлімнің 12-тармағы алынып тасталсын;
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Майер
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Аргумбаев