Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010.03.17 N 25-3-IV шешімімен (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68, 97 баптары негізінде Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха ауданы халқының әлеуметтік қорғалатын тобына сатып алған көмірге шыққан шығындарын өтеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережелері (қосымша берілген) бекітілсін.
2. Бородулиха аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 13 наурыздағы № 6-2-IV «Бородулиха ауданы тұрғындарының әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үйді күтуге және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 21 наурызда № 5-8-58 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 13 (6220) санында жарияланған) шешімінің және Бородулиха аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 9 қазандағы № 12-9-IV «2008 жылғы 13 наурыздағы № 6-2-IV «Бородулиха ауданы тұрғындарының әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үйді күтуге және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 қазанда № 5-8-66 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 52 (6259) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
Сессия төрағасы Қ. Галиев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Аргумбаев
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 9 ақпандағы
N 16-10-IV шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Бородулиха ауданы халқының әлеуметтік қорғалатын тобына сатып алған көмірге шыққан шығындарын өтеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелері
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68, 97 баптарына сәйкес жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ақы төлеу үшін, тұрғын жайды қолданғанына жалгерлік ақы төлеу үшін көмек көрсету мақсатында халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына сатып алған отынына шыққан шығындарын өтеу және коммуналдық қызметтерді тұтынуы үшін көмек (бұдан әрі – тұрғын үй көмегі) көрсетіледі.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылыту орталығынан жылытылатын жеке меншік тұрғын жайларда тұратын халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жылына бір рет, коммуналды пәтерлерде тұратындарға тоқсан сайын беріледі.
3. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйлердің иелері немесе жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын азаматтарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Бір әкімшілік-аумақтық пунктің шегіндегі тұрғын үйді жалға алушы тұлға осы пунктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау ақысының және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысының нақты шығындары осы мақсаттарға рұқсат етілген шекті үлесінен артқан жағдайда тағайындалады. Бұл кезде отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 8 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылатын тұрғын үйді ұстауға арналған шығындар мөлшері, коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтерге қызмет көрсету) тұтыну нормалары жергілікті деңгейде бекітіледі.
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге арналған тарифтерді және олардың өзгерістерін қызмет көрсетушілер ұсынады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету
Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.08.11 N 19-3-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға (жалдауға) беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
9. Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына төмендегілер жатады:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар;
- I, II топтағы мүгедектер (өзі жасаған қылмыстың салдарынан мүгедек болғандар есепке алынбайды);
- мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жасына қарай зейнетақы алып отырған зейнеткерлер;
- кәмелеттік жасқа толмай ата-анасынан айырылған жиырма жасқа толмаған жетім балалар;
- оралмандар;
- бірге тұратын 4 немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;
- толық емес отбасылар – балаларын ата-анасының біреуі тәрбиелеп отырған отбасылар (асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, балаларын өзі тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналар, айырылысқандар, жесірлер).
10. I, II топтағы мүгедектердің күтімімен және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтімімен айналысатын, 80 жастан асқандарды күтетін немесе 7 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын жақын туыстарын, 18 жасқа дейінгі 4 немесе одан да көп бала тәрбиесімен шұғылданатын аналарды есептемегенде, отбасы құрамында жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскер қатарында жоқ, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмысқа жарамды адамдар бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
11. Ешқандай себепсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға, оқуға немесе қайта оқытуға қатысуды тоқтатқан жұмыссыз адамдар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
12. алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.08.11 N 19-3-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
13. Тұрғын үй көмегін алатындар тоқсан сайынжанұяларының кіріс табысын және алдыңғы тоқсандарға төленген түбіртектерін қосымша ұсынып отырулары керек. Егер коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді бөліп немесе мүлдем төлемесе тұрғын үй көмегі берілмейді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
14. Егер отбасының жан басына шаққандағы жиынтық табысы кедейлік шегі мөлшерінен төмен болса, онда тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған тұрғын үй көмегін белгілеген кездегі жиынтық табыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сәйкес уақыт кезеңіне арналып бекітілген бір айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі).
15. Жалғыз тұратын зейнеткерлерді, мүгедектерді, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты (отбасылы) зейнеткерлер мен мүгедектерді, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін алу құқығын анықтаған және есептеген кезде олардың табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сәйкес уақыт кезеңіне арналып бекітілген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі).
16. Орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылатын жеке үйлерде тұратын халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына тұрғын үй көмегін есептеген кезде тарифтерде тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасы шегінде қызмет көрсетушілер ұсынған жоғалтылған жылудың төлемі есепке алынады.
17. Жылыту маусымында орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылмаған және ыстық сумен қамтамасыз ету мен пәтерді жылыту автономды жылыту құралдарының көмегімен іске асырылатын үйдегі пәтерлердің иелеріне тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бұл кезде электрқуатына арналған төлем сомасын тұрғын үй алыңының нормасы мен қызмет көрсетушілер тарифтеріне сәйкес жылыту мен ыстық су төлемдерінің сомасына эквивалент ретінде есептелсін.
18. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер отбасыларға тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шектеулер есепке алынады:
1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтініш берушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш бермеген болса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
3) өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, ал ол баланың ата-анасы басқа мекен-жайда тіркелсе, онда өтініш беруші ол баланың ата-аналарының табыстары туралы анықтама тапсыруы қажет;
4) өтініш беруші жалғыз тұрса және оқу орнының күндізгі болімінде оқыса, онда үміткер ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй көмегін алатындықтары туралы анықтаманы тапсыруы қажет;
5) өтініш жасаған тоқсанда тұрғын үй көмегін тағайындау құқығына әсер ететін жағдайлар туындаған болса, онда тұрғын үй көмегі келесі тоқсанда тағайындалады.
19. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер немесе оны алып отырған отбасылар көмекті ресімдеу үшін келесі құжаттарды тапсырады:
- өтініш берушінің жеке тұлғасын растайтын құжаттың көшірмесі;
- азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
- тұрғын үй құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
- салық төлеуші тіркеу (СТН) куәлігінің көшірмесі;
- жеке әлеуметтік код (ӘЖК) берілгендігі туралы куәліктің көшірмесі;
- коммуналдық қызметтерге ақы төленгендігі туралы түбіртектің көшірмесі, егер түбіртекті жоғалтып алған жағдайда коммуналдық қызмет орындарынан анықтама немесе салыстырып тексеру актісі;
- отбасы жағдайы туралы құжаттың көшірмесі (жекебас куәлігі, туу туралы, неке қию туралы, айырылысу немесе қайтыс болу туралы куәліктер);
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен тапсырылады, салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
- табыстар туралы немесе басқа мәлімделген табыстар туралы құжаттар (өткен тоқсанға);
- жұмыссыз деп тану туралы анықтама (өткен тоқсанға);
- қосалқы шаруашылығының бар-жоқтығы көрсетіліп селолық, кенттік әкімдіктердің учаскелік комиссиялары толтырған отбасының әлеуметтік картасы;
- жер үлесінің барлығын немесе жоқтығын растайтын құжат;
- жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатындығы немесе шұғылданбайтындығы туралы құжат;
- сатылынып алынған көмірге төленген ақы туралы түбіртек немесе қосымшаға сәйкес ағымдағы жылы сатып алған мерзіміне қарамастан көмірдің мөлшері және құны көрсетілген жеке көмір тасымалдаушылардан сатылынып алынған көмірнің барлығы туралы акті (№ 1 қосымша).
20. Тапсырылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша үй иегері мен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырған тұлға араларында отбасыға арналған шарт-өтініш жасалады (№ 2 қосымша).
21. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын тағайындаудың негізі болып табылады (3 қосымша).
22. Электр жүйесімен, газбен, канализациямен, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету, тұрғын үйді сумен жабдықтау және пайдалануға беру бойынша шығындар түбіртектер бойынша өтініш жасалған тоқсанның алдыңдағы тоқсандағы орташа есеппен есептелінеді.
23. Тұрғын үй көмегі осы көмекті тағайындауға қажетті өтініш пен басқа құжаттарды тапсырған айдан бастап тағайындалады.
24. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйлерінің меншіктік нысандағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табыстарындағы, сондай-ақ мәртебесіндагі кез-келген өзгерістер туралы 10 күн ішінде тұрғын үй көмегі қызметіне хабарлауға тиісті.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.08.11 N 19-3-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
25. Ұсынылған ақпараттардың растығына күмән туған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындаушы қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үйге арналған шығындар және отбасы мүшелерінің шынайы тұрғылықты тұратын жерлері туралы қосымша құжаттар талап етуге құқылы. Талап етілген құжаттар тапсырылмаған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жоғары көлемдегі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеліп соқтыратын жалған мәліметтерді біле тұра берген жағдайда меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы ерікті түрде қайтарады, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.08.11 N 19-3-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалгердің) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін төлеген нақты төлемдері мен осы отбасының осы мақсаттарға арналған рұқсат етілген шекті шығындар мөлшері арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
К = ТҮЕЖӘТ – (t х т);
бұл жерде: К – тұрғын үй көмегінің мөлшері;
ТҮЕЖӘТ – тұрғын үй үшін ең жоғарғы әлеуметтік төлем;
t – тұрғын үй ақысына арналған шығындар нормативі (=10%)
т – отбасының жиынтық табысы.
4. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу
27. Отбасының табысын анықтау үшін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар тұрғын үй көмегін алудан үміткер азаматтардың (отбасының) жиынтық табыстарын есептейді.
28. Отбасының жиынтық табыстарын есептеген кезде төменде көрсетілгендерден басқа табыстардың барлық түрлері есептеледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
3) тұрғын үй көмегі;
4) қайтыс болған адамды жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
5) баланың тууына байланысты төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
6) күн көрістің белгіленген ең төменгі мөлшерінен төменгі жалпы сомада есептік кезеңде көрсетілген ақшалай немесе нотариалдық түрдегі қайырымдылық көмектері;
7) жеке ісін ашуға немесе қосалқы шаруашылығын дамытуға арналған материалдық көмек;
8) төтенше жағдайлар салдарынан отбасы адамдарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасыға берілген көмек, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына берілген әлеуметтік төлемақы;
9) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге берілетін бір жолғы ақшалай өтемақы;
10) асырап алушылардың табыстарына асырап алынушылардың табыстары қосылмайды.
Жиынтық табысты есептеу өтініш беруші ұсынған табысы туралы мәліметтер негізінде жүргізіледі.
29. Ауылдық (селолық) жердің тұрғындары үшін жеке қосалқы шаруашылықтан, үй іргесіндегі учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептеледі.
30. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар, мүліктік және жер пайынан алынған табыстар мәлімделген табыс болып есептеледі.
31. Табыстардың құжатты түрде расталатын түрлеріне еңбек қызметінен, зейнетақыдан, жәрдемақы мен алименттен түсетін табыстар жатады. Төменде көрсетілген жағдайларда отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде алименттер қосылмайды:
1) алимент төлеуші жұмыс істемесе және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе (анықтама ұсынылғанда);
2) бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болса (анықтама ұсынылғанда);
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емдеу-еңбек профилакторийінде (ЕЕП) емделіп жатса немесе есепте тұрса (анықтама ұсынылғанда);
4) Қазақстан Республикасымен сәйкес келісімі жоқ мемлекетке тұрақты тұру үшін кеткенде (анықтама ұсынылғанда).
32. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген адамдар отбасының құрамында есептеледі. Отбасының жиынтық табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда осы мекен-жай бойынша тіркелген отбасының барлық мүшелерінің және басқа да адамдарының табыстарын қосу жолымен есептеледі.
33. Бір тоқсаннан көп мерзімде төленетін табысты бірден алған кезде жиынтық табыста табыстың бүкіл сомасын олар алынатын айларға бөлуден және үш айға көбейтуден шыққан табыс сомасы есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсанда зейнеткер болса, онда ол келесі тоқсанда тұрғын үй көмегін алу құқығына ие болады.
34. Отбасының бір ай ішіндегі жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының тоқсандық жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
35. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтерінің шынайылығы үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілік тартады.
5. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жер үйлерде
тұратын аз қамтамасыз етілген халықтың әлеуметтік
қорғалатын тобына тұрғын үй көмегін көрсету
Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.08.11 N 19-3-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
36. Жергілікті жылу жүйесімен жылытатын жеке меншік үй-жайларда тұратын халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына арналған тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің меншік иесіне, егер тұрғын үйді жалға алу шарты болса жалдаушыларға беріледі.
37. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй-жай алаңының 1 шаршы метріне арналған көмір шығынының әлеуметтік нормасы 129,8 кг көлемінде, бірақ бір үйге 5000 кг-ден аспайтын көлемде ескеріледі.
38. Көмірдің құнын есептеу үшін аудандық (қалалық) статистика және ақпарат басқармасы тұрғын үй көмегін есептеу тоқсанының алдындағы тоқсанның соңғы айының (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек) жағдайымен ұсынған аудан бойынша орта баға қолданылады.
39. Жергілікті үй-жайды жергілікті жылыту үшін қолданылатын отынның басқа түрінің шығыны мен құнының нормасы тұрғын үй көмегін есептеген кезде көмір шығыны мен құнының нормасына балама ретінде есептелсін.
40. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының бүкіл әлеуметтік нормасы (көмірдің құны) өтініш берілген тоқсанның бірден үш айына ескеріледі.
41. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке үй-жайда тұратын отбасының орташа табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.
42. Бір үйдің бірнеше меншік иесі болған жағдайда тұрғын үй көмегі әрбір меншік иесіне (отбасыға) тағайындалады, бұл кезде үйге арналған көмір шығынының әлеуметтік нормасы әр отбасының алып отырған ауданына сәйкес бөлінеді.
43. Электр қуатымен, газбен, сумен қамтамасыз етудің, қоқыс шығарудың шығындары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша орташа көлемде есепке алынады.
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
44. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаттарының есебінен беріледі және ақшалай төлем түрінде тағайындалады.
45. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – сәйкес банктер) арқылы азаматтардың салымдары бойынша есеп-шоттарға аудару арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегін төлеудің тәртібі мен шарттары «Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мен сәйкес банктер арасында жасалған агенттік келісім бойынша анықталады.
46. Сәйкес банктердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісімдер негізінде «Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» белгілеген орган арқылы жүзеге асырылады.
7. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданылатын
коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері және
шындарының мөлшері
47. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылсын:
1) аудан нормасы:
- жеке тұратындар үшін – 30 ш.м.
- екі адамнан тұратын отбасылар үшін – 30 ш.м.
- үш және одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш.м.
2) көгілдір отын шығынының нормасы:
- орталық газбен жабдықталған үйлерде тұратын отбасылар үшін – айына бір адамға 5,5 кг.
- жер үй-жайларында тұратын отбасылар үшін – айына 1 баллон.
3) элект энергиясын тұтыну нормасы:
- 1 адам тұрса – 72 кВт
- 2 адам тұрса – 114 кВт
- 3 және одан да көп адам тұрса – әр адамға 50 кВт
48. Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар нормасы мен олардың тарифтерін, тұрғын үйді ұстауға арналған шығындарды қызмет көрсетушілер ұсынады.
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ 16-10-IV шешіміне
№ 1 қосымша
Сатып алған көмірінің бар екендігі туралы 200__ жылға арналған
АКТІ
_________________ «__» ___________ 200__ ж.
Біз, төменде қол қоюшылар: комиссия төрағасы __________
(Т.А.Ә.)
_________________, комиссия мүшелері __________________
_______________________________________________________
(комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
________________________тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
зерттеу жүргіздік және сатып алған көмірінің бар екендігін
анықтадық.
__________________________________________________жанұясы
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
200__ жылға арнап бағасы ________теңгеден, жалпы сомасы
________теңге, көлемі________ тонна көмір сатып алған.
Жеткізіп берушінің мәліметтері: ____________________
(Т.А.Ә.)
_____________________
(жекебас куәлігінің мәліметтері)
________________________
(СТН, ӘЖК)
_________________________
(тұратын мекен-жайы)
________________________
(патентінің немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің №)
Комиссия төрағасы: _____________________ ______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері: _____________________ ______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
_____________________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
_____________________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Акті менің көзімше толтырылды, актімен келісемін:
_____________________ «___» ______________ 200__ж.
(қолы) (датасы)
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ 16-10-IV шешіміне
№ 2 қосымша
САУАЛНАМА-ӨТІНІШ
тұрғын үй жәрдемақысын беруге арналған |
|||||||
200__жылдың ___ тоқсанына арналған |
Тір.№_____ |
||||||
________________________ |
|||||||
тұрғын үй ұйымының атауы |
|||||||
1.ОТБАСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР |
|||||||
Т.А.Ә..________________________________________________ |
|||||||
Үйінің мекен-жайы _____________________________________ |
|||||||
Жекешелендіру акт-шарты, ордер_________________________ |
|||||||
Телефоны_______________________________________________ |
|||||||
Осы пәтерде тұратын отбасы басшысы және оның басқа да мүшелері туралы мәліметтер беруіңізді сұраймыз |
|||||||
Р/с |
Отбасыға |
Туған |
төлқұжат туу |
Жұмыс орны (зейнеткер, |
|||
1 |
|||||||
2 |
|||||||
3 |
|||||||
4 |
|||||||
5 |
|||||||
6 |
|||||||
7 |
|||||||
8 |
|||||||
9 |
|||||||
10 |
|||||||
Табыстар туралы қосымша мәліметтер: |
|||||||
1. Жеке қосылқа шаруашылықтан түскен табыс ____________ _______________________________________________________ |
|||||||
2. Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс\салық комитетінен _______________________________________________________ |
|||||||
3. Алатын алименттері туралы мәлімет___________________ |
|||||||
2. ЖАЛҒА АЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙІ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР |
|||||||
Жалпы алаңы____________м2, бөлмелер саны ______________ |
|||||||
ИӘ ЖОҚ |
|||||||
______ _______ Тұрғын үй /пәтербөлме/ жалға беріледі ме? |
|||||||
_____ ____ Меншігінде бір данадан артық тұрғын үй бар ма? |
|||||||
Отбасыда пәтер ақы немесе коммуналдық қызмет ақысы, тұрғын үйге ақы төлеу бойынша жеңілдіктері бар ма? Жеңілдікке арналған куәлік №_________ «__» ____________ |
|||||||
3. Көрсетілген коммуналдық қызметтер туралы мәлімет |
|||||||
көгілдір отын _________________________________________ |
|||||||
эл. энергиясы _________________________________________ |
|||||||
4. Қосымша мәліметтер_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
|||||||
5. Жауапкершілік |
|||||||
Отбасының құрамы және мүлік туралы, отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер толық және нақты екендігін растаймын. Жалған мәліметтер берген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартуға келісемін. Сондай-ақ жалған берілген мәліметтер үшін тұрғын үй субсидиясын беру тоқтатылатындығын жақсы түсінемін. |
|||||||
Датасы ________________________ |
|||||||
Қолы __________________________ |
|||||||
қабылданған құжаттар саны ___________________ |
|||||||
маман _______________________________________ |
|||||||
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ 16-10-IV шешіміне
№ 3 қосымша
ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІНІҢ
тағайындалған көлемі туралы (немесе тағайындаудан
бас тартылғандығы туралы)
ШЕШІМ (көшірме) № _________
Істің № ___________________
«___» ____________ 2009 жыл
1. Тұрғын үй көмегі тағайындалсын
ТЕГІ _______________________________________________
АТЫ ________________________________________________
ӘКЕСІНІҢ АТЫ _______________________________________
отбасы мүшелерінің саны ____________________________
____________________________________________________
Туған датасы __________________ жынысы _____________
(күні,айы,жылы) (әйел, еркек)
Тұрғылықты мекен-жайы (нақты) ______________________
Жекебас куәлігі № ______ «___» ___________ _________
Кім берген _________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) _______________
Өтініш берген датасы: ______ _______ _______ _______
«__» ______ 2009 жылдан бастап «__» _______ 2009 жыл
аралығында төленуге жататын тұрғын үй көмегінің
көлемінің сомасы ____________________________________
(санмен және жазбаша көрсетілген сома)
Төленген жәрдемақы сомасы ______________________
Төленген датасы ________________________________
2. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылсын _____
______________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
______________________________________________________
______________________________________________________
М.О. ЖҚжӘББ басшысы Бектембаева Ф.Ф
(Т.А.Ә.)
ЖҚжӘББ маманы ______________
(Т.А.Ә.)