Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңының 14 бабы 4 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 35 бабы 2 тармағы, 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 3 “Бородулиха селолық округінің орталығы Бородулиха ауылының Крупская көшесіне Тәуелсіздік, Ленин көшесіне Достық, Киров көшесіне Бірлік, ал Коммунистическая көшесіне Кеңес Одағының батыры Ф. Я. Серединнің атын (қайта атау) беру туралы” аудандық ономастикалық комиссия шешімі негізінде, халықтың пікірін ескере отырып, Бородулиха селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бородулиха ауылының көшелерінің атауы өзгертілсін:
Крупская көшесі - Тәуелсіздік көшесіне;
Ленин көшесі – Достық көшесіне;
Киров көшесі - Бірлік көшесіне;
Коммунистическая көшесі - Ф. Середин көшесіне.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Бородулиха селолық округінің әкімінің 2010.01.21 N 1 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз).
2. Шешімнің орындалуын бақылауды Бородулиха селолық округі әкімінің орынбасары М. Ш. Досмағамбетоваға жүктелсін.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К. Бичуинов |