Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда № 5-9-99 тіркелді. Күші жойылды - Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты (Глубокое ауданы әкімінің аппаратының 2009.04.13 № 1388-02-11 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды – қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты (Глубокое ауданы әкімінің аппаратының 13.04.2009 № 1388-02-11 хаты).
      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-II Заңының 17-бабына, "Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 Заңының 18-бабына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскери шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бап 1-тармақ 8) тармақшасын басшылыққа алып, Глубокое ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туған еркек жынысты, жасы 17-ге толған азаматтарды "Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ шақыру учаскесінде тіркеу жүргізсін.
      2. "Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ бастығы Т.М. Сарсенбинге ұсынсын (келісім бойынша): "Глубокое аудандық білім беру бөлімі" ММ бастығына, "Глубокое аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі" ММ бастығымен бірге әскери-оқу мекемелеріне кандидаттарды іріктеуді, кандидаттардың пәндер бойынша білім денгейін, кіру емтихандарына төзімділігін, дене дайындықтарын алдын ала тексерсін.
      3. Жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызметке дайындау бойынша шаралар жоспары, 1992 жылы туылған азаматтардың медициналық комииссияға келуі бекітілсін.
      4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне:
      1) 1992 жылы туылған азаматтардың бекітілген кестелерге сәйкес ұйымдастырылған мерзімді және уақытында келуін қамтамасыз етсін;
      2) тіркеу барысында айқындалған науқас шақырылушылардың емделуін, жастарды әскерге шақыруға дайындау үшін бақылауды күшейтсін.
      5. "Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ әскери қызметке шақыру пунктіне тіркеу жасындағы адамдардың тіркеуден өтуіне мерзімді уақытында меншік түріне қарамастан шаруа қожалықтары басшылары, мекеме, ұйым, кәсіпорын басшыларының, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерінің көмек көрсетулері ұсынсын.
      6. "Глубокое аудандық ішкі істер бөлімі" ММ бастығы Р.Т.Рамазановқа ұсынсын (келісім бойынша)
      1) тіркеу уақытында әскерге шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуді, сондай-ақ әскери қызметтен бас тартқан азаматтарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізу үшін "Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ, кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне көмек көрсетсін;
      2) келісілген кесте бойынша 1992 жылы туылған азаматтарды тіркеуден өткізуге учаскелік полиция инспекторымен жеткізуін қамтамасыз етсін.
      7. Глубокое ауданының "Медициналық бірлестігі" КМҚК директоры М.С.Ластаевқа ұсынсын (келісім бойынша)
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылдың 16 наурызындағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылдың 4 наурызындағы № 100 "Қазақстан Республикасының әскери құрылымдары, және басқа да Қарулы Күштер әскерлерін әскери-дәрігерлік сараптау ережесін бекіту туралы" бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес, медициналық комиссияны білікті маман-дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;
      2) әскерге шақырылушылардың тексеруден өтуі және емделуі үшін қажетті мөлшерде төсек-орын бөлінсін. Шақырылушылардың стационарлық жағдайда емделуіне кеткен шығын өтем ақысы мемлекеттік тапсырыс ұсынылған тізімі бойынша жүргізілсін;
      3) электрокордиограмма және қажетті анализдерді тапсыруын, флюорографиялық тексерілуін қамтамасыз етсін. "Глубокое аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" ММ шақыру пунктінде тіркеу құрамының электрокордиологиялық тексеруден өтуін, флюорографиялық тексеруден сол күні өткізілсін. Тексеру үшін қажетті мөлшерде медициналық қызметкерлер бөлінсін.
      4) "Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ шақыру пунктінде келісілген кесте бойынша медициналық комиссия өткізілсін. Шақыру пунктіне шақырылушылар жеткізілмеген жағдайда (сәтсіз ауа-райы, көліктің болмауы) резерв күндері қарастырылсын.
      8. "Глубокое білім беру бөлімі" ММ бастығы М.Ж.Асамбаевқа:
      1) 1992 жылы туылған оқымайтын жасөспірімдер туралы ақпаратты "Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" ММ ұсынсын.
      2) жалпы білім беру және кәсіби мектептерде оқитын жасөспірімдерді алып бару үшін алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалімдер бөлінсін.
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қызметіне жасөспірімдерді дайындауда, жалпы білім беру және кәсіби мектептерге тәжірибелік көмек көрсетілсін. Қысқы оқу барысында шақырылушылардың әрқайсысының дене дайынындығынан тесттен өтуіне қол жеткізсін.
      4) тіркеу барысында ауданның оқу мекемелерінде патриоттық және тәрбиелік шаралары жүргізілсін.
      9. "Глубокое ауданының "қаржы бөлімі" ММ бастығы К.С.Кәрібаевқа:
      2009 жылға арналған аудандық бюджетте белгіленген көлемдегі қаржыландыру уақытында жүргізілсін.
      10. 1992 жылы туылған азаматтардың шақырылуын өткізу үшін келесі құрамда комиссия тағайындалсын:

Сарсенбин Талғат Маратович
- комиссия төрағасы, "Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ бастығы (келісім бойынша);
Пекур Мария Яковлевна
- комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары.
Комиссия Мүшелері:
 
Айткулов Бауржан Темирбаевич
– "Глубокое аудандық ішкі істер бөлімі" ММ қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша);
Абдрахманова Валентина Кабыкеновна
- "Медициналық бірлестігі" КМҚК емхана жұмысы бойынша директордың орынбасары (келісім бойынша);
Спиридонова Любовь Петровна
– мейірбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      
      Аудандық мәслихат сессиясына комиссия құрамы бекітуге ұсынылсын.
      11. "Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туылған азаматтарды тіркеу туралы" Глубокое аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 1312 қаулысы, (2009 жылғы 4 ақпандағы № 5-9-98 нормативтік құқықтық актісін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, аудандық "Огни Прииртышья" газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп саналсын.
      12. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Я. Пекурге жүктелсін.
      13. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Глубокое ауданының әкімі В.Кошелев

  Глубокое ауданы әкімінің
"13" ақпандағы 2009 ж.
№ 1 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

      Жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызмет етуге дайындау жөніндегі шаралардың
ЖОСПАРЫ


Аты
Орындау уақыты
Орындалуына жауапты адамдар
1
1992 жылы туылған жасөспірімдерді шақыру учаскесіне тіркеу туралы және оларды әскери қызметке дайындау жөніндегі міндеттері туралы аудандық әкімге баяндау
2009 жылдың 15 сәуіріне дейін
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (келісім бойынша)
2
Тіркелген жасөспірімдерге "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, оларға қатысты бөлігін оқыту
тіркеу барысында
әскерлерді жасақтау және әскерге шақыру бөлімше бастығы (келісім бойынша)
3
Тіркелгендер ішінен орта білімі және еш жерде оқымайтындарын анықтау
тіркеу барысында
Әскерден тыс және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
4
Мед. анықтау барысында емделуді және бақылауды қажет ететін адамдарды анықтап, оларға емделу туралы нұсқау беру
тіркеу барысында
әскерлерді жасақтау жғне әскерге шақыру бөлімше бастығы (келісім бойынша)
5
Емделуді және бақылауды қажет ететін жасөспірім дерді есепке алу журналында екі тізім бойынша есепке алу Жасөспірімдердің емдеу мекемелеріне баруының қажеттілігі туралы оқу мекемелері мен кәсіпорындарының бастықтарына хабарлау және тізім көшірмелерін жасөспірімдер кабинетіне жіберу.
бескүндік мерзімде
әскерлерді жасақтау және әскерге шақыру бөлімше бастығы (келісім бойынша)
6
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім офицерлеріне нақты бір мерзімде жасөспірімдердің тізімін жасап және шақырылушыларды танып білу жоспарын құрасын
2009 жылдың 15 сәуіріне дейін
әскерлерді жасақтау және әскерге шақыру бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
7
Сержанттарды дайындау үшін кандидаттардың кәсіби-психологиялық іріктеуін өткізу.
2009 жылдың 15 сәуіріне дейін
Кәсіби іріктеу тобы (келісім бойынша)

      "Глубокое аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" ММ бастығы
      подполковник Т.Сарсенбин

      

  Глубокое аудандық әкімдіктің
2009 жылғы "13" ақпандағы 2009 ж.
№ 1 шешімімен бекітілген

1992 жылдары туған азаматтардың медициналық комиссиядан өту
КЕСТЕСІ

№ п/п
Кенттік, ауылдық округтердің, елді мекендердің атауы
 
Жалпы саны
02.02.
03.02.
04.02.
05.02.
06.02.
09.02.
10.02.
12.02
25.02
12.03
1.
Алтайский кенті
8
8
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.
Белоусовка кенті
33
 
 
 
 
33
 
 
 
 
 
3.
Белокаменка ауылы
1
 
 
 
 
1
 
 
 
 
 
4.
Бобровка ауылдық округі
20
 
 
 
20
 
 
 
 
 
 
5.
Веселов ауылдық округі
10
10
 
 
 
 
 
 
 
 
 
6.
Верхберезовка кенті
21
21
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7.
Глубокое кенті
30
 
 
 
 
 
30
 
 
 
 
8.
Калинин ауылдық округі
6
 
6
 
 
 
 
 
 
 
 
9.
Киров ауылдық округі
45
 
 
45
 
 
 
 
 
 
 
10.
Кожохово ауылдық округі
23
9
 
 
 
14
 
 
 
 
 
11.
Краснояр ауылдық округі
28
 
28
 
 
 
 
 
 
 
 
12.
Куйбышев ауылдық округі
13
 
 
 
 
 
13
 
 
 
 
13.
Малоубинка ауылдық округі
11
 
 
 
 
 
11
 
 
 
 
14.
Опытное поле ауылдық округі
28
 
 
 
 
 
 
28
 
 
 
15.
Секисовка ауылдық округі
13
 
 
 
 
 
13
 
 
 
 
16.
Ушанов
18
 
18
 
 
 
 
 
 
 
 
17.
Фрунзе
31
 
 
 
31
 
 
 
 
 
 
18.
Черемшанка
19
 
 
 
 
 
 
19
 
 
 
 
БАРЛЫҒЫ:
358
48
52
45
51
48
67
47
 
 
 

      
      "Глубокое аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" ММ бастығы
      подполковник Т.Сарсенбин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады