Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - (Жарма ауданы әкімдігінің 2010.03.02 № 425 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына және 7 бабының 4), 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп жүрген мақсатты топтағы халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша іс-шараларын белгілеу мақсатында, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің тізбесі бекітілсін (Қосымшаға сәйкес).
2. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (А. Өмірзақов) халықтың мақсатты тобынан әлеуметтік жұмысқа орналастыру үшін ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздарды іріктеуді қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Д. Мусин
Жарма ауданы әкімдігінің
06 сәуір 2009. № 100
қаулысына қосымша
2009 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына
құратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
№ |
Жұмыс беру орындары |
Саны |
1 |
«Шар көлігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
2 |
2 |
Жеке кәсіпкер «Жолумбетова М.М.» |
2 |
3 |
«Серт» шаруа қожалығы |
2 |
4 |
«Әділ» шаруа қожалығы |
3 |
5 |
«Горводхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын |
1 |
6 |
Жеке кәсіпкер «Ауытканова С.Б.» |
1 |
7 |
«Еңбек» шаруа қожалығы |
4 |
Барлығы |
16 |