Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2012.04.20 N 90 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабының 2-тармағы 3)тармақшасын, 16-бабын, 29-бабының 6-тармағын, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңының 11-бабының 1-тармағын орындау және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының, 14) тармақшасына сәйкес мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуға көмек беру мақсатында Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығы бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
2. Материалдық қамсыздандыру ай сайын 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып төленсін.
3. Аумақтық бірлік әкімдері нұсқаулыққа сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмектің тағайындалуын және төлеуін қамтамасыз етсін.
4. Жарма ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы № 94 қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылы 24 наурыз айында № 5-10-26 болып тіркелген) күші жойылды деп есептелсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі Т. Қасымжанов
Жарма ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 4 тамыздағы № 244
қаулысына қосымша
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 11-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, 16-бабына, 29-бабының 6-тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңының 11-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының, 14) тармақшасына сәйкес мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуға көмек беру мақсатында сәйкес әзірленді.
2. Тағайындау
2. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреунің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органмен (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі.
3. Өтінішке облыстық білім департаменті жанындағы Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия беретін, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқутыдың қажеттілігі туралы анықтама қоса беріледі.
4. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады.
5. Материалдық көмектің тағайындау мен төлемнің тоқталуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаған кезде (бала өлімі, интернат-үйіне жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б.), көмектің тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
6. Материалдық көмек алушылар, көмек алу құқығына әсерін тигізетін барлық өзгерістер жөнінде тиісті уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
7. Болған өзгерістер туралы мәліметтер бермеген жағдайда, алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.
8. Тиісті уәкілетті орган, түскен күннен бастап материалдық көмек тағайындау жөніндегі барлық қажетті құжаттармен бірге өтінішті, 10 күн мерзімінде қарайды.
9. Тиісті уәкілетті орган, материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда, қабылданбаған себептері мен шағымдану тәртібі көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтарып береді.
10. Уәкілетті органның шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін.
11. Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш, сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.
12. Материалдық көмектің мөлшері балалар интернат-үйіндегі мүгедек балаларды ұстау бағасы мөлшерінде тиісті жылға белгіленеді.
3. Төлеу
13. Материалдық көмектің төлемі өткен айға жүргізіледі.