Жарма, Суықбұлақ кенттерінің шектерін өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 308 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қазандағы N 15/5-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қарашада N 5-10-88 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 «Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің» 108 бабы 5-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төменде аталған елді мекендердің шектері жобалардың сызбаларына сәйкес, босалқы жер қорынан жер телімдерін қосу арқылы өзгертілсін, соның ішінде:
      Жарма кентінің шегіне босалқы жер қорынан жалпы алаңы 13505,19 га жерлер қосылып, жалпы көлемі 19159,53 га болып бекітілсін.
      Суықбұлақ кентінің шегіне босалқы жер қорынан жалпы алаңы 11339,65 га жерлер қосылып, жалпы көлемі 15056,52 га болып бекітілсін.
      2. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы     Б. Төлеутаев

Аудан әкімінің
міндетін атқарушы    Ә. Рахымбаев

Мәслихат хатшысы   Д. Садықов


 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады