Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімінің 2009.12.15 N 27 шешімімен.
Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 17 бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ШЕШТІ:
1. Зырян ауданы Қорғаныс Істер жөніндегі Біріккен Бөлімі (С.Б. Шестак, келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын шақыру уческесіне тіркеу 2009 жылдың 12 қаңтарынан 31 наурызына дейін жүргізуге ұсыныс берсін. Тіркелген азаматтардың, әскери қызметке дайындығының деңгейі белгіленсін, жалпы білім беру деңгейі, алған мамандықтары және дене шынықтыру даярлығының деңгейі анықталсын.
2. Тіркеу үшін келесі құрамда комиссия бекітілсін:
Зырян ауданы Қорғаныс Істер жөніндегі Біріккен Бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы |
- Шестак Сергей Борисович (келісім бойынша) |
Зырян ауданы әкімі орынбасарының – міндетін атқарушы комиссия төрағасының орынбасары |
- Нұрбаев Ерлан Мағзұммадиевич |
Комиссия мүшелері: |
|
Зырян аудандық қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары |
- Тоқпаев Серікқан Орыспайұлы келісім бойынша) |
Дәрігер, дәрігерлік комиссияның төрағасы |
- Нағыбаев Ермек Дүсіпханұлы (келісім бойынша) |
Зырян ауданы ШҚО әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы «№ 1 медициналық бірлестік» ҚМҚМ медбикесі, комиссия хатшысы |
- Туманова Елена Олеговна (келісім бойынша) |
3. Азаматтарға дәрігерлік куәландыру:
Зырян қаласында - Зырян ауданы Қорғаныс Істер жөніндегі Біріккен бөлім базасында;
Серебрянск қаласында - «Серебрянск қалалық ауруханасы» коммуналдық қазыналық кәсіпорын базасында;
Жаңа Бұқтырма кентінде - отбасылық дәрігерлік амбулатория базасында жүргізілсін.
4. Емдеу мекемелерінің бас дәрігерлеріне ұсыныс берілсін: С.Л Зайцев (Зырян ауданы ШҚО әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы «№ 1 медициналық бірлестік» ҚМҚМ), Ю.В. Долгов (психоневрологиялық диспансері) О.Г. Шатковский (Зырян ауданы ШҚО әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы «№ 2 медициналық бірлестік» ҚМҚМ) әскери – шақыру комиссиясының жұмысы үшін келесі мамандарды жіберсін:
Дәрігерлік комиссиясының төрағасы - Нағибаев Ермек Дюсюпханович (келісім бойынша),
негізгі құрам:
Кантолинская Надежда Александровна - жасөспірімдердің дәрігері
Ахметзакиров Ринат Рафисович - хирург
Лутай Клавдия Леонидовна - терапевт
Кодяков Андрей Анатольевич - офтальмолог
Чикинеева Татьяна Владимировна - психиатр
Радичев Валерий Геннадьевич - оториноларинголог
Оспанова Назигуль Бапановна - дерматолог
Казина Елена Григорьевна - невропатолог
Асаинов Медет Ермекович - стоматолог
Рымжанов Нұртас Аржанұлы - рентгенолог
Туманова Елена Олеговна - медициналық бике
Косорукова Татьяна Викторовна - медициналық бике
Привалихин Ольга Петровна - медициналық бике
Култаева Татьяна Афанасьевна - медициналық бике.
5. Емдеу мекемелерінің бас дәрігерлеріне ұсыныс берілсін: С.Л. Зайцев ((Зырян ауданы ШҚО әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы «№ 1 медициналық бірлестік» ҚМҚМ), О.Г. Шатковский (Зырян ауданы ШҚО әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы «№ 1 медициналық бірлестік» ҚМҚМ), Ю.В. Долгов (психоневрологиялық диспансері), Д.Д. Садвоқасов (Серебрянка қалалық ауруханасы) Л.А. Желтуха (Жаңа – Бұқтырма жанұялық дәрігерлік амбулатория), әскер қатарына шақырылғандарды стационарлық және емханалық жағдайда толық тексеруден өтулерімен қамтамасыз етсін.
Келісім - шарт негізінде «Медициналық орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорын стационарлардағы көрсетілген орындарды бөлсін:
терапевтік бөлім - 20
травматологиялық бөлім - 15
хирургиялық бөлім - 15
психоневрологиялық диспансер - 10
тері–неврологиялық диспансер - 5.
6. Зырян аудандық және Зырян қалалық мемлекеттік дәрігерлік мекемелерінде, параклиникалық тексеру келісім–шарттың негізінде жүргізілсін.
7. Тіркеу аяқталған соң № 1 және № 2 тізім бойынша әскерге шақырылушыларды емдеуге дәрігер – мамандар тағайындалсын№ Әскерге шақырылушыларға жұмсалған дәрігерлік көмек шығымдары жергілікті бюджет есебінен алынсын.
Өткізілетін тексеру мен емделулердің сапасына және толықтығына жауапкершілік мекеменің бас дәрігерлеріне жүктелсін.
8. Медициналық комиссияны қаржыландыру, әскер қатарына шақырылатындарды және әскери оқк орындарына түсетін үміткерлерді тексеру жылдық бөлшектік қаржыландыру жоспарына сәйкес Зырян ауданының бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
9. Әскери – тіркеу үстелінің мамандары, мектеп директорлары, училищенің алғашқы әскери – дайындығын ұйымдастырушы – мұғалімдері, кадр бөлімінің инспекторлары бозбалалардың тіркеу комиссиясына өз уақытында құлақтандыруын және келу уақытын анықтауды қамтамасыз етсін.
Бозбалаларды комиссияға:
ауылдық жерлерден-мектептің, училищенің алғашқы әскери дайындығын ұйымдастырушы – мұғалімдер, әскери – тіркеу үстелінің мамандары;
қаладан - мектептің, училищенің алғашқы әскери дайындығын ұйымдастырушы - мұғалімдер, мамандар, кадр бөлімдері алып барсын.
10. Тіркеу комиссиясынан бас тартқан бозбалаларды іздеу және жеткізу Зырян ҚАІІБ бастығы Ә.Қ. Уәлиев (келісім бойынша) осы мақстапен іздеу тобын құруға, оған учаскелердің инспекторлары енгізуге ұсыныс берсін.
11. Зырян ауданы Қорғаныс Істер жөніндегі Біріккен бөлімінің бастығы С. Б. Шестак (келісім бойынша) Зырян қаласы Зырян аудананың білім беру бөлімінің бастығы С. С. Винивитинмен бірлесе отырып, тіркеу барысында, әскери – оқу орындарына түспекші болған үміткерлерді іріктеу мен медициналық тексеру жүргізуге ұсыныс берсін.
12. Зырян ауданы Қорғаныс Істер жөніндегі Біріккен Бөлімнің бастығы С.Б. Шестак (келісім бойынша) әскери түрі бойынша шақыру қорын кәсіби іріктеу және орынды тарату үшін топ құруға ұсыныс берсін.
13. Шешімнің орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Е.М. Нұрбаевқа жүктелсін.
14. Шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
15. Шешім 2009 жылдың 14 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі В. Якупов