"Үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 16 ақпандағы № 2155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 09 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 01 шілдеде N 5-12-87 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 1395 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2012.09.11 № 1395 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талабына сәйкес келтіру мақсатында, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕД1:
      1. 2006 жылғы 2 наурызда әділет органында тіркелген, 2006 жылғы 11 наурызда № 10 «Заря Востока» газетінде жарияланған, «Үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы» Зырян ауданы - Зырян қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 ақпандағы № 2155 қаулысының атауына және барлық мәтінге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      «Зырян қаласы» сөзі алынып тасталсын;
      «Ереже» сөзі «Нұсқама» сөзіне ауыстырылсын;
      Ережедегі 2, 3 тараудың атауындағы «Тәртіп» сөзі «Шарт» сөзіне ауыстырылсын;
      2 тараудың бірінші абзацындағы «қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен» cөзі «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (ары қарай - Бөлім) сөзіне ауыстырылсын;
      2 тараудың соңғы абзацындағы «мүгедек балалар» сөзі «6ip мүгедек бала» сөзіне ауыстырылсын;
      3 тараудың бірінші абзацындағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Бөлім әр айдың 20-на дейін қажеттілік тапсырысын «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұсынады»;
      3 тараудың үшінші абзацындағы «қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен» cөзі «Бөлімімен» сөзіне ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
      З. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.
 

      Зырян ауданының әкімі               Р. Мусин
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады