Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 16.03.2015 N 22-10 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV кодексінің 378, 379, 381, 383, 387-бабының 1 тармағының және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ шешімі негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1-11 аймақтардағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға өсірілсін.
2. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1-11 аймақтардағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары 20 пайызға өсірілсін.
3. Елді мекендердің 1-11 аймақтардағы жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскесін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға өсірілсін.
4. Елді мекендерден тыс орналасқан 1-11 аймақтардағы өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкаланы 50 пайызға өсірілсін.
5. Күршім аудандық мәслихатының 2003 жылғы 30 маусымдағы "Жер салығының негізгі мөлшерін түзету туралы" (Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 шілдеде № 1320 болып тіркелген, аудандық "Рауан" газетінің 2003 жылғы 26 шілдедігі № 30 санында жарияланған) № 22-6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Б. Анапиев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Әбілмәжінов |