Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 1223 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 шілдеде N 5-14-85 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Күршім ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 мамырдағы N 1643 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Күршім ауданы әкімдігінің 2010.05.12 N 1643 (қолданысқа енгізілу тәртібін 12-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5-4) тармағына, 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасының, 37 бабының 8 тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақсатты топтардан азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады (бұдан әрі – жұмыс беруші).
      4. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммен келісім шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі.
      5. «Жол картасы» шеңберінде нысаналы топтардан азаматтардың еңбек ақы төлемі айына 30,0 мың теңгеден кем болмауы тиіс; 15,0 мың теңге республикалық бюджет қаражатынан және жұмыс беруші есебінен 15,0 мың теңге.
      6. Жұмыс шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан, нысаналы топтағы азамат пен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартымен белгіленеді.
      7. Жұмыс берушілердің тапсырыстарын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Т. Мысаев) қабылдауды ұйымдастырсын. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу кезектілік тәртібімен және мүмкіндігінше ресми ұсыныс түскен жағдайда жасалынады.
      8. Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы «Жастар іс-тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтары туралы» № 1188 қаулысы жойылды деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.
      10. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі                   А. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады