Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 23 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 мамырда N 5-15-51 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012.04.16 N 143 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               Д. Мусин

Көкпекті ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 20 сәуірдегі № 23
қаулысымен бекітілген 

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді
тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулық

      1. Нұсқаулық 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Нұсқаулықтың әрекеті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін қатынастарға таралмайды.

1. Жалпы ережелер

      3. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі - Әлеуметтік төлем) ақшалай төлем түрінде көрсетіледі. Әлеуметтік төлемді көрсету, мөлшері және түрлері осы нұсқаулықпен белгіленеді.
      4. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, Көкпекті ауданында тіркелген, тұратын оралмандарға ұсынылады.
      5. Әлеуметтік төлемді қаржыландыру көзі Көкпекті ауданының бюджеті болып табылады.
      6. Әлеуметтік төлем «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жегелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламаға (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес ұсынылады және әлеуметтік төлемнің әкімгері «Көкпекті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі - Әкімгер) болып табылады және осы жылы мақсатқа сәйкес аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде ұсынылады.

2. Әлеуметтік төлемді алу құқығы

      7. Біржолғы әлеуметтік төлем құқығы:
      1) Өткен тоқсан қорытындысы бойынша анықталатын отбасының бір мүшесіне бөлгенде күн көріс деңгейінен төмен табысы бар тұрмысы төмен отбасылар (азаматтар);
      2) Жедел әлеуметтік көмекке мұқтаж (комиссия шешімімен анықталған онкологиялық, туберкулезді науқастарды емдеуге; операциялар жасау қажеттілігі; Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитальға жатқызуға жол ақысына; өрт; денсаулығының нашарлануы; бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығу; апаттар; су тасқыны және басқа да тосын жағдайлар) белгілі жағдайларға тап болған тұлғалар (отбасылар), сондай-ақ жан басына шаққандағы табысына қатысы жоқ, мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттары.
      3)Тұрмысы төмен отбасылары мал шаруашылығын дамыту және көкөніс бригадаларын құру үшін;
      4) ауылды жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жоғары оқу орнын бітірген жас мамандар (мұғалімдер мен дәрігерлер);
      8. Коммуналдық қызметтің шығындар өтемақысына ай сайынғы әлеуметтік төлемге Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлер құқылы.

3. Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы
әлеуметтік төлемдер тағайындау

      9. Әлеуметтік төлем отбасының бір мүшесіне (азаматқа), жазбаша өтініш бойынша жылына бір рет материалдық көмек түрінде ұсынылады.
      10. Біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері әрбір нақты жағдайда аудандық комиссияның шешімі бойынша белгіленеді, ол 200000 (екі жүз мың) теңгеден аспайды.
      11. Аудандық комиссия материалдық көмекті бөлу немесе бас тарту туралы шешім шығаруға құқылы. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша өтінушіге жазбаша жауап беріледі.
      Азаматтардың өтініштері аудандық комиссия отырысына келесі құжаттарды ұсынған кезінде қаралады: өтінушінің жеке куәлік көшірмесі, өтінушінің тұрғылықты жерін және отбасы құрамын растайтын құжат көшірмесі, СТН көшірмесі, өтінуші тұратын аумақтағы округ әкімдігінің өкілі жазып, округ әкімі бекіткен тұрғын үй –тұрмыстық жағдайын тексеру актісі; өтінушінің материалдық көмекке мұқтаждығын растайтын басқа да құжаттар (емдеу, операция құны, медициналық тексеру және т.б. туралы медициналық мекеменің қорытындысы).
      Әлеуметтік төлемдерді бағдарлама әкімгері агенттік келісім негізінде «Қазпочта» АҚ филиалына тағайындалған соманы аудару жолымен жүргізеді.
      12. Мерекелік күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік төлемдер азаматтардың келесі санаттарына ұсынылады:
      1) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер –10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      2) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлері, осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      3) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында хабарсыз жоғалған, қайтыс болған, опат болған жауынгерлердің жесірлері, осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      4) «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары бар көп балалы аналар (отбасылар) - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      5) Мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жұмыскерлердің үйде қызмет көрсетуі үшін есепте тұрған балалары бар отбасылар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      6) Мемлекеттің толық қарауындағы тұлғалардан басқа, төлем кезінде 80-ге одан да көп жасқа толған қарт адамдар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуші отбасылар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      7) Мемлекеттің толық қарауындағы тұлғалардан басқа, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері, осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      8) Мүгедек балалар (16 жасқа дейінгі) - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      9) Ақталғандар, осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      10) Коммуналдық қызметтің шығындар өтемақысына әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге өтініш пен келесі құжаттарды берген айдан бастап жүзеге асырылады: жеке куәлік көшірмесі, дербес зейнеткер куәлігінің, не дербес зейнетақы тағайындау хаттамасының көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжат көшірмесі – төлем мөлшері 2000 (екі мың) теңгені құрайды;
      11) «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағы берілген, Көкпекті ауданының аумағында тұратын тұлғалар – 5 АЕК-ке дейін;
      12) Ауғаныстаннан кеңес әскерлерінің шектеулі құрамын шығару күніне; Ауғаныстандағы соғысқа қатсықандар мен мүгедектерге, Ауғаныстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза болған (хабарсыз кеткен) немесе жарақат, контузия, зақымдану, ауру салдарынан қайтыс болған әскерилердің отбасына - 5 АЕК-ке дейін;
      13) Чернобль атом электростанциясындағы апат кезінде құрбан болғандарды еске алу күніне: Чернобль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысқан тұлғаларға - 5 АЕК-ке дейін;
      14) ауылдық округтер әкімдерінің ұсынуымен мерекелік және атаулы күндерге арналған аудан әкімінің қабылдауына шақырылған тұлғалар - әрбіреуіне 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      15) Қарттар күніне Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және ардагерлер активтеріне «Рудный алтай», «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Дидар» және ауаудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» гезеттеріне жазылуды ресімдеуге – жазылу кезеңінде мерзімдік басылымға жазылу мөлшерінде бір жылға.
      Аудандық ардагерлер Кеңесі Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердің және ардагерлер активтерінің аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымының қолы қойылған тізімдерін Әкімгерге ұсынады. Ұсынылған тізімге сәйкес жазылу басылымдарын ресімдеуге әлеуметтік көмек тағайындалады.
      Әлеуметтік төлеміне тізімдерді жинақтау зейнетақы төлемі жөніндегі Мемлекеттік орталық филиалының ұсынған төлем сәтіндегі зейнетақы алушылар базасы бойынша жүргізіледі.

5. Әлеуметтік төлемдердің жүргізілуіне бақылау жасау

      15. Әлеуметтік төлемдерді көрсету жөніндегі бақылау мен есеп беру Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес жүзеге асады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады