Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Көкпекті ауданы әкімдігінің 2010.06.07 N 659 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 5, 7, 9 бабтарына, Казақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асырудың шаралары туралы» № 836 қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын қорғаудың қосымша шараларын қолдану мақсатында Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) алынып тасталды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009.08.27 № 297 қаулысымен.
2) Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық (№ 2 қосымша);
3) Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөніндегі нұсқаулық (№ 3 қосымша).
2. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Д. Мусин
№ 1 қосымша
Көкпекті ауданы әкімдігінінің
2009 жылғы 23 сәуірдегі № 31
қаулысымен бекітілген
Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009.08.27 № 297 қаулысымен.
1. "Жастар іс тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық
1) «Жастар іс тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және олардың тәжірибе, білім, дағды алу мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында әзірленді.
2) Осы нұсқаулық «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 4, 5, 7, 9, 12 баптарына сәйкес әзірленді.
3) Нұсқаулық жұмыспен қамту бөлімінде тіркелуде тұрған бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастардың бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы, жұмысқа орналасуы және еңбек рыногіндағы бәсекелестік қабілеттілігін арттырудың мүмкіндіктерін құру бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бағыттарының бірін айқындайды.
«Жастар іс тәжірибесі» меншік нысанына тәуелсіз мекемелерде, кәсіпорындарда (одан әрі «Жұмыс беруші» аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жұмыс берушімен» келісім шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
4) «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс тәжірибесіне» жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыздардың санын белгілейді.
2. «Жастар іс тәжірибесін» ұйымдастыру
1) «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» аудандағы аумақтық еңбек рыногіндегі жастардың жұмыспен қамтылу жағдайдын талдау негізінде «Жастар іс тәжірибесін» өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдағанда келесі критерийлер есепке алынады:
- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген оқу орындарын бітірген жұмыссыздар санының жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
- жастар арасында ұзақ уақыт жұмыс істемеген бітірушілер санының өсуі;
- бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірушілердің жұмысқа орналасуда мүмкіншілігін төмендететін еңбек стажының, алған мамандығы бойынша дағдысының жоқтығы.
2) «Жастар іс тәжірибесін» өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, өндірісін одан әрі дамыту мен кеңейтуде келешегі бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушыларға потенциалды жұмыс бере алатын мекемелер жөнінде ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді.
Онымен қоса «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы «Жастар іс тәжірибесін» өткізудің жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.
3) Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде «Жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі» оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды «Жастар іс тәжірибесіне» қатыстыру үшін іріктейді. Іріктеу критерийлері:
- жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміңін» есепте тұрады;
- іріктеп алу мерзімінде қатысушыларға қолайлы жұмыстың болмағаны;
- жасы 24 жасқа дейін.
«Жастар іс тәжірибесіне» жұмыссыздардың келісімімен 6 айға дейін жіберіледі.
4) «Жастар іс тәжірибесін» өткізуді «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» атқарушы өкіметтің жергілікті органдарымен, жастар істері жөніндегі мамандарымен және жастарды жұмысқа орналастыруға әуестенген басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
5) Жұмыссыз оқу орнын бітірушіні уақытша жұмысқа алуға келісім берген мекемемен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» келісім шарт жасайды.
Келісім шарт жұмысқа алынатын азаматтар санын, «Жұмыс берушінің» жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімін, «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушылардың мамандыққа сәйкес кәсіби білімі мен дағды алу міндетін қамтамасыз етуді қарайды.
6) Отырған келісім шартқа сәйкес «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс тәжірибесі» белгісі бар жолдамасымен жұмыссызды мекемеге жібереді. Жұмыссызды белгілі жұмыс орынына алу жөніндегі шешімді «Жұмыс беруші» қабылдайды. «Жұмыс беруші» жолдаманың үзінді талонын толтырып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен жайына жібереді.
7) Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда «Жұмыс беруші» Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім шартқа (контрактқа) отырады. Жастар ісі тәжірибесінің басталуының алдында жұмыс беруші жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге руқсат беру үшін міндетті түрде қосымша курстық даярлықтан өткізеді.
8) «Жұмыс беруші» жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» жұмысқа қабылдаған мерзімінен бастап 3 күннен асырмай еңбек контрактысының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
9) «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушы еңбек тәртібін бұзған жағдайда «Жұмыс беруші» бір жақтық тәртіпте келісім шартты бұзуға құқылы.
10) «Жұмыс берушінің» ықыласымен жұмыссызбен келісім шарт бұзылғанда жұмыс беруші «Жастар іс тәжірибесінің» аяқталғаны және «Жастар іс тәжірибесі» қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күннің ішінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» ақпарат береді.
Мекемеден жұмыстан босату Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Жұмыссыз «Жастар іс тәжірибесіне» қатысуының тоқтатылуы жөнінде «Жұмыс берушіні» және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» 3 күн ішінде хабарлайды.
11) Келісім шарттың мерзімі өткеннен кейін «Жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» азаматтың еңбек келісім шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
12) «Жұмыс берушінің» шешімі бойынша жұмыссыз «Жастар іс тәжірибесін» өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Онда «Жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушының еңбек келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
13) «Жұмыс беруші» келісім шарт мерзімінің аяқталуына байланысты қатысушының «Жастар іс тәжірибесін» өткені туралы мінездеме ұсынады.
14) Жұмыссыз «Жастар іс тәжірибесінің» аяқталуынан кейін ұсынылған немесе басқа мекемеге тұрақты жұмысқа орналастырылмаған жағдайда жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» есепте тұруын жалғастырады.
3. «Жастар іс тәжірибесінің» қаржылануы
1) «Жастар іс тәжірибесінің» қаржылануы жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалуына бекітілген шығындар сметасына сәйкес ауданның бюджеті есебінен жүргізіледі.
2) Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламаларында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаражаттар есебінен жүргізіледі.
3) «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:
- толық айға бастауыш және орта кәсіби білім оқу орындарын бітіргендерге 1,2 жалақының ең төменгі мөлшері
- толық айға жоғары оқу орындарын бітіргендерге 1,5 жалақының ең төменгі мөлшері.
4) «Жұмыс беруші» «Жастар іс тәжірибесінің» қатысушысына өз есебінен қосымша төлем жасай алады.
5) «Жастар іс тәжірибесі» қатысушыларының еңбек төлемі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен» олардың жеке шоттарына есептеу жолымен жүргізіледі.
6) «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақы әрекеттегі салық заңнамаларына сәйкес салық салынады.
№ 2 қосымша
Көкпекті ауданы әкімдігінінің
2009 жылғы 23 сәуірдегі № 31
қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыру жөніндегі
нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық халықтың нысаналы тобынан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруды белгілейді, негізгі жағдайларды реттейді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен есеп жүйесін реттейді.
2. Осы нұсқаулық 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес әзірленді.
3. Әлеуметтік жұмыс орны бар кәсібі мен мамандығына сәйкес және облыс бюджет есебінен алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды жартылай өтеумен халықтың нысаналы тобынан шыққан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің хаттай рұқсатымен ұсынылған жұмыс орны.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнеттік қамту және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу және ұйымдастыру
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылануы өз қаражатынан және осы жұмыс орынына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысына шыққан шығынды облыс бюджетінен жартылай өтеуімен жұмыс беруші белгілейді.
6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің хаттай келісімі бойынша мекемелердің (ұйымдардың) тізбесін және оған нысаналы топтан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
7. Жұмыспен қамту және бағдарламалар жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек төлеміне шыққан шығынды жартылай өтеуге қызмет көрсету жөнінде келісім-шартқа отырады.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі нысаналы топтан шыққан жұмыссыздарға таңдау жүргізеді.
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің мекен- жайына жібереді.
10. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына алғанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының Енбек кодексына сәйкес жұмыспен қамту әлеуметтік және бағдарламалар бөлімімен аталған мерзімге еңбек шартына (контракт) отырады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың
көздері мен жағдайы
11. Әлеуметтік жұмыс орынына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес өз қаражатынан жүзеге асады және орындайтын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты.
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек төлемінің шығындары жартылай аудан бюджеті қаражатынан 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төмен еңбек ақы мөлшерінен мерзімі 6 айдан аспайтын жұмыс беруші жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыссыздың ағымдағы жылы жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтеледі.
Жұмыссыздардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдар жұмыспен қамту және бағдарламаларының есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың аудан бюджетінен төленетін еңбек төлеміне заңнамаға сәйкес тәртіпте салық салынады.
14. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздардың төлемі нақтылы орындалған жұмысына жүргізіледі.
15. Жұмыс берушілер облыс бюджетінен өз шығындарын төлеуге түскен ақшаларын әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек төлеміне пайдаланады.
16. Мекеменің есеп шотына түскен жұмыссыздардың еңбек төлемі шығынына жартылай дотация беру үшін қаралған бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануға жұмыс беруші жауапкершілікті.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау
17. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқауларын сақтауға бақылауды заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
№ 3 қосымша
Көкпекті ауданы әкімдігінінің
2009 жылғы 23 сәуірдегі № 31
қаулысымен бекітілген
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және нысаналы топтан
жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру
және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөніндегі
нұсқаулық
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың «Ережелеріне» және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
1. Осы нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) өтініш беруші – кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
3) нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азамат – қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мақсатты топқа енгізілген азамат.
2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
4. Медициналық куәландыру шығындардың өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жолдамасы бойынша өтеді.
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.
1. Шығындардың өтеуін алуға өтініш беру тәртібі
8. Өтініш беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.
2. Қажетті құжаттардың тізімі
1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
3) медициналық куәландырудан өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.
3. Шығындарды өтеудің мөлшері
11. Шығындардың толық өтелуі:
1) медициналық куәландыру – құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі.
12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында үш айлық есептік көрсеткіште.
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында екі айлық есептік көрсеткіште.
13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
4. Шығындарды өтеу төлемдерінің тәртібі
14. Шығындарды өтеудің төлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламаларының орындауға қаралған аудандық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
15. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады.