Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 шілдедегі N 166 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 шілдеде N 5-15-55 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012.04.27  N 169 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-4) тармақшаларына18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысын іске асыру мақсатында Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (ары қарай- әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай мерзіміне дейін ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанынан тәуелсіз кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде ұйымдастырылады (ары қарай-жұмыс беруші)
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарының құрылуы жұмыс берушінің аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдармен шарты негізінде жүзеге асырылады. Шартта тарап міндеттері, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері, жұмыс өлшемі, еңбекақының мөлшері мен жағдайы, мерзімі және қаржы көздері көрсетілуі тиіс.
      5. Жұмыс берушінің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссызға төлейтін еңбекақы шығыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің елу пайызы ішінара тиісті жергілікті бюджет қаржысынан өтеледі.
      6. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтардың орташа жалақысы 30000 теңгені құрайды, оның 15000 теңгесі республикалық бюджет қаржысынан, 15000 теңгесі жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленеді.
      7. Еңбек жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтың арасында жасасқан еңбек шартымен айқындалады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу кезек тәртібімен, түскен ресми ұсыныс шаралары бойынша жүргізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Г.Т. Қойгелдинаға жүктелсін.
      10. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылы 1 маусымында туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                             Д. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады