Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі N 302 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 қыркүйекте N 5-15-60 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012.04.27  N 169 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 57 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 58 баптарына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі – қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.
      2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
      1) қатысушылардың «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
      2) қатысушыларды iрiктеу кезеңіңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;
      3) жасы 29 жасқа дейін;
      4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
      3. алынып тасталды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2010.04.23 № 597 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, жұмыс беруші мен жұмысқа қабылданған қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.
      5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру кезінде, қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мынадай мөлшерде жүргізіледі:
      1) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері үшін толық айға 1,2 жалақының ең төменгі мөлшері;
      2) жоғары оқу орындарының және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер үшін толық айға 1,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде жүргізіледі.
      6. Еңбекке ақы төлеу, Бөлім қаражатты қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қарым-қатынастарға таратылады.

      Көкпекті ауданының әкімі             Д. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады