Базалық ставкалар негізінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 12-4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 ақпанда N 5-16-71 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы N 24-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 28.01.2015 N 24-3 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 422 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабының негізінде Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Базалық ставкалар негізінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күн тізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н.Ақылжанов
      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы М.Мағжаев

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы "13" ақпандағы
№ 12-4 шешіміне № 1 қосымша

Базалық ставкалар негізінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары


Рет саны

Қызмет түрлерінің атауы

Тіркелген салық ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1
ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлер - 1 компьютерге
1 айлық есептік көрсеткіш, күніне 8 сағат
2
бильярд үстелі (торлары бар және олардың бильярд ойынына арналған)- 1 үстелге
4 айлық есептік көрсеткіш, күніне 8 сағат
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады