Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Ұлан аудандық әкімдігінің 2010.06.30 N 05/2488 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 14-тармақшасына, Ұлан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 86 «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-95 болып 2009 жылдың 6 қаңтарында тіркелген, 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 2 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу туралы қоса беріліп отырған нұсқаулық бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық мәслихатқа комиссия құрамының тізімін бекітуге енгізсін.
3. Ұлан аудандық әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2003 жылғы 6 маусымдағы № 550 «Ауданның өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы Қағидасы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1299 болып 2003 жылдың 2 шілдесінде тіркелген (2003 жылғы 19 шілдедегі № 30 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған);
2) 2009 жылғы 25 наурыздағы № 4 «2003 жылғы 6 маусымдағы № 550 «Ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы»» қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-102 болып 2009 жылдың 15 сәуірінде тіркелген (2009 жылғы 25 сәуірдегі № 19 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданы әкімінің
міндетін атқарушы С. Нугманов
2009 жылғы 18 қыркүйектегі
аудан әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Ұлан ауданының өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір
жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу туралы
Нұсқаулық
1. Жалпы нұсқаулар
1. Біржолғы материалдық көмек ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір адамға жылына бір рет көрсетіледі.
2. Біржолғы материалдық көмекті алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ Ұлан ауданында тұрақты тіркелген тұлғалардың құқығы бар.
3. Біржолғы материалдық көмек жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандық бюджет қаржысынан төленеді.
2. Біржолғы материалдық көмекті бөлу және төлеу
4. Біржолғы материалдық көмек өте мұқтажды жалғыз тұратын аз қамсыздандырылған зейнеткерлер мен отбасыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сондай-ақ, апат салдарынан ауыр материалдық жағдайдағы, аурудың өте ауыр түріне шалдыққан, келеңсіз жағдайға душар болған және басқа себепті ауыр материалдық жағдайдағы жанұяларға, оқу орнын бітіргеннен кейін ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген, аз қамтылған отбасылар (азаматтар) санынан жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге), және Қазақстан Республикасына, облысқа сіңірген еңбектері үшін дербес зейнеткерлікке шыққан азаматтарға коммуналдық шығындары үшін ай сайын материалдық көмек тағайындалып төленеді.
5. Біржолғы материалдық көмек алуға керекті құжаттар:
1) көмек көрсету туралы өтініш;
2) жеке басының куәлігі;
3) СТК;
4) азаматтың материалдық көмекке мұқтаж болуын растайтын басқа да құжаттар.
6. Шұғыл жағдайларда, барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдардан және жеке тұлғалардан түскен қайырымдылық көмек азық-түлік, киілген киімдер аз қамтылған жанұяларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы беріледі.
7. Біржолғы материалдық көмек өтініш берушіге көрсетілген мекне жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы көрсетіледі.
8. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы, аз қамтылған азаматтарға біржолғы көмек көрсетуге мақсатты жұмсалуын бақылауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.
Ұлан аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы А. Ибраимова