РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 1993 жылдың 8 желтоқсандағы № 4200 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағы негізінде және 2004 жылғы 25 тамыздағы № 15 Алмасай ауылы ақсақалдар алқасының отырысы хаттамасы мен Алмасай ауыл тұрғындарының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 44 хаттамасын ескере отырып, ШЕШЕМІН:
1. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Алмасай ауылындағы Жоғары Алмасай көшесінің аты Бекбау Садуакасов атына өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өз құзырымда қалдырамын.
Әкім Н. Дутбаев