Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2009.09.25 N 311 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7, 18-1 баптарын басшылыққа алып, аудандағы жұмыс беруші субъектілерден түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс беруші субъектілердің тізбесі және еңбек ақы төлеу мөлшері мен қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
3. Осы қаулыдан туындайтын іс–шараларды жүзеге асыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Т. Қайрекеев.) жүктеліп, бақылауы аудан әкімінің орынбасары М. Жұматоваға жүктелсін.
Аудан әкімі | А. Иманғалиев |
Ақжайық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 147 Ақжайық ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы қаулысымен бекітілген ҚОСЫМША |
Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын
жұмыс беруші субъектілердің тізбесі және
еңбек ақы төлеу мөлшері мен қаржыландыру көзі
қ/с | Мекемелер | Мамандық | Қаржы көзі және еңбек ақы төлеу мөлшері (теңге) | |
1 адамға 1 ай мерзімге есептелгенде еңбекақысы | ||||
Жергілікті бюджеттен | Жұмыс беруші қорынан | |||
1 | Шаруа қожалықтар |
Малшы | Жылма-жылға "Республиқалық бюджет" Заныңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес, өсуі мүмкін | Келісім шарт негізінде мүмкіндігіне қарай |
2 | Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық мекемелер |
Құрылысшы | Жылма-жылға "Республиқалық бюджет" Заныңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес, өсуі мүмкін | Келісім шарт негізінде мүмкіндігіне қарай |
3 | Жеке кәсіпкерлер |
Электрик | Жылма-жылға "Республиқалық бюджет" Заныңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес, өсуі мүмкін | Келісім шарт негізінде мүмкіндігіне қарай |