Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2009 жылға арналған Бөкей ордасы ауданы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 cәуірдегі N 84 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 18 мамырда N 7-4-87 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы N 18 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2010.02.09 N 18 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдайға қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Бөкей ордасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтын нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі Р. Карин

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 23 сәуірдегі
N 84 қаулысына
ҚОСЫМША

Нысаналы топтарға жататын
адамдардың қосымша тізбесі

      1. Жұмыстан босатылғандар.

      2. Оралмандар.

      3. Оқу орнын бітіруші түлектер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады