Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 15.04.2009 N 7 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
1. Жаңақала ауданы бойынша 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 1992 жылғы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
2. Азаматтарды учаскеде тіркеу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы М. У. Мырзағалиевке тапсырылсын (келісімі бойынша).
3. Жастарды тіркеу кезінде жұмыс істейтін дәрігерлік комиссиясын құру және қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету "Жаңақала аудандық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры А. Н. Досалиевке тапсырылсын (келісімі бойынша).
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Ж. Сисенғалиға жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Т. Мерғалиев |