2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 155 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 25 маусымда N 7-5-90 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы N 1 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 11.01.2010 N 1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" N 543 қаулысын басшылыққа алып, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыруды өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.

      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылып, бекітілсін және аудандық шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.

      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      4. Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық қаржы бөлімі және "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З. Ж. Сисенғалиға жүктелсін.

      7. "2009 жылдың көктемінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 137 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестріне 7-5-89 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 маусымда аудандық "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 17 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Т. Мерғалиев

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 22 маусымдағы
N 155 қаулысымен бекітілген
1 қосымша

1. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы

      1. Габдуллин Абай Мустафаұлы - аудандық қорғаныс істері

      жөніндегі бөлімнің

      бастығы, комиссия

      төрағасы (келісім

      бойынша);

      2. Танзенов Елжас - аудан әкімі аппаратының

      Жұпмағамбетұлы бас маманы, комиссия

      төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

      3. Дегенбаев Ринат Маратұлы - аудандық ішкі істер

      бөлімі бастығының

      орынбасары (келісім

      бойынша);

      4. Ишанова Алма Еслямқызы - аудандық орталық

      аурухананың терапевт

      дәрігері, медициналық

      комиссияның төрайымы

      (келісім бойынша);

      5. Жаданова Ажар Мәжитқызы - аудандық орталық

      аурухананың медбикесі,

      комиссия хатшысы

      (келісім бойынша).

1. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
(резервтік) құрамы

      1. Көбешев Серік Базарұлы - аудандық қорғаныс істері

      жөніндегі бөлімнің

      бастығының орынбасары,

      комиссия төрағасы

      (келісім бойынша);

      2. Қожақметов Дулат - аудандық ішкі саясат

      Мұрадымұлы бөлімінің бастығы,

      комиссия төрағасының

      орынбасары;

Комиссия мүшелері:

      3. Кенжеғалиев Жеңіс - аудандық ішкі істер

      Мұратұлы бөлімі бастығының

      орынбасары (келісім

      бойынша);

      4. Бекенов Қоблан - аудандық орталық

      Рахметоллаұлы аурухананың терапевт

      дәрігері, медициналық

      комиссияның төрағасы

      (келісім бойынша);

      5. Құлымжанова Гүлбаршын - аудандық орталық

      Халелқызы аурухананың медбикесі,

      комиссия хатшысы

      (келісім бойынша).

Аудандық медициналық комиссия
құрамы

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер

      Дәрігер-мамандар:

      Хирург

      Көз дәрігері

      Нарколог

      Невропатолог

      Тері венеролог

      Дерматолог

      Рентгенолог

      Тіс дәрігері

      Отоларинголог

      Терапевт

      Психиатр

      Орта буын медицина қызметкерлері:

      Көз дәрігерінің медбикесі

      Терапевт дәрігердің медбикесі

      Отоларинголог дәрігердің медбикесі

      Рентгенолог дәрігердің медбикесі

      Психиатр дәрігердің медбикесі

      Нарколог дәрігердің медбикесі

      Тіс дәрігерінің медбикесі

      Невропатолог дәрігердің медбикесі

      Дерматолог дәрігердің медбикесі

      Фтизиатрдың медбикесі

      Медбикесі

      Медбикесі

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 22 маусымдағы
N 155 қаулысымен бекітілген
2 қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі

N р/с

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты 8:30-дан 12:30-ға дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1.

Жаңақала аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім

20.04.2009
21.04.2009
22.04.2009
23.04.2009
24.04.2009
27.04.2009
28.04.2009

-

-

05.10.2009
06.10.2009
07.10.2009
08.10.2009
12.10.2009
13.04.2009
14.10.2009
15.10.2009
16.10.2009

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады