Аудан әкімдігінің "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 30 наурыздағы N 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі N 223 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қазанда N 7-5-94 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 60 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 21.02.2013 № 60 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 100 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-5-85 тіркелген және 2009 жылы 13 маусымда "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулының 1 қосымшасымен бекітілген аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 25, 26, 27, 30, 35, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 67, 69, 70, 71, 74, 76 жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Т. Мерғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады