Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 cәуірдегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы" N 17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 cәуірдегі N 16-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 6 мамырда N 7-6-89 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 мамырдағы N 24-3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2010.05.19 N 24-3 Шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы негізінде және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хатына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 17-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1495 тіркелген, 2002 жылғы 30 мамырда аудандық "Шұғыла" газетінде жарияланған) мәслихатының шешіміне, аудандық мәслихаттың шешімі, 2003 жылғы 15 ақпанда N 26-5 "аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2009 тіркелген, 2003 жылғы 26 ақпанда аудандық "Шұғыла" газетінің N 7 жарияланған), аудандық мәслихаттың шешімі, 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 32-6 "аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-39 тіркелген, 2007 жылғы 26 қаңтарда аудандық "Шұғыла" газетінің N 5 жарияланған), аудандық мәслихаттың шешімі, 2007 жылғы 26 қыркүйектегі N 2-2 "аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-52 тіркелген, 2007 жылғы 24 қазанда аудандық "Шұғыла" газетінің N 45 жарияланған), аудандық мәслихаттың шешімі, 2008 жылғы 21 қарашада N 12-3 "аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-67 тіркелген, 2008 жылғы 8 желтоқсанда аудандық "Шұғыла" газетінің N 50 жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістермен қоса) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

      3 тарауының 13 бабында "отбасының жиынтық табысына отбасының тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмектерден басқа барлық табыстары есептеледі" деген сөйлем "отбасының жиынтық табысына отбасының 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыдан, тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмектерден басқа барлық табыстары есептеледі" деген сөйлеммен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Е.Ә. Өтебалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.З. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады