Тіркелген салық ставкасының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 2 наурыздағы N 10-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда N 7-9-79 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 қазандағы N 14-5 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2009.10.22 N 14-5 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын, "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 422 бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелген салық ставкасы мына мөлшерде бекітілсін:

      1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұттыссыз ойын автоматы - 1 273 теңге;

      2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 2 546 теңге;

      3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер - 1 273 теңге;

      4) ойын жолы - 6 365 теңге;

      5) карт - 3 819 теңге;

      6) бильярд үстелі - 3 819 теңге.

      2. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы М.Дошанова
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.Сагинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады