Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 20-3 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 26 ақпандағы "Сырым ауданында нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі Қағидасын бекіту туралы" N 31-2 (нормативтік құқықтық кесімді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-10-30), (17.03.2007 жыл, Қайнар газеті) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін.
Осы шешіммен бекітілген Қағидадағы "міндетті" деген сөздер "қажет" деп өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сырым аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | М.Қазмағамбетов |
Сырым аудандық мәслихатының хатшысы | А.Галимов |