Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 17-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 4 ақпанда № 7-10-68 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 мамырдағы № 4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2012.05.27 № 4-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сырым аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                М. Насыров
      Сырым аудандық
      мәслихатының хатшысы                А. Галимов

Сырым аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
кезекті ХVІІ сессиясының
№ 17-3 шешімімен белгіленсін

Сырым ауданының елді мекендерінде
иттер мен мысықтарды ұстаудың
ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" (бұдан әрі Кодекс) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"_Заңдарына_сәйкес_әзірленген.
      2. Ереже Сырым ауданы елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау_тәртібін_реттейді.
      3. Осы ереже меншік нысанына қарамастан иттері мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау

      4. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесілі иттер мен мысықтар үш айлық жасынан бастап тұқымына қарамастан құтырмаға қарсы егілуі тиіс, сондай-ақ олар гельмиттерге қарсы зерттелуге немесе оларға алдын-ала_дегельминтация_жасалуы_тиіс.
      5. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар орындалған жағдайда ғана иттер мен мысықтарды үйде ұстауға рұқсат етіледі.
      6. Заңдарда белгіленген тәртіппен көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер ауланады.
      7. Иттер мен мысықтарды ортақ пайдаланатын жерлерде (дәліздер, жертөлелер, шатырлар, лоджиялар, балкондар және басқа да қосалқы бөлмелер)_ұстауға_жол_берілмейді.
      8. Иттерді аулаларда ұстаған жағдайда, иелері иттердің бос жүрмеуін қадағалап және көршілердің ауласынан қашықтықта ұстауы тиіс. Иттерді жеке меншіктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта, қоршау жануарлардың қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет, иттің болуы туралы кіреберістерде көлемі 20х30 сантиметрден кем болмайтын, иттің суреті көрсетілген, "Ит күзетеді! Охраняется собакой!" жазуы бар ескерту кесте жасалып, ілінуі қажет. Ұстайтын ит пен мысықтың саны шектелмейді, бірақ_олар_көршілерге_қолайсыздық_туғызбауға_тиіс.
      9. Иттер мен мысықтардың терісі мен етін пайдалану, сату, жеу мақсатында өсіруге_және_ұстауға_рұқсат_етілмейді.
      10. Сырым ауданының орталығында және елді мекендерінде иттер шайқасын ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат етілмейді.

3. Ит пен мысық иелерінің ұстануы тиіс ережелер

      11. Ит пен мысық иелері төмендегі ережелерді:
      1) иттер мен мысықтарды тері мен тұқымына байланысты зоотехникалық зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай ұстап, қоршаған адамдарға қолайсыздық және қауіп туғызбауын қамтамасыз етуге тиіс. Ауланы, подъезді, балалар алаңын, тротуарларды, демалыс орындарын ластамауға, ал ластаған жағдайда орнын жинап алуы тиіс (қағаз және_полэтилен_пакеттеріне);
      2) Иттер мен мысықтарды биологиялық қажеттеріне сай асырауға, оларға жақсы ниетпен қарауға, қараусыз қалдырмауға, қажет мөлшерде тамақпен қамтамасыз етуге, әрдайым ішетін суы болуға, қатал мінез танытпауға, ауырған кезде уақытында ветеринариялық көмек көрсетуге;
      3) ветеринариялық іс-шаралар өткізуге, карантиндік режимді сақтауға, жұқпалы ауруларды жою жөніндегі іс-шараларды_өткізуге;
      4) мысық тістеген және ит қапқан барлық жағдайда карантиндіқ іс-шаралар өткізу үшін жедел түрде медициналық мекемелерге хабарлауға;
      5) ит пен мысықтар өлген жағдайда ветеринар мамандарға хабарлауы қажет, өлімтікті лақтырмауға, көмуге, өлімтіктер арнаулы жерлерде ғана өртеу арқылы жойылады. (ит пен мысық иелерінің тарабынан)

4. Ит немесе мысық иесінің құқықтары

      12. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік заңмен қорғалады.
      13. Жануар оның иесінен тек құтыру ауруы болған жағдайдан басқа уақытта оның келісімімен ғана алынады. Жануар иесінен адамды тістеп, жарақат салған жағдайда адамға жұғатын аурудың немесе қауіпті аурулардың болуына зерттеу жүргізу үшін оның келісімінсіз алынады. Егер алынған жануардың дені сау деп танылса, иесіне кері қайтарылады.
      14. Иесі итін қысқа қарғы баумен байланған тұмсықторы бар күйде дүкеннің немесе басқа да мекеменің жанына 10 минуттан артық аспайтын уақытқа ғана қалдыра алады. Бұл жағдайда ит адамдардың өтуіне кедергі келтірмеуі, агрессия белгілерін көрсетпеуі қажет.
      15. Ілестіріп жүрген адамдарсыз қоғамдық орындарда жүрген иттер мен мысықтар, иесімен дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының алдарында байлаулы қалдырылғандардан басқалары қадағалаусыз қалғандар деп танылып, аулауға жатады.

5. Ит пен мысықтардың иелеріне рұқсат етілмейді

      16. Иттер мен мысықтардың иелеріне рұқсат етілмейді:
      1) Ит пен мысықтарды қоғамдық орындар мен көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас адамдарға немесе 14 жасқа дейінгі балаларға серуендетуге;
      2) Жалпы пайдаланымдағы жерлерге: кіреберіске, сондай-ақ, балконда, лоджияда хайуанаттар ұстауға;
      3) Спорт алаңын, балалар ойнайтын алаңды, көгалды, тротуарды парктер мен саябақтарды ластауға;
      4) Ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынына, сауда залдары мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерінде ұстауға және кіргізуге;
      5) Хайуанат өлген жағдайда, мәйітті лақтырып тастауға немесе өздігінен көмуге болмайды;
      6) Иттерді қарғы баусыз және тұмсықторсыз серуенге шығаруға;
      7) Құтыруға қарсы вакцинадан өтпеген иттерді серуендетуге.

6. Осы Ережені бұзғаны үшін ит пен
мысық иелерінің жауапкершілігі

      17. Осы Ережені бұзғаны үшін ит пен мысық иелері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 311-бабына сәйкес жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады