Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 30.09.2010 N 273 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) осы қаулының 10 қосымшасының 12-тармағы мынадай мазмұндағы 10 тармақшамен толықтырылсын:
"10) Әлеуметтік жеке код, Тасқала аудандық зейнетақы төлеу орталығында беріледі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 08.30-17.30 дейін қабылдайды, үзіліс уақыты сағат 13.00-14.00 дейін, мекен-жайы: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Сапаров көшесі, 28, телефон: 21-2-58".
2) осы қаулының 12 қосымшасының 12-тармағы мынадай мазмұндағы 7 тармақшамен толықтырылсын:
"7) Әлеуметтік жеке код, Тасқала аудандық зейнетақы төлеу орталығында беріледі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 08.30-17.30 дейін қабылдайды, үзіліс уақыты сағат 13.00-14.00 дейін, мекен-жайы: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Сапаров көшесі, 28, телефон: 21-2-58".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімі | Ө. Мырзағалиев |