Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2009.04.15 N 37 Шешімімен.
Қазақстан Республикасынының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Теректі ауданында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жасы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.
2. "Теректі ауданының Федоровка аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны (келісім бойынша) және "Еңбек аудандық аураханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Теректі ауданының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджетін қаражатты есебінен өтелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
6. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кадыров Әділбек Жаныбекұлына жүктелсін.
Аудан әкімі | А.Горобцов |