2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 93 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 23 маусымда N 7-13-104 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010.01.28 N 4 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскери шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтін белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұсынылсын.

      2. Аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылып бекітілсін, аудандық шақыру комиссиясының құрамында медициналық комиссия құрылсын.

      3. Аудандық шақыру кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. Шыңғырлау ауданының селолық округ әкімдері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын (келісім бойынша).

      4. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны медициналық комиссия мүшелерін осы кезеңге байланысты 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында жұмыстан босатып, олардың еңбек ақыларын сол күйінде сақтау ұсынылсын.

      5. 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру пунктіне көмекке қызметкерлер бөліп отыру ұсыныс енгізілсін тиісті шаралар қабылдасын.

      6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі әскерге шақырту кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін және облыстық жиналу пунктіне әскери қатарына шақырушыларды уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу, әскери қатарына шақырушыларды тасымалдау үшін полиция жасағын бөлу, әскери міндеттен қашқан, әскери шақыртудан бас тартқан жастарды іздеп, оларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу үшін шұғыл шаралар алу ұсыныс етілсін.

      7. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "2008 жылғы 7 мамырдағы N 85 "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 1981-1990 жылғы жастарды кезекті қысқа мерзімді әскери қатарына шақыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 1 шілдедегі N 112 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-80 тіркелген, 2009 жылы 21 ақпандағы аудандық "Серпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.

      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылы 17 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі М.Тоқжанов

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 93 қаулысына
1-ҚОСЫМША

Аудандық шақыру комиссиясының
құрамы:

      "Батыс Қазақстан облысы

      Шыңғырлау ауданының қорғаныс

      істері жөніндегі бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы      – Шутанов Мейрам Болатұлы
комиссия төрағасы

      "Шыңғырлау аудан әкімі

      аппараты" мелекеттік

      мекемесінің бас маманы      – Ишекенов Талғат Хамидоллаұлы
комиссия төрағасының орынбасары

      "Шыңғырлау аудандық орталық

      ауруханасы" мемлекеттік

      коммуналдық қазыналық

      кәсіпорнының медбикесі      – Турмагамбетова Клара
комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Батыс Қазақстан облысы

      Шыңғырлау ауданының

      ішкі істер бөлімі

      мемлекеттік мекемесі

      бастығының орынбасары      – Сарсенов Эдуард Айтқалиұлы

      "Шыңғырлау аудандық

      орталық ауруханасы"

      мемлекеттік коммуналдық

      қазыналық кәсіпорнының

      бас дәрігерінің

      орынбасары      – Жунусова Динара Шуренқызы

Аудандық медициналық комиссияның
құрамы:

      1. Терапевт дәрігері

      2. Хирург дәрігері

      3. Стоматолог дәрігері

      4. Отолоринголог дәрігері

      5. Офтальмолог дәрігері

      6. Дерматолог дәрігері

      7. Психиатр дәрігері

      8. Рентгенолог дәрігері

      9. Фтизиатр дәрігері

  2-ҚОСЫМША
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 93 қаулысымен
бекітілген

Аудандық шақыру кестесі

N

Селолық округтердің атауы

Жеткізу уақыты

Көктемгі мезгіл

Күзгі мезгіл

1

Ащысай

18.04.2009

14.10.2009

2

Ақбұлақ

19.04.2009

15.10.2009

3

Алмаз

20.04.2009

17.10.2009

4

Белогор

21.04.2009

19.10.2009

5

Қызылкөл

22.04.2009

20.10.2009

6

Қарағаш

23.04.2009

20.10.2009

7

Лубен

24.04.2009

22.10.2009

8

Полтава

25.04.2009

22.10.2009

9

Шыңғырлау

26.04.2009
27.04.2009
28.04.2009

23.10.2009
24.10.2009
24.10.2009
25.10.2009
25.10.2009


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады