РҚАО-ның ескертуі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнің (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметiн жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның iшiнде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөнiндегi талаптарды және сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметтi жүзеге асыруына өкiлеттiктерiн бекiту туралы» 2010 жылғы 25 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6164 тiркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметiн жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның iшiнде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөнiндегi талаптарды және сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметтi жүзеге асыруына өкiлеттiктерiнде:
2-тармақтың 2) тармақшасында «шарт – тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт (агенттiк келiсiм)» деген сөздер «тапсырма шарты - тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 10) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сақтандыру сыйлықақыларын төлеу туралы растайтын құжатын ала отырып сақтандыру агентіне, жеке тұлғасына;»;
3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«фискальдi чектi ала отырып сақтандыру агентiне, заңды тұлғасына;»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Сақтандыру ұйымы жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын оны жасаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізіліміне енгізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізілімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) сақтанушы туралы мәліметтер:
(жеке тұлғаның) фамилиясы, аты, бар болса – әкесінің аты;
(заңды тұлғаның) атауы;
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шартын жасасу күні;
сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
салық төлеушінің (жеке тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
салық төлеушінің (заңды тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) сақтандырылушы туралы мәліметтер:
(жеке тұлғаның) фамилиясы, аты, бар болса – әкесінің аты;
(заңды тұлғаның) атауы;
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шартын жасасу күні;
сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
салық төлеушінің (жеке тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
салық төлеушінің (заңды тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) қайта сақтандырушы туралы мәліметтер:
қайта сақтандырушының атауы;
қайта сақтандыру шартының нөмірі;
қайта сақтандыру түрі;
қайта сақтандыру шартын жасаған күні;
сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
қайта сақтандырушы резиденттiгiнiң мәртебесi;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру агентін оқытуды ұйымдастырады»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Сақтандыру агенттерінің тізілімі сақтандыру ұйымының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам) қол қойған, мөрмен куәландырылған, қағаз тасымалдағышта есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бесiнші күннен Астана уақыты бойынша 18.00-сағаттан кешiктiрмей тоқсан сайын уәкілетті органға ұсыну тиіс.»;
9-тармақта «отырып,» деген сөзден кейін «тапсырма» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Сақтандыру агентінің Заңның 18-2-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері бар»;
19-тармақта «Шартта» деген сөз «Тапсырма Шартында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтармен толықтырылсын:
«20. Тапсырма Шартында мынадай мәліметтер болу тиіс:
1) тапсырма шартының нөмірі;
2) сақтандыру ұйымының атауы, оның атынан сақтандыру агенті делдалдық қызметін жүзеге асырады;
3) фамилиясы, аты тегі, бар болса - әкесінің аты, туған күні, нөмірі, жеке куәлігін берген күні мен органы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, тұратын жері, сақтандыру агентінің заңды мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін);
салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты орны, заңды мекен-жайы, сақтандыру агентінің банктік деректемелері (заңды тұлғалар үшін), телефондардың байланыс нөмірлері;
4) тапсырма шартының мәні (тапсырма шарты бойынша сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсетулерін Заңға сәйкес сақтандыру ұйымының тапсырмасы бойынша);
5) сақтандыру объектісін көрсету;
6) Заң талаптарын ескере отырып сақтандыру агентінің өкілеттігі;
7) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
8) тараптардың жауапкершілігі;
9) Заң талаптарын ескере отырып комиссиялық сыйақыларының мөлшері;
10) қосымша талаптары;
11) тапсырма шартының қолданылу аумағы;
12) тапсырма шартының қолданылу мерзімі;
13) тапсырма шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
14) тапсырма шартын бұзу және тоқтату тәртібі;
15) тараптардың деректемелері;
16) тапсырма шартын жасасу күні, орны.
21. Осы Талаптардың 5 және 6-қосымшаларында көзделген сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы. Сақтандыру ұйымы өз қарауынша сақтандыру агенттерінің оқу бағдарламасын делдалдық қызметі мәселелеріне қатысты қосымша пәндерімен толықтырады.
22. Уәкілетті орган белгілеген сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы бойынша оқыту үшін сақтандыру шартын жасау бойынша және сақтандыру ұйымының (бұдан әрі - өтініш беруші) тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын өтініш беруші сақтандыру ұйымға еркін нысанда өтініш береді.
23. Өтініш берушілердің оқуы аяқталғаннан кейін сақтандыру ұйымы сақтандыру агенттерін оқытуға барынша аз бағдарламасын білуге емтихан өткізеді. Емтихан сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы негізінде сақтандыру ұйымы дайындаған мәселелері бойынша тестілеу нысанда өткізіледі.
24. Емтихан өткізу үшін мәселелер тізбесін сақтандыру ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезінде оның орынбасары бекітеді.
25. Өтініш беруші емтихан аяқталғаннан кейін тесттің нәтижелерімен танысады.
Емтихан нәтижесі оқудың барынша аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруды растайтын куәлікте көрсетілу тиіс.
26. Емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші тестілеу рәсімін аяқтағаннан кейін сақтандыру ұйымына шағымдану мүмкін.
Шағымды сақтандыру ұйымының Аппеляциялық комиссиясы қарайды.
27. Емтиханнан өткеннен кейін сақтандыру ұйымы өтініш берушіге осы Талаптардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша емтиханның жиынтық нәтижелерін көрсете отырып сақтандыру агенттерін барынша аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруын растайтын куәлік береді.»;
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде көрсетілуі тиіс ақпараттардың барынша аз тізбесінің 1-қосымшаның ескертуінде тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің тіркеу нөмері немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;»;
осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшасына сәйкес редакцияда 5, 6 және 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулының 2011 жылғы 7 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші, отыз алтыншыдан отыз сегізіншіге дейінгі, қырық біріншіден алпыс тоғызыншыға дейінгі абзацтарын қоспағанда, осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
N 142 қаулысының
1-қосымшасы
Сақтандыру ұйымының сақтандыру
қызметiн жүзеге асыруына қойылатын
талаптарды, оның iшiнде сақтандыру
нарығының қатысушыларымен өзара
қарым-қатынастары жөнiндегi
талаптардың және сақтандыру агентiнiң
делдалдық қызметтi жүзеге асыруына
өкiлеттiктердің 5-қосымшасы
Сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы («жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру ұйымы үшін)
Сақтандыру теориясы
сақтандыру мәні
сақтандыру принциптері мен нысандары
негізгі ұғымдар мен терминдер
сақтандыруды жіктеу. Сақтандырудың міндетті түрлері міндетті және ерікті сақтандыру
Сақтандыру қызметінің негіздері
сақтандыру шарты (түрлері және нысандары, қорытынды талаптары мен тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қолданылуын тоқтату)
сақтандыру ұйымының кірістері мен шығыстары
сақтандыру резервтері, қалыптастыру тәртібі
делдалдық қызметті мемлекеттік реттеу
делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру заңнамасының талаптарын бұзушылықтары үшін жауапкершілігі
Мүліктік сақтандыру
мүліктік сақтандырудың мәні
автомобиль көлігін сақтандыру
су көлігін сақтандыру
әуе көлігін сақтандыру
жүктерді сақтандыру
заемдарды сақтандыру
мүліктік сақтандырудың басқа түрлері
Жеке сақтандыру
жеке сақтандырудың мәні
медициналық сақтандыру
жазатайым жағдайлардан сақтандыру
жеке сақтандырудың басқа түрлері
Жауапкершілікті сақтандыру. Міндетті сақтандыру түрлері жауапкершілікті сақтандыру мәні
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
сақтандыру
өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру
жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін сақтандыру
туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыру
қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру
экологиялық сақтандыру
қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
жауапкершілікті сақтандырудың басқа түрлері және міндетті сақтандыру түрлері.».
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
N 142 қаулысының
2-қосымшасы
Сақтандыру ұйымының сақтандыру
қызметiн жүзеге асыруына қойылатын
талаптарды, оның iшiнде сақтандыру
нарығының қатысушыларымен өзара
қарым-қатынастары жөнiндегi
талаптардың және сақтандыру агентiнiң
делдалдық қызметтi жүзеге асыруына
өкiлеттiктердің 6-қосымшасы
Сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы («өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру ұйымы үшін)
Сақтандыру теориясы
сақтандыру мәні
сақтандыру принциптері мен нысандары
сақтандыруды жіктеу
негізгі ұғымдар мен терминдер
міндетті және ерікті сақтандыру
Сақтандыру қызметінің негіздері
сақтандыру шарты (түрлері және нысандары, қорытынды талаптары мен тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қолданылуын тоқтату)
сақтандыру ұйымының кірістері мен шығыстары
сақтандыру резервтері, қалыптастыру тәртібі
делдалдық қызметті мемлекеттік реттеу
делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру заңнамасының талаптарын бұзушылықтары үшін жауапкершілігі
Жеке сақтандыру
жеке сақтандырудың мәні
медициналық сақтандыру
жазатайым жағдайлардан сақтандыру
өмірді сақтандыру
жинақтаушы сақтандыру
жеке сақтандырудың басқа түрлері
Жауапкершілікті сақтандыру. Міндетті сақтандыру
жауапкершілікті сақтандырудың мәні
қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру
жауапкершілікті сақтандырудың басқа түрлері және міндетті сақтандыру түрлері.».
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
N 142 қаулысының
3-қосымшасы
Сақтандыру ұйымының сақтандыру
қызметiн жүзеге асыруына қойылатын
талаптарды, оның iшiнде сақтандыру
нарығының қатысушыларымен өзара
қарым-қатынастары жөнiндегi
талаптардың және сақтандыру агентiнiң
делдалдық қызметтi жүзеге асыруына
өкiлеттiктердің 7-қосымшасы
Нысан
Сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы
бойынша емтиханнан өту туралы
№ ______ куәлігі
____________________________________________________________________
сақтандыру ұйымының атауы
______________________________________________________________берілді
(фамилиясы, аты, бар болса әкесінің аты)
Емтиханның жиынтық нәтижесі _________________________________________
Сақтандыру ұйымының басшысы__________________________________________
қолы ____________
берілген күні ________________ М.О.».