Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі N 464 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6565 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. «Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 602 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5427 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылдың 23 қаңтарында № 11 (1434) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2010 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 464 бұйрығымен   
бекітілген      

Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабын жүзеге асыру мақсаттарында әзірленген және акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру тәртібін және жұмыс істеуін белгілейді.
      2. Акциздік қосындар акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілердің (бұдан әрі - өндірушілер) аумағында және жекелеген жағдайларда алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілердің (бұдан әрі – көтерме сатушы) аумағында орнатылады.
      Осымен бірге, акциздік қосын:
      а) шарап материалы;
      б) сыра, сыра өндірісіне лицензиясында немесе лицензияға қосымшасында көрсетілген мекен жайы бойынша бар, кафе немесе мейрамхананың орналасқан орнында тек келіп кетушіге (тұтынушыға) бөлшек саудасында сататын бар, кафе және мейрамханаларда өз сырасын өндіруді және сақтауды жүзеге асыратын өндірушілердің аумағында орнатылмайды.

2. Акциздік қосынның қызметін ұйымдастыру

      3. Акциздік қосындардың ұйымдастырылуын, жедел басқару және қызметінің координациясын салық төлеушісі орналасқан орны бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органының (бұдан әрі – салық органы) басшылары ұйымдастырады.
      4. Акциздік қосынның ұйымдастыруы салық органдардың салық төлеушінің мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады облыс, Алматы және Астана қалалары бойынша басшыларымен.
      Акциздік қосынның орналасатын жері, оның жұмыс регламенті, лауазымды тұлғаларының дербес құрамын, оның құрамын өзгерту және бейне бақылаумен жабдықтау салық органның басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Этил спиртін, алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерін, темекі бұйымдарын өндірушілер бейне бақылаумен жабдықталады. Бейне бақылау кіру және шығу қақпаларда, өндіріс цехтарда, қойма үй-жайларда және негізгі шикізаттарды қабылдайтын орындарда орнатылады.
      5. Акциздік қосынның құрамы салық органы лауазымды тұлғаларының (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) қатарынан қалыптасады.
      Акциздік қосынның құрамын анықтағанға дейін, акциз қосынының бірінші рет кезекшілікке түсетін лауазымды тұлғалар, акцизделетін тауарлардың өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнаманың нормаларын білуі жөнінде нұсқаулықтан өтеді.
      Салық органының басшысы акциздік қосынның жұмысына қатысатын лауазымды тұлғалармен әңгімелесу өткізеді.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша акциздік қосынның құрамы бекітіледі.
      6. Акциздік қосындарда кезекшілікті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың сандық құрамы:
      1) жылына 1 миллион (бұдан әрі – млн.) тонна мұнайға дейін қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттылығымен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін;
      этил спиртін;
      алкоголь өнімін;
      жылына 1 миллиард (бұдан әрі – млрд.) темекіге (папирос) дейін өндірістік қуаттылығымен темекі бұйымдарын өндіретін өнеркәсіптерде бір адамнан;
      2) көтерме сатушының аумағында – бір адамнан;
      3) жылына 1 млн. және одан аса мұнайды қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттылығымен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіретін;
      жылына 1 және одан аса млрд. темекіге (папирос) дейін өндірістік қуаттылығымен темекі бұйымдарын өндіретін өнеркәсіптерде екі адамнан кем емес болуға тиіс.
      7. Акциздік қосынның жұмыс кестесі өндіруші немесе көтерме сатушының жұмыс режимдеріне байланысты сәйкес анықталады.
      Осымен бірге, Қазақстан Республикасы аумағына кеден одағы мемлекет-мүшесі аумағынан этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін әкелу жағдайында осы Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес нысаны бойынша оларды алудың алдағы күні туралы қызмет объектісінің орналасқан орны бойынша салық органдарына алдағы үш жұмыс күнінен кешіктермей хабарлайды.
      8. Акциздік қосындағы лауазымды тұлға:
      1) өндірушілер және көтерме сатушылармен акцизделенетін тауарларды өндіру мен сатуды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтауына;
      2) сатып алушыда тиісті қызмет түріне лицензияның болуына;
      3) импортталатын акцизделенетін тауарларды есепке алуына;
      4) акцизделенетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына;
      5) салық төлеушінің акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау ережелерін сақтауына;
      6) салық төлеушінің жіберілген кезінде акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлеріне іліспе жүк құжаттарын рәсімдеу ережелерін сақтауына;
      7) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына және акциздің бюджетке уақытылы төленуіне;
      8) акцизделенетін тауарларды тек өлшеуші аппаратары арқылы бұруына және (немесе) жіберілуіне немесе есепке алу аспаптары арқылы сатуына (құюлуына), сондай ақ соңғылардың пломбы салынған түрде пайдаланылуына;
      9. Акциздік қосындағы лауазымды тұлға осы Ереженің 8-тармағын жүзеге асыру үшін өндірушінің аумағында:
      1) спирт өлшеу аппараттары арқылы боза айыру және (немесе) айдау қондырғысынан этил немесе алкоголь өнімін құю кезінде, этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісінің көлемдері туралы, сондай ақ дайын өнімдегі этил спиртінің көлемдік құрамы туралы мәліметтерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алу аспаптары арқылы спиртін бөлу, сонымен қатар аталған аппараттар мен есепке алу аспаптарын жарамды және пломбаланған түрде пайдалануды қамтамасыз етеді;
      2) көлемдік шығыстарды өлшеуішінің бастапқы түрлендіргішінің киістірмесі және алкоголь өнімін құю автоматының киiстiрме жалғамаларының арасындағы құбырдың аралық киiстiрме ажырайтындардың және басқа да жалғасуларды болдырмайды;
      3) айыру колоннасынан спирттi өлшеу киістірмелерінен және тоңазытқыштың киістірме жалғамаларынан сәйкесінше ротаметрге тоңазытқыштан, ротаметрден шамға, шамнан спирт өлшеуші аспабына және спирт өлшеу аспабынан құю бөлемшесіне дейін киiстiрме жалғамалардың және қысым арматурасынын және басқа да жалғасуларды болдырмайды;
      4) мұнай өнімдерін өндіру мен сату (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алу бақылау аспаптары арқылы резервуарлардан сату және орнатумен бензин және дизельдік отынды бөлу, сонымен қатар ретке келтірілген және пломбыланған түрде пайдалануды қамтамасыз етеді;
      5) кәсіпорын жұмыс уақытының басында және аяғында сондай ақ тұрып қалу уақытында есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрқуаты мен су шығынын (темекі бұйымдары мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінен алмағанда) есепке алуды жүзеге асырады;
      6) негізгі шикізатты (этил спиртін өндіру кезінде – астық, сірне, ұйытқылар (энзимдер), коньяк спиртін өндіру кезінде – шарап материалы, арақ, коньяк, бренди және ликер - арақ бұйымдарын өндіру кезінде – этил спирті, шарапты өндіру кезінде – шарап материалы, этил спирті, сыраны өндіру кезінде – ашытқы, құлмақ және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру кезінде – телімдер, қоспалар, темекі бұйымдарын өндіру кезінде – фильтрлар, сигареттік қағаз) қабылдауға қатысады;
      7) есепке алу-бақылау таңбаларының және акциздік таңбалардың қозғалысын есепке алуды жүзеге асыруға;
      8) спирт өлшеуші аппараттар мен бақылаушы есепке алу аспаптарында орнатылған біржолғы бақылау пломбаларға олардың бүтіндігін қамтамасыз ету үшін бақылауды жүзеге асырады;
      9) акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру кезінде пайдаланылатын құрал-жабдықты рұқсат етілмей алып тастау, алмастыру немесе жаңасын енгізу жағдай болғанда салық органы және Салық комитетіне хабарлайды.
      Осындай фактілер айқындалған кезінен он сегіз сағат ішінде салық органы және Салық комитетіне дереу хабарланады;
      10) алкоголь өнімін өндірушінің жауапты тұлғасымен бірлесіп (қос тоттық көміртек және шарап материалымен қаныққанынан басқа) алкоголь өнімін құю желілерін жууды бастау мен аяқталуды есепке алу приборларының көрсеткіштерін белгілейді.
      Акциздік қосындағы кезекшіліктен кейінгі екінші күні салық органында орнатылған «Акциз» ақпараттық жүйесі арқылы осы Ережеге 2-3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бензин және дизельдік отын, этил спирті, алкогольдік өнімін (шарап материалы мен сырадан басқа) өндіру мен өткізу көлемдері туралы күн сайынғы есептерді Салық комитетіне беруді қамтамасыз етуге.
      10. Көтерме сатушының аумағында болған кезеңде акциздік қосындағы лауазымды тұлға:
      1) алкоголь өнімін түсіру (қабылдау) кезінде қатысады;
      2) әкелінген алкоголь өнімінің көлемдерін тауардың іліспе құжатарында көрсетілген және есепке алынған көлемдерімен салыстырады;
      3) арнайы құралдарының көмегімен алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқалығын іріктеп тексеруді жүзеге асырады;
      4) ағымдағы жұмыс күнінде әкелінген алкоголь өнімін қабылдау (жүк түсіру) аяқтамау жағдайында көтерме сатушының жауапты қызметкерімен бірлесіп қойма үй жайларын, транспорттық құралдарын жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне мөр қойып немесе таңбалауға және алкоголь өнімін қабылдауда (жүк түсіру) олардың бүтіндігін және қолда барын тексереді;
      5) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда алкоголь өнімінің қозғалысы журналы толтырады.
      11. Акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру бойынша кәсіпорындағы акциздік қосындының лауазымды тұлғасы 5-қосымшасына сәйкес тиеп-жөнелту құжаттарының жинақ есебін сондай-ақ осы Ереженің 4-14-қосымшаларына сәйкес журналдарды күнделікте жүргізеді.
      Осымен бірге, компаундирлеу кезінде шикізат ретінде пайдаланылатын мұнай өнімдерінің көлемдері негізгі шикізаттың қозғалысы журналында көрсетіледі.
      Тиеп-жөнелту құжаттарының жинақ есебі және журналдар нөмірленіп, жіппен қайымдалып, басшысының қолымен және тиісті салық органының мөрімен басылады.
      12. Акциздік қосындағы лауазымды тұлға:
      1) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:
      пайдаланылуы мен жұмыс жасауын болдырмау жолымен акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру бойынша желілерін;
      спирт қоймасынан алкоголь өнімін өндіруге спиртін беру кранына;
      мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне байланысты өндірілген мұнай өнімдерінің, шикі мұнайды беру крандарын;
      кәсіпорының кіру және шығу қақпаларын;
      алкогольдік өнімдерді өндірушілердің араластыру цехындағы енгізу және шығару құбырларына;
      мұнай өңдеумен айналысатын кіші зауыттардағы және мұнай өнімдерін компаундирлеуді жүзеге асыратын өнеркәсіптердегі енгізу және шығару құбырларын;
      акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларына;
      мазут және дизель отынын, бензинді босату крандарына мөр қояды және пломбы салады.
      Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көрсетілген мөрлер мен пломбаларды өндірушінің немесе көтерме сатушының өкілдерімен алынады.
      Төтенше жағдай фактісі төтенше жағдай облысындағы уәкілетті органмен расталады;
      2) өз өкілеттіктері шегінде аумағында акциздік қосын орналасқан өндірушінің басшысынан және басқа лауазымды тұлғаларынан акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымы бойынша мәліметтермен құжаттарды сұратады;
      3) акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу (тиеп-жөнелту) немесе қабылдау (жүкті түсіру) кезінде қатысады;
      4) шаруашылық қызметке араласу құқығынсыз, қажет болған жағдайда қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамасын өтумен салық төлеушінің әкімшілік, өндіріс, қойма, қосалқы үй-жайларды тексереді;
      5) өндірушінің немесе көтерме сатушының аумағынан (аумағына) шыққан (кірген) көлік түрлерін қарап шығады;
      6) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдықтарын, сондай-ақ осы Ережеде көрсетілген негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шешеді;
      7) арнайы аспаптар арқылы алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларының, темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбалардың түпнұсқалығын іріктеп тексеру жүргізеді;
      8) мөрдің немесе пломбының алынғаны немесе оның бедерінің бұзылғаны (төтенше жағдайлар туындауын қоспағанда), не спирт өлшеуші аппараттар мен бақылаушы есепке алу аспаптарының, электр қуатын және суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерінің бұрмаланғаны, немесе алкоголь өніміндегі есепке алу-бақылау таңбаның темекі бұйымдарында акциздік таңбаларының түпнұсқалық еместігін немесе жоқтығын байқалған жағдайда өндірушінің қызметкерінің қатысуымен тиісті акт толтырады.
      Осындай фактілер айқындалған кезінен он сегіз сағат ішінде салық органы және Салық комитетіне дереу хабарланады.

3. Соңғы ереже

      13. Акциздік қосындардың қызметін бақылау салық органдарымен Салық комитетіне берілген мәліметтерді талдау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті және салық органдарымен жүргізілетін тексерулер арқылы жүзеге асырылады.

Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне   
1-қосымша        

Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағы мемлекет-қатысушылардың аумағынан әкелінетін алкоголь өнімдерін әкелудің алдағы мерзімі туралы
Хабарлама

__________________________
__________________________
(салық органының атауы)

Заңды тұлғаның атауы: _______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН_______________________, БИН (барында)____________________________
Заңды мекен-жайы: ___________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жекелеген қызмет түрлері бойынша салық органдарындағы тіркеу карточкалары туралы ақпарат: берілген күні _____________ 20__ жылы, сериясы _________ № ______________

алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сатуына мемлекеттік лицензиясы мен оған қосымшасы туралы мәліметтер:
берілген күні ___________ 20___ жылы, № __________
лицензияға қосымшасының берілген күні_________ 20___ жылы, №_________
лицензияға қосымшасының берілген күні_________ 20___ жылы, №_________

Алкоголь өнімін алу жоспарланатын қойма орындарының мекен-жайы

Алкоголь өнімін алған күні

Алкоголь өнімінің түрі

Жалпы саны (дал)
















Басшысының аты-жөні _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Уәкілетті өкілдің аты-жөні __________________________________________
_____________________________________________________________________
Негізінде әрекет жасайтын ___________________________________________
_____________________________________________________________________
____________/_______________________/________________________________
(күні)        (хабарланушының қолы)     (хабарланушының аты-жөні)

Акциздік қосындының қызметін
ұйымдастыру Ережесіне  
2-қосымша

нысан

Акциздік қосындылардың мәліметтері бойынша этил спирті мен/немесе алкоголь өнімін өндіретін кәсіпорындардың өндіріс және өткізу көлемдері туралы
Есеп

№ р/н

Өндіруші кәсіпорынның СТН, БСН/ЖСН қолында барында

Өндіруші кәсіпорынның атауы

күннің басына өнім қалдығы

есепті кезеңде өндірілген этил спирт мен алкоголь өнімі

түрі

ЕБК

өнімнің атауы

шөмелк (дана) (шөлмекке құйылған алкоголь өнімі үшін)

шөлмектің сыйымдылығы (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

даллда

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



















































кестенің жалғасы

өлшеу аппаратының көрсеткіштері

спирт өлшеу аппаратының №

күннің басына спирт өлшеу аппараттарының көрсеткіштері

күннің  аяғына спирт өлшеу аппараттарының көрсеткіші

құю желісінің №

күннің басына СУАП есепшінің көрсеткіштері V-(литр),
N 1-(шөл.),
N 2-(шөл.)

күннің аяғына САУАП есепшінің көрсеткіштері V-(литр),
N 1-(шөл.),
N 2-(шөл.)

V

N1

N2

V

N1

N2

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20



















































кестенің жалғасы

басқа жақтан келіп түсті немесе одан әрі сатылған өнімді қайтару

кіріс түрі (басқа жақтан немесе қайтарылған)

түрлері бойынша

ЕБК

шөлмек данада (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

шөлмектегі сыйымдылық (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

даллда

жеткізуші заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның СТН, қолда бар болса БСН/ЖСН

жеткізуші заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы

21

22

23

24

25

26

27

28









































кестенің жалғасы

есепті кезеңде заңды немесе жеке тұлғаға тиеп-жөнелтілген этил спирт және алкоголь өнімі

күннің соңына өнім қалдығы

түрі

ЕБК

шөмелк (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

шөлмектің сыйымдылығы (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

даллда

мың теңгеде

алушы заңды тұлға немесе жеке тұлғаның СТН, қолында барында БСН/ЖСН

алушы заңды немесе жеке тұлғаның атауы

29

30

31

32

33

34

35

36

37














































Акциздік қосындының қызметін
ұйымдастыру Ережесіне  
3-қосымша        

нысан

Акциздік қосын деректері бойынша мұнай өнімдерін (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы күн сайынғы есеп

№ р/н

Өндірушінің СТН

өндіруші кәсіпорынның атауы

мұнай өнімінің түрі

Пин-код

тиеп-жөнелтілген (тонна)

операция коды

1

2

3

4

5

6

7











































кестенің жалғасы

іліспе жүк құжатының күні

іліспе жүк құжатының нөмірі

Алушы кәсіпорынның СТН

алушы кәсіпорынның атауы

мұнай өнімдерін жеткізу мекен-жайы

тиеп-жөнел у түрі (т/ж, автокөлік, құбыржол)

8

9

10

11

12

13





































Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне   
4-қосымша        

нысан

Алкоголь өнімі қозғалысының журналы

Күні

Қойма орындары бойынша қозғалысы (дал)

Акциздік қосын қызметкерлерінің қолдары

Ұйымның жауапты тұлғаларының қолдары

алынған

Жөнелтуші ел

Алкоголь өнімінің түрі

саны

Нормалар шегіндегі шығындар

бұзылу, жоғалу

Есеп-бақылау маркаларының диапазон нөмірлері

Іліспе құжаттары

күні

1

2

3

4

5



6

7

8

9

10













Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне  
5-қосымша         

нысан

Акцизделенетін өнімдердің жекелеген түрлерін тиеп-жөнелтуді жүзеге асырған кезде берілетін тиеп-жөнелту құжаттарының тізілімі

күні

өнім тиеп-жөнелтілді

Шот-фактураның №, күні

Мұнай өнімдеріне іліспе жүкқұжаттың №, күні

өнім түрі, атауы, маркасы

Тиеп-жөнелтілген өнімнің саны немесе көлемі (дана, дал, тонна)

Алушының атуаы, мекен жайы, СТН, барында ИИН/БИН

1

2

3

4

5

6







кестенің жалғасы

өнімді қайтару

Жазып берілген шот фактураның №, күні

Мұнай өнімдеріне берілген іліспе жүк құжаттың №, күні

өнімнің түрі, атауы, маркасы

өнімнің саны немесе көлемі (дана, дал, тонна)

Қайтару жүзеге асырылған ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-і, барында ИИН/БИН

Қайтару себептері (қайтару негізі)

7

8

9

10

11

12







Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне   
6-қосымша         

нысан

Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіретін зауыттарда электр қуаты мен суды есепке алу журналы

Күні

Электр қуатының шығысы

Су шығысы

ескерту

Электр қуатын есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Электр қуаты жұмсалды, Квт

Суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Су қолданылды, дал

Сағат 9.00-де

Сағат 18.00-де

Сағат 9.00-де

Сағат 18.00-де

1

2

3

4

5

6

7

8









Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне   
7-қосымша          

нысан

Негізгі шикізат қозғалысының журналы

Күні

Негізгі шикізаттың атауы

Қолда бар негізгі шикізат (тонна, дал.)

Акциздік қосын қызметкерлерінің қолдары

Ұйымның жауапты тұлғаларының қолдары

Күннің басына қалдығы

Бір күн ішінде алынды

өндіріске жіберілген

өндірістік шығындар

Күннің соңындағы қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне   
8-қосымша         

нысан

Этил спирті мен алкоголь өнімдері қозғалысының журналы

Күні

Дайын өнім қоймасы бойынша қозғалысы (дал)

Акциздік қосын қызметкерлерінің қолдары

Ұйымның жауапты тұлғаларының қолдары

Күннің басына қалдығы

алынды

өндірістік шығындар

Бір күн ішінде алынды

қайтару

Күннің соңындағы қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне  
9-қосымша       

нысан

Алкоголь өнімін есепке алу жүйесі көрсеткішінің журналы

Күні

Кезекшіліктің басына көрсеткіштер

Кезекшіліктің басына құю желілерен жуудан кейінгі көрсеткіштері

Шөлмектің сыйымдылығы

Кезекшіліктің соңына көрсеткіштер

Кезекшіліктің соңына құю желілерен жуудан кейінгі көрсеткіштері

Үдемелі көрсеткіштер

V

N1

N2

V

N1

N2

V

N1

N2

V

N1

N2

V

N1

N2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17


















Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне  
10-қосымша       

нысан

Есеп-бақылау және акциздік маркалары қозғалысының журналы

Күні

Есеп-бақылау және акциздік маркаларының  саны, дана

Акциздік қосын қызметкерлерінің қолдары

Акцизделенетін өнім өндіруші ұйымының жауапты тұлғаларының қолдары

Күннің басына қалдығы

Бір күн ішінде алынды

Пайдаланды

Күннің өндірістік шығындары

Күннің соңындағы қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8









Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне  
11-қосымша      

нысан

Мұнай өнімдері қозғалысының журналы

күні

Резервуарлардағы мұнай өнімдерінің қозғалысы (тонна)

ІЖҚ-мәліметтер

Акциздік қосын қызметкерлерінің қолдары

Акцизделенетін өнім өндіруші ұйымының жауапты тұлғаларының қолдары

Күннің басына қалдығы

алынды

өндірістік шығындар

Бір күн ішінде алынды

Күннің соңындағы қалдығы

ІЖҚ нөмірі

ІЖҚ күні

Мұнай өнімінің ДСН-коды

саны, (тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне  
12-қосымша       

нысан

Шыны ыдысы қозғалысының журналы

Күні

Шыны ыдысының қозғалысы, дана.

Күннің басына қалдығы

алынды

өндірістік шығындар

өндіріске жіберілген

қайтару

Күннің соңына қалдығы

1

2

3

4

5

6

7








Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне  
13-қосымша       

нысан

Гофро ыдысы қозғалысының журналы

Күні

Гофро ыдысының қозғалысы, дана.

Күннің басына қалдығы

алынды

өндірістік шығындар

өндіріске жіберілген

қайтару

Күннің соңына қалдығы

1

2

3

4

5

6

7








Акциздік қосындардың қызметін
ұйымдастыру ережесіне  
14-қосымша        

нысан

Заттаңбасы, контр заттаңбасы мен тығыны қозғалысының журналы

Күні

Заттаңбалары, контр заттаңбалары мен тығындарының қозғалысы, дана

атауы

Күннің басына қалдығы

алынды

өндірістік шығындар

өндіріске жіберілген

қайтару

Күннің соңына қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады