Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 09.11.2015 № 176 бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (4-т. қараңыз).
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1691101, индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1691101, индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2012.11.01 № 305 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
"Келісілген"
Қазақстан республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Жәмішев
2010 жылғы 4 қазан
Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасы міндетін
атқарушының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 276 бұйрығына 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2012.11.01 № 305 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы |
|||||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 1 к приказу Председателя Агентства Республики Казахстан |
|||||||||||||||||
Аумақтық органға тапсырылады |
|
|||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады |
||||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. |
||||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 1691101 |
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп
|
|||||||||||||||||
1-ӨҚ |
||||||||||||||||||
Айлық |
||||||||||||||||||
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жұмыс істейтіндердің тізімдік саны 50 адамнан асатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары тапсырады. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, банкілер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер және холдингтер статистикалық нысанды тапсырмайды. |
||||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі есепті кезеңнен кейінгі 15-күнде |
||||||||||||||||||
БСН коды |
1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері, мың теңге
Основные показатели финансово-хозяйственной деятельности предприятия, тысяч тенге
Жол коды |
Көрсеткіштердің атауы |
Есепті айға |
А |
Б |
1 |
1 |
Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі |
|
2 |
Өнімдерді өткізу, орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс |
|
3 |
Өткізілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны |
|
4 |
Қаржыландырудан түскен табыстар |
|
5 |
Өзге де табыстар |
|
6 |
Өндірістік емес шығыстар |
|
7 |
Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) |
2. Берешек туралы ақпарат, мың теңге
Информация о задолженности, тысяч тенге
Жол коды Код строки |
Көрсеткіштердің атауы |
Барлығы |
Оның ішінде мерзімі өткендер |
А |
Б |
1 |
2 |
1 |
Дебиторлық берешек, барлығы |
||
2 |
Міндеттемелер бойынша берешек |
||
3 |
оның ішінде еңбекақы төлеу бойынша берешек |
2.1. |
1 айдан жоғары еңбекақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешекті көрсетіңіз |
||
2.2. |
2 айдан жоғары еңбекақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешекті көрсетіңіз |
||
2.3. |
3 айдан жоғары еңбекақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешекті көрсетіңіз |
Атауы
Наименование____________________ Адрес ____________________
Тел.: __________________________ ____________________
Электрондық почта мекенжайы
Адрес электронной почты ___________________________
Орындаушының аты-жөні және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя _________ Тел.: _______
Басшы (Аты-жөні, тегі, қолы)
Руководитель ____________ (Ф.И.О. подпись) _________
Бас бухгалтер (Аты-жөні, тегі, қолы)
Главный бухгалтер _______(Ф.И.О. подпись) ___________
М.О.
М.П.
Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының 2010 жылғы
30 қыркүйектегі № 276 бұйрығына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2012.11.01 № 305 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
«Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп»
(1691101 коды, 1-ӨҚ индексі, айлық кезеңділігі)
жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (коды 1691101, индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (коды 1691101, индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының толтырылуын нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
1) дебиторлық берешек – жеке және заңды тұлғалардан, кәсіпорынға олармен шаруашылықтық өзара қатынасының қорытындысында тиесілі борыштар сомасы;
2) мерзімі өткен берешек - есеп беретін күнге өтелмеген берешектің өткен кезеңнен ауысқан қалдығы қосылған мерзімі өткен берешек сомасы;
3) міндеттемелер бойынша берешек – кәсіпорынмен уақытша тартылған және тиісті жеке және заңды тұлғаларға қайтаруға жататын ақшалай қаражаттар;
4) өндірілген өнім, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтің көлемі – өндірушінің бағасымен барлық жіберілген өнімнің, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің құны;
5) өндірістік емес шығыстар - өнімдер өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстар, әкімшілік шығыстар, қаржыландыруға жұмсалған және өзге де шығыстар кіретін кезең шығыстары;
6) өнімдерді өткізу, орындалған жұмыстар мен қызмет көрсетулерден түскен кіріс – қосылған құн салығы, акциздерді, сондай-ақ қайтарылып берілген тауарлар құны, сатып алушыларға ұсынылған сауда жеңілдіктері мен баға жеңілдіктерін алып тастағанда алуға жататын (алынған) сомасы;
7) өзге де кірістер – активтердің істен шығуынан, өтеусіз алынған активтерден, мемлекеттік субсидиялардан, құнсыздануды қалпына келтіруден, бағамдардың айырмашылығынан, операциялық жалға беруден, биологиялық активтердің әділ бағасының өзгеруінен түскен кірістер және өзгелер;
8) қаржыландырудан түсетін табыстар – қаржылық жалдау бойынша, сыйақылар, дивиденділер, жылжымайтын мүлік инвестицияларымен операциялардан, қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер және қаржыландырудан түсетін өзге де кірістер;
9) өткізілген өнім, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - шығарылған (тиелген) дайын өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) нақты өзіндік құны;
10) салық салғанға дейінгі пайда (залал) – қаржыландырудан түскен жалпы пайда, кіріс, өзге де табыстардың сомасы мен өнімді өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстардың, қаржыландыруға арналған шығыстардың, әкімшілік және өзге де шығыстардың сомасының айырмасы ретінде анықталады.
3. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) 1-бөлім «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері»:
7-жол = 2-жол – 3-жол + 4-жол + 5-жол – 6-жол
6-жол нөлге тең емес
2) 2-бөлім «Берешек туралы ақпарат»:
1-баған әрбір жол үшін 2-баған
3-жол әрбір баған үшін 2-жол
2-бағанның 3-жолы 2.1-2.3 – жолдар сомасына.