Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 176 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 тамыздағы № 207 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6453 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311);
      2) «Еңбек бойынша есеп» 1-Е статистикалық нысанына 2-қосымша» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 276 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6577 болып тіркелген);
      3) «Еңбек бойынша есеп» 1-Е статистикалық нысанына 2-қосымша» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 1 қарашадағы №305 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8127 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған 2013 жылғы 15 мамырдағы № 126 (28065)) күші жойылды деп танылсын.
      2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты бес жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы                      Ә. Смайлов

      «КЕЛІСЕМІН»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрі
      ______________ Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады