"Еңбек бойынша есеп" 1-Е статистикалық нысанына 2-қосымша" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 276 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6577 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 9 қарашадағы № 176 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 09.11.2015 № 176 бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (4-т. қараңыз).

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1691101, индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1691101, индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2012.11.01 № 305 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                       Ә. Смайылов

      "Келісілген"
      Қазақстан республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Жәмішев
      2010 жылғы 4 қазан

Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасы міндетін   
атқарушының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 276 бұйрығына 1-қосымша   

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2012.11.01 № 305 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы
30 қыркүйектегі № 276 бұйрығына 1-қосымша

Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан
Статистическая форма по общегосударственному статистическому наблюдению

Приложение 1 к приказу Председателя Агентства Республики Казахстан
по статистике от 30 сентября 2010 года № 276

Аумақтық органға тапсырылады
Представляется территориальному органу

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, час (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық

до 1 часа

более 40 часов

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Несвоевременное представление, предоставление недостоверных первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики является административным правонарушением, предусмотренным статьей 381 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».

Статистикалық нысан коды 1691101
Код статистическо й формы 1691101

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп
Отчет о финансово-хозяйственной деятельности предприятия

Есепті кезең
Отчетный период



ай
месяц

1-ӨҚ
1-ПФ

Айлық
Месячная

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жұмыс істейтіндердің тізімдік саны 50 адамнан асатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары тапсырады. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, банкілер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер және холдингтер статистикалық нысанды тапсырмайды.
Представляют юридические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность и филиалы иностранных юридических лиц, со списочной численностью работающих более 50 человек. Не представляют статистическую форму организации образования, здравоохранения, банки, страховые компании, пенсионные фонды, общественные фонды, общественные объединения и холдинги.

Тапсыру мерзімі есепті кезеңнен кейінгі 15-күнде
Срок представления - 15-го числа после отчетного периода

БСН коды
код БИН













      1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері, мың теңге
      Основные показатели финансово-хозяйственной деятельности предприятия, тысяч тенге

Жол коды
Код строки

Көрсеткіштердің атауы
Наименование показателей

Есепті айға
За отчетный
месяц

А

Б

1

1

Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі
Объем произведенной продукции, выполненных работ и оказанных услуг


2

Өнімдерді өткізу, орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс
Доход от реализации продукции, выполненных работ и оказания услуг


3

Өткізілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
Себестоимость реализованной продукции, выполненных работ и оказанных услуг


4

Қаржыландырудан түскен табыстар
Доходы от финансирования


5

Өзге де табыстар
Прочие доходы


6

Өндірістік емес шығыстар
Непроизводственные расходы


7

Салық салынғанға дейінгі пайда (залал)
Прибыль (убыток) до налогообложения


      2. Берешек туралы ақпарат, мың теңге
      Информация о задолженности, тысяч тенге

Жол коды Код строки

Көрсеткіштердің атауы
Наименование показателей

Барлығы
Всего

Оның ішінде мерзімі өткендер
Из нее просроченная

А

Б

1

2

1

Дебиторлық берешек, барлығы
Дебиторская задолженность, всего



2

Міндеттемелер бойынша берешек
Задолженность по обязательствам



3

оның ішінде еңбекақы төлеу бойынша берешек
из нее задолженность по оплате труда



2.1.

1 айдан жоғары еңбекақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешекті көрсетіңіз
Укажите просроченную задолженность по оплате труда свыше 1-го месяца


2.2.

2 айдан жоғары еңбекақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешекті көрсетіңіз
Укажите просроченную задолженность по оплате труда свыше 2-х месяцев


2.3.

3 айдан жоғары еңбекақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешекті көрсетіңіз
Укажите просроченную задолженность по оплате труда свыше 3-х месяцев


      Атауы
      Наименование____________________ Адрес ____________________
      Тел.: __________________________       ____________________

      Электрондық почта мекенжайы
      Адрес электронной почты ___________________________

      Орындаушының аты-жөні және телефоны
      Фамилия и телефон исполнителя _________ Тел.: _______

      Басшы                    (Аты-жөні, тегі, қолы)
      Руководитель ____________ (Ф.И.О. подпись) _________

      Бас бухгалтер            (Аты-жөні, тегі, қолы)
      Главный бухгалтер _______(Ф.И.О. подпись) ___________

                                              М.О.
                                              М.П.

Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының 2010 жылғы
30 қыркүйектегі № 276 бұйрығына
2-қосымша         

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2012.11.01 № 305 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

«Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп»
(1691101 коды, 1-ӨҚ индексі, айлық кезеңділігі)
жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (коды 1691101, индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (коды 1691101, индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының толтырылуын нақтылайды.
      2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
      1) дебиторлық берешек – жеке және заңды тұлғалардан, кәсіпорынға олармен шаруашылықтық өзара қатынасының қорытындысында тиесілі борыштар сомасы;
      2) мерзімі өткен берешек - есеп беретін күнге өтелмеген берешектің өткен кезеңнен ауысқан қалдығы қосылған мерзімі өткен берешек сомасы;
      3) міндеттемелер бойынша берешек – кәсіпорынмен уақытша тартылған және тиісті жеке және заңды тұлғаларға қайтаруға жататын ақшалай қаражаттар;
      4) өндірілген өнім, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтің көлемі – өндірушінің бағасымен барлық жіберілген өнімнің, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің құны;
      5) өндірістік емес шығыстар - өнімдер өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстар, әкімшілік шығыстар, қаржыландыруға жұмсалған және өзге де шығыстар кіретін кезең шығыстары;
      6) өнімдерді өткізу, орындалған жұмыстар мен қызмет көрсетулерден түскен кіріс – қосылған құн салығы, акциздерді, сондай-ақ қайтарылып берілген тауарлар құны, сатып алушыларға ұсынылған сауда жеңілдіктері мен баға жеңілдіктерін алып тастағанда алуға жататын (алынған) сомасы;
      7) өзге де кірістер – активтердің істен шығуынан, өтеусіз алынған активтерден, мемлекеттік субсидиялардан, құнсыздануды қалпына келтіруден, бағамдардың айырмашылығынан, операциялық жалға беруден, биологиялық активтердің әділ бағасының өзгеруінен түскен кірістер және өзгелер;
      8) қаржыландырудан түсетін табыстар – қаржылық жалдау бойынша, сыйақылар, дивиденділер, жылжымайтын мүлік инвестицияларымен операциялардан, қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер және қаржыландырудан түсетін өзге де кірістер;
      9) өткізілген өнім, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - шығарылған (тиелген) дайын өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) нақты өзіндік құны;
      10) салық салғанға дейінгі пайда (залал) – қаржыландырудан түскен жалпы пайда, кіріс, өзге де табыстардың сомасы мен өнімді өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстардың, қаржыландыруға арналған шығыстардың, әкімшілік және өзге де шығыстардың сомасының айырмасы ретінде анықталады.
      3. Арифметикалық-логикалық бақылау:
      1) 1-бөлім «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері»:
      7-жол = 2-жол – 3-жол + 4-жол + 5-жол – 6-жол
      6-жол нөлге тең емес
      2) 2-бөлім «Берешек туралы ақпарат»:
      1-баған әрбір жол үшін 2-баған
      3-жол әрбір баған үшін 2-жол
      2-бағанның 3-жолы 2.1-2.3 – жолдар сомасына. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады