Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы N 292 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6601 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 77-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-бап):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерінде:
      36-2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Алдын алу есебінде тұратын сотталғандарды тексеруге арналған түбіртектерге, айыру жолақтарын салу: қашуға бейім сотталғандар үшін – қызыл түс, ал қалған алдын алу есебінің түрлеріне – қара түс.»;
      11-тармақтың 7) тармақшасына:
      «сақал және» деген сөздер алып тасталсын;
      «бастың шашты жерлерін қысқа қырқылған» деген сөздерден кейін «1,5 сантиметрге дейін» деген сөздермен толықтыру;
      9 бөлім:
      тақырыпта «қауіпсіз орын» деген сөздерден кейін «, түзеу мекемелердегі жабылатын үй-жайларда (камераларда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «142. Айыптылық және тәртiптiк изоляторларына, камералық үлгідегі үй-жайларға және жалғыз адамдық камераларға орналастырылған сотталғандарға темекі шегуге тыйым салынады (өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін).
      Сотталғандарды айыптылық және тәртіптік изоляторларына, камералық үлгідегі үй жайларға және жалғыз адамдық камераларға қабылдау кезінде олар толық тінтуден өткізіледі, содан соң, осы үй-жайларға бекітілген киімдерді киеді.»;
      мынадай мазмұндағы 25-тараумен толықтырылсын:

      «25. Түзеу мекемелеріндегі жабылатын үй-жайларда (камераларда) сотталғандарды ұстау жағдайларының ерекшеліктері

      158. Сотталғандар түзеу мекемелерінің жабылатын үй-жайларына (камераларына) Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексінің 95-бабы 1 тармағымен бекітілген тұрғын алаң нормаларына сәйкес орналастырылады. Әр камерада міндетті түрде жататын жеке орын, киімдер және іш киімдер, ыдыс аяқтарды сақтау үшін шкафтар, радионүкте, санузел және қолжуғыш болуы керек. Әр корпус монша қондырғылары және душтармен жабдықталады.
      159. Жабылатын үй-жайлар (камерада ұсталу) түріндегі түзеу мекемелеріне келген сотталғандар, ТМ бастығының кезекші көмекшісі немесе оның орынбасары жедел қызметкерлер мен психологтардың келісуімен карантиндік бөлімшелер камераларына орналастырылады. Карантинде болудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін, ТМ комиссиясымен сотталғандар камералар бойынша бөлінеді. Бірге қылмыс жасаған және туыстық байланыстары бар сотталғандар жеке (бөлек корпустарға) орналастырылады. Олардың арасында байланыстарды болдырмау мақсатында, мекеме әкімшілігі шаралар қабылдайды.
      160. Жабылатын үй-жайларда (камераларда) ұсталынатын сотталғандармен телебағдарламаларды көру және радиобағдарламаларды тыңдау жұмыстан бос уақытта, сондай-ақ күн тәртібімен түнгі демалуға бөлінген уақыттан басқа бос уақытта жүргізіледі. Әр камераға бір данадан артық емес теле-, аудио-, бейне техникалар рұқсат етіледі.
      161. Жабылатын үй-жайларда (камераларда) ұсталынатын сотталғандардың серуендері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 89-бабына сәйкес жүргізіледі.
      162. Камерадан шығарған және камераға кіргізген кезде, сотталғандар толық емес тінтуден өткізіледі. Сотталғандар серуенде болған кезде, тыйым салынған заттарды және қашуға дайындықты анықтау мақсатында, камераларға тексеру жүргізіледі, сондай-ақ құлыптардың, терезе торлардың және басқа да құрылғылардың жұмыс қалпы тексеріледі.
      163. Түзеу мекемелерінің жабылатын үй-жайларында (камераларында) ұсталатын сотталғандарды тексеру корпуста жүргізіледі. Сотталғандар камера бойынша корпустың дәлізіне шығарылып, тексеру түбіртегі бойынша сотталғандарды салыстыру жүргізіледі. Сонымен бірге сотталғандардың сыртқы түрі тексеріледі.
      164. Түзеу мекемелерінің жабылатын үй-жайларында (камераларында) ұсталатын сотталғандарға тек серуен кезінде ғана темекі тартуға рұқсат етіледі.
      165. Сотталғандардың жеке заттары, жеке гигиена мен азық-түліктерді қоспағанда, сақтау камераларына тапсырылады. Сотталғандарға тиесілі темекі өнімдері мен сіріңке, шақпақтары да сақтау камераларының арнайы жабдықталған шкафтарында (жәшіктерде) сақталады. Сотталғандарға сақтау камерасындағы заттарды алу бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      166. Сотталғандармен ас қабылдау жабылатын үй-жайларда (камераларда) жүргізіледі. Өндіріс аумағына жұмыс істеуге шығарылған сотталғандар өндіріс нысандарының асханасында немесе тұрғын аумақтың асханасында ас қабылдайды.
      167. Сотталғандарды дәрігердің қабылдауына (медициналық тексеруге) алдын ала жазу медицина қызметкерімен бақылаушылар құрамымен кезекшіліктің тапсыру мен қабылдау және сотталғандарды салыстыру жүргізу кезінде жүзеге асырылады. Сотталғанды госпитализациялау қажет болған жағдайда, оны түзеу мекемесінің медициналық санитарлық бөлімі стационарына ауыстырады.»;
      4-қосымшасына:
      1 абзацтағы «кез келген түс (қызылды қоспағанда)» деген сөздер «ақ түсті» деген сөздерге ауыстырылсын;
      2 абзацтағы «алюминий немесе» деген сөздер алып тасталсын;
      11-қосымша мынадай редакция жазылсын:
      «Бекітілген киім үлгісін сипаттау ӨБА және ӨЖ сотталғандар үшін бекітілген киім үлгісін (қара түсті) ені 3 см. болатын ақ түсті үш жолақтарды арасы 2 см. шалбардың балағына және куртканың жеңіне тігілген. Курткалардың және жылы сырт киімдердің үстінен көлемі 15х8 см. болатын трафаретпен «ӨБА» немесе «ӨЖ» жазу жазылған. Ішкі киімдер мақта бұлынан болуы тиіс. Сотталғандар камерада темір бөліктері жоқ жұмсақ тәпішке киюі керек.
      тәрбие колониясында және жалпы режимдегі сотталғандар үшін бекітілген киім үлгісі – қою сұр түсті, ені 3 см. болатын жарық шағылысатын бір жолақ шалбардың балағына, куртканың жеңіне және арқа мен кеуденің ені бойынша тігілген;
      Қатаң режимдегі сотталғандар үшін бекітілген киім үлгісі – қою қоңыр түсті, ені 3 см. болатын жарық шағылысатын бір жолақ шалбардың балағына, куртканың жеңіне және арқа және кеуденің ені бойынша тігілген;
      Түрме және ерекше режимдегі сотталғандар үшін бекітілген киім үлгісі – қара түсті, ені 3 см. болатын жарық шағылысатын бір жолақ шалбардың балағына, куртканың жеңіне және арқа мен кеуденің ені бойынша тігілген;
      Сотталған әйелдер үшін бекітілген киім үлгісі – қою көк түсті, ені 3 см. болатын жарық шағылысатын бір жолақ арқа мен кеуденің ені бойынша тігілген;
      Айып изоляторларында (тәртіптік изоляторларында) және камера үлгідегі үй жайдағы (жалғыз камерада) ұсталынатын сотталғандар үшін бекітілген киім үлгісі – қызғылт сары түсті, ені 3 см. болатын жарық шағылысатын бір жолақ шалбардың балағына, куртканың жеңіне және арқа мен кеуденің ені бойынша тігілген. Курткалардың және жылы сырт киімдердің үстінен көлемі 15х8 см. болатын жазу «АИ», «ТИ», «КҮҮЖ» немесе «ЖК» трафарет арқылы түсіріледі.
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 9-10, 544 бап):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
      9-тарауда
      тақырыпта «Түрмелерде» деген сөзден кейін «түзеу мекемелердің жабылатын үй-жайларында (камераларда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      Барлық мәтіндегі «түрмелердің», «түрмелердегі», «түрме», «түрмеден», «түрмені», «түрме бойынша», «түрмедегі», «түрмеге», «түрмеде» деген сөзден кейін «, жабылатын үй-жайлары бар түзеу мекемелердің (камераларда ұстаумен)», «, жабылатын үй-жайлары бар түзеу мекемелердегі (камераларда ұстаумен)», «, жабылатын үй-жайлары бар түзеу мекемелер (камераларда ұстаумен)», «, жабылатын үй-жайлары бар түзеу мекемелерден (камераларда ұстаумен)», «, жабылатын үй-жайлары бар түзеу мекемелерді (камераларда ұстаумен)», «, жабылатын үй-жайлары бар түзеу мекемелер (камераларда ұстаумен)», «, жабылатын үй-жайлары бар түзеу мекемелерге (камераларда ұстаумен)», «, жабылатын үй-жайлары бар түзеу мекемелерде (камераларда ұстаумен)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «ТБКК» аббревиатурасынан кейін «, ТМБКК» аббревиатурасымен толықтырылсын.
      46-қосымшасында:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түрменің корпустық бөлімдерінің, түзеу мекемелердің жабылатын үй-жайларымен (камераларда ұстауымен) № ___ табелі»;
      51-қосымшасында:
      «Түрме бастығының кезекші көмекшісі» деген сөздерден кейін «, түзеу мекемелердің жабылатын үй-жайларымен (камераларда ұстауымен)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «түрмеден кетті» деген сөздерден кейін «, түзеу мекемелердің жабылатын үй-жайларымен (камераларда ұстауымен)» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді, 28-35 абзацтардағы 1-тармақтың 1-тармақшасын есепке алмағанда, ол 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы                          Д. Құсдәулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады