Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 827 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 22 қарашада № 6648 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 06 тамыздағы № 457 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.  06.08.2013 № 457 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-ІV Заңының 13-бабына сәйкес, сот-сараптама қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 65 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4559 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған (2007 жыл, сәуір, № 4, 245-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 19 қазандағы   
№ 827 бұйрығымен бекітілді 

Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру (бұдан әрі - біліктілік) - бұл Қазақстан Республикасында сот-медициналық, сот-психиатриялық немесе сот-наркологиялық сараптаманың қызметін жүзеге асыруға тұлғалар дайындығының кәсіби деңгейін анықтаудың міндетті рәсімі.
      3. Жоғары кәсіби деңгейде және сот сараптамасы саласында қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының процессуалдық заңнамасының талаптарына сәйкес сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру бойынша оған жүктелген міндеттерді орындауға қабілеттілігі сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыға біліктілік беру кезінде бағалаудың негізгі критерийі болып табылады.
      4. "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының талаптарына сэйкес келетін қанағаттандыратын тұлғаларға сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшысының біліктілігі беріледі.
      Сот-медициналық сарапшысы - биолог, сот-медициналық сарапшысы - гистолог, сот-медициналық сарапшысы - химик-токсиколог біліктілігін беруге арналған емтиханды жоғары оқу орнын бітіргеннен және мамандығы бойынша алғашқы мамандандырудан өткеннен кейін тапсыра алады.
      5. Біліктілікті медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласын бақылау мемлекеттік органының (бұдан әрі - мемлекеттік орган) біліктілік комиссиясы береді.

2. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде ұсынылатын құжаттар

      6. Біліктілік емтиханынан өту үшін үміткерлер мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды:
      1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      2) жеке куәліктің көшірмесін;
      3) ұйым басшысының қолы қойылған атқарған жұмысы, кәсіби қызметі, көтермелеу болғандығы туралы мәліметтерден тұратын қызметтік мінездемесін;
      4) жоғары кәсіптік білімі туралы дипломының нотариалдық расталған көшірмесін;
      5) ұйымның кадр қызметі басшысының растаған еңбек кітапшасының көшірмесін;
      6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық басқармалары беретін соттылығы болмағаны туралы анықтаманы;
      7) медициналық құжаттарды беру мерзімінен бір айдан кешіктірмей психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алынған анықтамаларды;
      8) медициналық қызметпен айналысу құқығына берілген маман сертификатының көшірмесін (медициналық білімі бар тұлғалар үшін);
      9) мамандану, біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы ұйымның кадр қызметінің басшысы растаған құжаттардың көшірмелерін ұсынады;
      7. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері:
      1) үміткердің өтініші негізінде үміткерлердің құжаттарын (іс жүргізуші тіркегеннен кейін) қабылдауды және талдауды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік органның біліктілік комиссиясына біліктілік комиссиясының отырысына дейін 10 күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың тізімдерін, пакеттерін, тестілеу нәтижелерін тапсырады;
      3) үміткерлерге біліктілік куәліктерін береді.

3. Біліктілік емтиханын өткізу

      8. Біліктілік емтиханы 2 кезеңнен тұрады:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.
      9. Тестілеуді үміткердің негізгі жұмыс орны бойынша аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.
      10. Тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. Нәтижелер екі данада басылады, оның біреуі үміткерге, екіншісі үміткердің қолы қойылып, тиісті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінде сақталады.
      Мамандық бойынша тест сұрақтарының саны - 50. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт 60 минутты құрайды.
      Тестілеуден өту үшін шекті деңгей дұрыс жауаптың 60 %-н құрайды.
      Тестілеу нәтижелері тапсырған күннен бастап жыл бойы күшінде болады.
      11. Егер тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болса, үміткер біліктілік емтиханының келесі кезеңіне жіберілмейді.
      12. Мемлекеттік орган әңгімелесуді жүргізу үшін мемлекеттік орган, денсаулық сақтау саласындағы ғылым және білім сот сараптамасы органдары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арасынан комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.
      Комиссия құрамы комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға болып мемлекеттік органның өкілі тағайындалады. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмауы тиіс.
      13. Комиссияның мәжілісі мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген мерзімде, бірақ жылына кемінде екі рет жүргізіледі.
      14. Аттестаттау комиссиясының шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысқанда заңды деп саналады. Әңгімелесу үдерісінде сот сарапшыларының кәсіби деңгейі бағаланады.
      Дауыс беру нәтижелері мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.
      15. Біліктілік емтиханының нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы келесі шешімдердің бірін шығарады:
      1) біліктілік куәлігін сот сарапшыларының мемлекеттік тіркеліміне кейін енгізетін болып беру;
      2) біліктілік куәлігін беруден бас тарту.
      16. Біліктілік емтиханының нәтижелері осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде рәсімделеді.
      17. Біліктілік куәлігін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығы түрінде рәсімделеді.
      18. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
      19. Біліктілік комиссиясының хатшысы біліктілік куәліктерін берудің тіркеу журналын жүргізеді, сондай-ақ біліктілік емтиханынан өткен адамдарды сот сарапшыларының бірыңғай тізіліміне енгізу үшін әділет органдарына тиісті ақпаратты жібереді.
      20. Біліктілік емтиханынан өтпеген маман біліктілік емтиханын мамандығы бойынша кемінде 108 сағат біліктілікті арттыру курсынан өткен жағдайда, алты айдан кейін қайтадан өте алады.

4. Қорытынды ережелер

      21. Біліктілік куәлігін жоғалған немесе бүлінген жағдайларда үміткердің өтініші және құжаттары негізінде мемлекеттік орган біліктілік куәлігінің көшірме нұсқасын береді.
      22. Мемлекеттік органның сот сарапшыларына сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін жүргізу құқығын беруден бас тарту туралы шешіміне мемлекеттік органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға болады.

Сот-медициналық, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық сараптаманың
белгілі бір түрін өндіру құқығына 
біліктілікті беру нұсқаулығына    
1-қосымша             

нысаны    

Мемлекеттік органның төрағасына
_______________________________
(мемлекеттік орган)   
_______________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты)  

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________
___________________________________________________________ мамандығы бойынша мені сот сараптамасының өндіру құқығына біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.
Мамандығым бойынша жұмыс өтілім ___________________________________

___________________________
(толтырылған күні)  
___________________________
(үміткердің қолы)   

Сот-медициналық, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық сараптаманың
белгілі бір түрін өндіру құқығына 
біліктілікті беру нұсқаулығына    
2-қосымша           

нысаны   

Біліктілік комиссиясы отырысының
20__жылғы "__" _________________
№ хаттамасы

1. Тегі, аты, әкесінің аты
_________________________________________________________________
2. Мамандығы ____________________________________________________
3. Тестілеу нәтижелері __________________________________________
4. Әңгімелесу нәтижелері: _______________________________________
   сұрақтар _____________________________________________________
   жауаптары ____________________________________________________
             ____________________________________________________
5. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің «қосыламын» _______,
   «қарсымын» ______ дауыс беру нәтижелері шешімін қабылдау
6. Біліктілік комиссиясының шешімі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қолдары:
Комиссия төрағасы: ______________________________________________
Комиссия мүшелері: ______________________________________________
                   ______________________________________________
Комиссия хатшысы:  ______________________________________________

Сот-медициналық, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық сараптаманың
белгілі бір түрін өндіру құқығына 
біліктілікті беру нұсқаулығына    
3-қосымша           

нысаны  

Сот сараптамасын өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі

Осы куәлік _______________________________________________________
__________________________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________ берілді.
Оған ___________________________________________________ мамандығы
бойынша сот сараптамасын өндіру құқығына біліктілік берілді.
Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының 20__жылғы "___" № ____ бұйрығы
Тіркеу № _____
Берілген күні 20__жылғы "___" ___________

      Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының қолы ______________________________ (___________)
                                Т.А Ә.

      М.О.      Берілген орны __________________________

Об утверждении Инструкции по присвоению квалификации на право производства определенного вида судебно-медицинской, судебно-психиатрической и судебно-наркологической экспертиз

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 октября 2010 года № 827. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 ноября 2010 года № 6648. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 августа 2013 года № 457

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения РК от 06.08.2013 № 457 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 6.

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 20 января 2010 года "О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан", в целях совершенствования судебной экспертной деятельности, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по присвоению квалификации на право производства определенного вида судебно-медицинской, судебно-психиатрической и судебно-наркологической экспертиз.
      2. Комитету контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бейсен Н.Е.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бисмильдин Ф.Б.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 января 2007 года № 65 "Об утверждении Инструкции по присвоению квалификации на право производства определенного вида судебно-медицинской, судебно-психиатрической и судебно-наркологической экспертизы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4559, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан (апрель, 2007 год, № 4, ст. 83)).
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Курмангалиеву А.Д.
      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр                                    С. Каирбекова

Утверждена           
приказом Министра здравоохранения
Республики Казахстан     
от 19 октября 2010 года № 827  

Инструкция по присвоению квалификации на право производства
определенного вида судебно-медицинской, судебно-психиатрической
и судебно-наркологической экспертиз

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция разработана в соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 20 января 2010 года "О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан".
      2. Присвоение квалификации на право производства определенного вида судебно-медицинской, судебно-психиатрической и судебно-наркологической экспертизы (далее - квалификация) - обязательная процедура определения профессионального уровня готовности лиц осуществлять судебно-медицинскую, судебно-психиатрическую, судебно-наркологическую экспертную деятельность в Республике Казахстан.
      3. Основным критерием оценки при присвоении квалификации судебно-медицинского, судебно-психиатрического, судебно-наркологического эксперта является способность выполнять возложенные на него обязанности по производству определенного вида судебно-медицинской, судебно-психиатрической и судебно-наркологической экспертизы на высоком профессиональном уровне и в соответствии с современными научными достижениями в области судебной экспертизы, а также требованиями процессуального законодательства Республики Казахстан.
      4. Квалификация судебно-медицинского, судебно-психиатрического, судебно-наркологического эксперта присваивается лицам, соответствующим требованиям пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан".
      Экзамен для присвоения квалификации судебно-медицинского эксперта-биолога, судебно-медицинского эксперта-гистолога, судебно-медицинского эксперта-химика-токсиколога проходят специалисты после окончания высшего учебного заведения и прохождения первичной специализации по специальности.
      5. Квалификация присваивается квалификационной комиссией государственного органа по контролю за медицинской и фармацевтической деятельностью (далее - государственный орган).

2. Документы, представляемые при сдаче
квалификационного экзамена

      6. Для прохождения квалификационного экзамена претенденты представляют в территориальные подразделения государственного органа следующие документы:
      1) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящей Инструкции;
      2) копию удостоверения личности;
      3) служебную характеристику, подписанную руководителем организации, содержащую сведения о проделанной работе, профессиональной деятельности, наличии поощрений;
      4) нотариально заверенную копию диплома о высшем профессиональном образовании;
      5) копию трудовой книжки, заверенную руководителем кадровой службы организации;
      6) справку об отсутствии судимости, которая выдается территориальными управлениями Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан;
      7) справки из психоневрологического и наркологического диспансеров, выданные не позднее месячного срока на момент представления документов;
      8) копию сертификата специалиста на право занятия медицинской деятельностью (для лиц с медицинским образованием);
      9) копии документов о прохождении курсов повышения квалификации, специализации, заверенные руководителем кадровой службы организации.
      7. Территориальные подразделения государственного органа:
      1) осуществляют прием и анализ документов претендентов (после регистрации делопроизводителем) на основании заявления претендента;
      2) направляют в квалификационную комиссию государственного органа списки, пакеты представленных документов, результаты тестирования не позднее 10 рабочих дней до заседания квалификационной комиссии;
      3) выдают претендентам квалификационные свидетельства.

3. Проведение квалификационного экзамена

      8. Квалификационный экзамен состоит из 2 этапов:
      1) тестирование;
      2) собеседование.
      9. Тестирование осуществляется территориальными подразделениями государственного органа по месту основной работы претендента.
      10. Тестирование проводится автоматизированным компьютерным способом на государственном или русском языках по выбору претендента.
      Результаты распечатываются в двух экземплярах, один из которых выдается претенденту, второй экземпляр с подписью претендента хранится в территориальном подразделении государственного органа.
      Число тестовых вопросов по специальности составляет 50. Общее время тестирования составляет 60 минут.
      Пороговый уровень для прохождения тестирования составляет 60 % правильных ответов.
      Результаты тестирования действуют в течение года с момента его сдачи.
      11. В случае если результаты тестирования составляют менее установленного порогового уровня, претендент к следующему этапу квалификационного экзамена не допускается.
      12. Для проведения собеседования государственный орган создает квалификационную комиссию (далее - комиссия) из числа представителей государственного органа, научных организаций и организаций образования в области здравоохранения, органов судебной экспертизы и неправительственных организаций.
      Комиссия состоит из членов и секретаря комиссии. Из числа членов квалификационной комиссии председателем назначается представитель государственного органа. Количество членов комиссии должно составлять не менее семи человек.
      13. Заседание комиссии проводится в сроки, определяемые первым руководителем государственного органа, но не реже двух раз в год.
      14. Решение комиссии считается правомочным, если на заседании комиссии присутствовало не менее 2/3 от общего числа членов комиссии.
      Результаты голосования определяются большинством голосов членов комиссии, принявших участие в заседании. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель комиссии.
      15. По результатам квалификационного экзамена комиссия выносит одно из следующих решений:
      1) выдать квалификационное свидетельство с последующим включением в государственный реестр судебных экспертов;
      2) отказать в выдаче квалификационного свидетельства.
      16. Результаты квалификационного экзамена оформляются в виде протокола по форме, согласно приложению 2 к настоящей Инструкции.
      17. Решение о выдаче или отказе в выдаче квалификационного свидетельства оформляется в виде приказа первого руководителя государственного органа.
      18. Квалификационное свидетельство на право производства определенного вида судебно-медицинской, судебно-психиатрической, судебно-наркологической экспертизы выдается по форме, согласно приложению 3 к настоящей Инструкции.
      19. Секретарь квалификационной комиссии ведет журнал регистрации выдачи квалификационного свидетельства, а также направляет соответствующую информацию в органы юстиции для включения лиц, прошедших квалификационный экзамен, в государственный реестр судебных экспертов.
      20. Специалист, не прошедший квалификационный экзамен, повторно сдает квалификационный экзамен не ранее шести месяцев, при условии прохождения курсов повышения квалификации по специальности в количестве не менее 108 часов.

4. Заключительные положения

      21. В случае утери или порчи квалификационного свидетельства соответствующий государственный орган выдает дубликат квалификационного свидетельства на основании заявления претендента.
      22. Решение государственного органа об отказе в присвоении судебным экспертам квалификации на право производства определенного вида судебно-медицинской, судебно-психиатрической, судебно-наркологической экспертизы может быть обжаловано в государственном органе или в суде в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1              
к Инструкции по присвоению        
квалификации на право           
производства определенного вида       
судебно-медицинской, судебно-психиатрической
и судебно-наркологической экспертизы    

форма           

Председателю             
государственного органа       
___________________________     
___________________________     
(государственный орган)      
от ________________________     
(фамилия, имя, отчество)     

                                ЗАЯВЛЕНИЕ

      Прошу Вас допустить меня к квалификационному экзамену на право
производства судебной экспертизы по специальности __________________
____________________________________________________________________
стаж работы по специальности _______________________________________
____________________________________________________________________

                                                     _______________
                                                         (дата)
                                                ____________________
                                                (подпись претендента)

Приложение 2              
к Инструкции по присвоению        
квалификации на право           
производства определенного вида      
судебно-медицинской, судебно-психиатрической
и судебно-наркологической экспертизы    

форма           

                               Протокол N
                заседания квалификационной комиссии

                        от "__" _______ 20_ года

1. Фамилия, имя, отчество
____________________________________________________________________
2. Специальность ___________________________________________________
3. Результаты тестирования _________________________________________
4. Результат собеседования:
вопрос _____________________________________________________________
____________________________________________________________________
ответ ______________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Результаты голосования членов квалификационной комиссии по принятию
решения: "за" _____, "против" ____ голосов
6. Решение квалификационной комиссии
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Подписи:
Председатель комиссии: _____________________
Члены комиссии: ____________________________
                ____________________________
Секретарь комиссии: ________________________

Приложение 3            
к Инструкции по присвоению       
квалификации на право         
производства определенного вида    
судебно-медицинской, судебно-психиатрической
и судебно-наркологической экспертизы  

форма           

              Квалификационное свидетельство на право
                 производства судебной экспертизы

Настоящее свидетельство выдано _____________________________________
____________________________________________________________________
                           (фамилия, имя, отчество)
в том, что ему (ей) присвоена ______________________________________
квалификация на право производства судебной экспертизы по специальности
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Приказ руководителя государственного органа, вынесшего решение
о его выдаче от "__" __________ 20__ года № __
Регистрационный № _____
Дата выдачи "__" _________ 20__ года

      Подпись руководителя государственного органа, вынесшего решение
о его выдаче __________________________________ (_______________)
                                                    Ф. И. О.
                           Место выдачи: _______________

      М.П.