Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 06 тамыздағы № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8664 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 581 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.07.2016 № 581 (Осы бұйрық 01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 115-р өкімін іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.Ю.Пак):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асаинова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 827 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6648 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрдің
      міндетін атқарушы                       Е. Байжүнісов

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрдің
міндетін атқарушы    
2013 жылғы 06 тамыздағы 
№ 457 бұйрығымен    
бекітілген      

Сот сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына
сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшы
біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Сот-медициналық, сот-психиатриялық немесе сот-наркологиялық сарапшы (бұдан әрі – сот сарапшысы) біліктілігін беру сот сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік куәлігін (бұдан әрі – біліктілік куәлігі) бере отырып, сот сарапшысының біліктілік емтиханын тапсыруы арқылы жүзеге асырылады.
      3. Сот-медициналық сарапшы біліктілігін беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидасын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) есепке ала отырып жүзеге асырылады.
      4. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік (бұдан әрі - біліктілік) беру - бұл Қазақстан Республикасында сот-медициналықсот-психиатриялықсот-наркологиялық сараптаманың қызметін жүзеге асыруға тұлғалар дайындығының кәсіби деңгейін анықтаудың міндетті рәсімі.
      5. Сот сарапшысы біліктілігін беру кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі жоғары кәсіби деңгейде және сот сараптамасы саласында қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық процессуалдық заңнамасының талаптарына сәйкес сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру бойынша оған жүктелген міндеттерді орындауға қабілеттілігі болып табылады.
      6. Біліктілікті медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органның (бұдан әрі - мемлекеттік орган) біліктілік комиссиясы береді.
      7. Біліктілік емтихандары өтініш иесі осы Қағиданың 9-тармағында белгіленген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізіледі.

2. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде ұсынылатын құжаттар

      8. Біліктілік емтиханынан өту үшін өтініш иелері мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      2) азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;
      3) ұйым басшысының қолы қойылған, атқарған жұмысы, кәсіби қызметі, көтермелегені туралы мәліметтерден тұратын қызметтік мінездемесін;
      4) жоғары кәсіптік білімі туралы дипломының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат растаған);
      5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
      6) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармалары беретін соттылығы болмағаны туралы анықтаманы;
      7) құжаттарды беру мерзімінен бір айдан кешіктірмей психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алынған анықтамаларды;
      8) медициналық қызметпен айналысу құқығына берілген маман сертификатының көшірмесін (медициналық білімі бар тұлғалар үшін);
      9) ұйымның кадр қызметінің басшысы растаған біліктілікті арттыру, мамандану курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      9. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері:
      1) өтініш иесінің өтініші негізінде «бір терезе» қағидаты бойынша өтініш иелерінің құжаттарын (іс жүргізуші тіркегеннен кейін) қабылдауды жүзеге асырады;
      Осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-дан сағат 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде құжаттарды одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
      Өтініш иесі құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда ол тестілеуге жіберіледі.
      Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі құжаттар түскеннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей сот сараптамасы органдарына өтініш иесін тестілеудің уақыты мен күні туралы (жазбаша, электрондық түрде немесе телефонограмма арқылы) хабарлама жібереді.
      2) үміткерлерді тестілеуден өткізеді;
      3) мемлекеттік органның біліктілік комиссиясына (тестілеу оң өткен жағдайда) ұсынылған құжаттардың тізімдерін, пакеттерін, тестілеу нәтижелерін әңгімелесуге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырады.

3. Біліктілік емтиханын өткізу

      11. Біліктілік емтиханы 2 кезеңнен тұрады:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.
      11. Тестілеуді өтініш иесінің негізгі жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады және ол автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен өтініш иесінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жұмыс күндері сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін жүргізіледі.
      Мамандық бойынша тест сұрақтарының саны - 50. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт 60 минутты құрайды.
      Тестілеуден өту үшін бастапқы деңгей дұрыс жауаптың 60 %-ын құрайды.
      Нәтижелері екі данада басылады, оның біреуі өтініш иесіне беріледі, екіншісі өтініш иесінің қолы қойылып, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінде сақталады.
      12. Тестілеу нәтижелері тапсырған күннен бастап жыл бойы күшінде болады.
      13. Егер тестілеудің нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болса, өтініш иесі біліктілік емтиханының келесі кезеңіне жіберілмейді және тестілеудің теріс нәтижесін алған сәттен бастап кемінде үш айдан кейін қайта өте алады.
      14. Әңгімелесуді мемлекеттік орган жұмыс күндері сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін белгілі кесте бойынша жүргізеді.
      15. Мемлекеттік орган әңгімелесуді жүргізу үшін мемлекеттік органның, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының, сот сараптамасы органдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арасынан біліктілік комиссиясын (бұдан әрі - комиссия) құрады.
      Біліктілік комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға болып мемлекеттік органның өкілі тағайындалады. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмауы тиіс.
      Комиссияның қызметін ұйымдастыруды комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы мемлекеттік органның хатшысы болып табылады және оның дауыс беру құқығы болмайды.
      Әңгімелесу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және сот сараптамасы саласындағы заңнаманы білуін тексеру үшін жүргізіледі.
      16. Комиссияның отырысы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген мерзімде, бірақ жылына кемінде екі рет жүргізіледі.
      17. Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысқанда заңды деп саналады.
      Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.
      18. Біліктілік емтиханының нәтижелері бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін шығарады:
      1) біліктілік куәлігін сот сарапшыларының мемлекеттік тіркеліміне кейін енгізе отырып беру;
      2) біліктілік куәлігін беруден бас тарту.
      19. Комиссия хатшысы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әңгімелесу хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) жүргізеді, оған хатшы және қатысып отырған барлық комиссия мүшелері қол қояды.
      20. Біліктілік куәлігін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығы түрінде рәсімделеді.
      21. Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
      22. Біліктілік комиссиясының хатшысы біліктілік куәліктерін беруді тіркеу журналын жүргізеді, сондай-ақ біліктілік емтиханынан өткен адамдарды сот сарапшыларының бірыңғай тізіліміне енгізу үшін әділет органдарына тиісті ақпаратты жібереді.
      23. Әңгімелесуден өтпеген маман біліктілік емтиханын мамандығы бойынша кемінде 108 сағат біліктілікті арттыру курсынан өткен жағдайда, алты айдан кейін қайтадан өте алады.

4. Қорытынды ережелер

      24. Мемлекеттік органның біліктілік куәлігін беруден бас тарту туралы шешіміне тікелей мемлекеттік органда немесе сотта шағымдануға болады.

Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін
біліктілік емтихандарын қабылдау
қағидасына           
1-қосымша           

нысан

Мемлекеттік органның басшысына
_______________________________
(мемлекеттік орган)  
(кімнен) ______________________
(тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш

      Сізден
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      мамандығы бойынша мені сот сараптамасын өндіру құқығына
      біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.
      Мамандығым бойынша жұмыс өтілім
_____________________________________________________________________

________________________
   (толтырылған күні)
________________________
(өтініш иесінің қолы)

Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін
біліктілік емтихандарын қабылдау
қағидасына           
2-қосымша           

нысан

Біліктілік комиссиясы отырысының
20__жылғы «__»_________________
№ хаттамасы

1. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Мамандығы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Тестілеу нәтижелері ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Әңгімелесу нәтижелері:
Сұрақ _______________________________________________________________
Жауап _______________________________________________________________
Сұрақ _______________________________________________________________
Жауап _______________________________________________________________
Сұрақ _______________________________________________________________
Жауап _______________________________________________________________

5. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің шешім қабылдау бойынша дауыс
беру нәтижелері: «қосыламын» _______, «қарсымын» ______
6. Біліктілік комиссиясының шешімі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолдары:
Комиссия төрағасы: __________________________________________________
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия хатшысы: ___________________________________________________

Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін
біліктілік емтихандарын қабылдау
қағидасына           
3-қосымша           

нысан

Сот сараптамасын өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі

Осы куәлік
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын өндіру құқығына біліктілік
берілгенін растау үшін берілді.
Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган
басшысының 20__ жылғы «___» № ____ бұйрығы
Тіркеу № _____
Берілген күні 20__жылғы «___»___________
Берілген орны: ____________
Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган
басшысының қолы ______________________________ (___________)
                                                  Т.А Ә.

М.О. __________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады