Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 06.08.2013 № 457 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-ІV Заңының 13-бабына сәйкес, сот-сараптама қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 65 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4559 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған (2007 жыл, сәуір, № 4, 245-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 19 қазандағы
№ 827 бұйрығымен бекітілді
Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді.
2. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру (бұдан әрі - біліктілік) - бұл Қазақстан Республикасында сот-медициналық, сот-психиатриялық немесе сот-наркологиялық сараптаманың қызметін жүзеге асыруға тұлғалар дайындығының кәсіби деңгейін анықтаудың міндетті рәсімі.
3. Жоғары кәсіби деңгейде және сот сараптамасы саласында қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының процессуалдық заңнамасының талаптарына сәйкес сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру бойынша оған жүктелген міндеттерді орындауға қабілеттілігі сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыға біліктілік беру кезінде бағалаудың негізгі критерийі болып табылады.
4. "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының талаптарына сэйкес келетін қанағаттандыратын тұлғаларға сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшысының біліктілігі беріледі.
Сот-медициналық сарапшысы - биолог, сот-медициналық сарапшысы - гистолог, сот-медициналық сарапшысы - химик-токсиколог біліктілігін беруге арналған емтиханды жоғары оқу орнын бітіргеннен және мамандығы бойынша алғашқы мамандандырудан өткеннен кейін тапсыра алады.
5. Біліктілікті медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласын бақылау мемлекеттік органының (бұдан әрі - мемлекеттік орган) біліктілік комиссиясы береді.
2. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде ұсынылатын құжаттар
6. Біліктілік емтиханынан өту үшін үміткерлер мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды:
1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) ұйым басшысының қолы қойылған атқарған жұмысы, кәсіби қызметі, көтермелеу болғандығы туралы мәліметтерден тұратын қызметтік мінездемесін;
4) жоғары кәсіптік білімі туралы дипломының нотариалдық расталған көшірмесін;
5) ұйымның кадр қызметі басшысының растаған еңбек кітапшасының көшірмесін;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық басқармалары беретін соттылығы болмағаны туралы анықтаманы;
7) медициналық құжаттарды беру мерзімінен бір айдан кешіктірмей психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алынған анықтамаларды;
8) медициналық қызметпен айналысу құқығына берілген маман сертификатының көшірмесін (медициналық білімі бар тұлғалар үшін);
9) мамандану, біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы ұйымның кадр қызметінің басшысы растаған құжаттардың көшірмелерін ұсынады;
7. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері:
1) үміткердің өтініші негізінде үміткерлердің құжаттарын (іс жүргізуші тіркегеннен кейін) қабылдауды және талдауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның біліктілік комиссиясына біліктілік комиссиясының отырысына дейін 10 күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың тізімдерін, пакеттерін, тестілеу нәтижелерін тапсырады;
3) үміткерлерге біліктілік куәліктерін береді.
3. Біліктілік емтиханын өткізу
8. Біліктілік емтиханы 2 кезеңнен тұрады:
1) тестілеу;
2) әңгімелесу.
9. Тестілеуді үміткердің негізгі жұмыс орны бойынша аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.
10. Тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. Нәтижелер екі данада басылады, оның біреуі үміткерге, екіншісі үміткердің қолы қойылып, тиісті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінде сақталады.
Мамандық бойынша тест сұрақтарының саны - 50. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт 60 минутты құрайды.
Тестілеуден өту үшін шекті деңгей дұрыс жауаптың 60 %-н құрайды.
Тестілеу нәтижелері тапсырған күннен бастап жыл бойы күшінде болады.
11. Егер тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болса, үміткер біліктілік емтиханының келесі кезеңіне жіберілмейді.
12. Мемлекеттік орган әңгімелесуді жүргізу үшін мемлекеттік орган, денсаулық сақтау саласындағы ғылым және білім сот сараптамасы органдары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арасынан комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.
Комиссия құрамы комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға болып мемлекеттік органның өкілі тағайындалады. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмауы тиіс.
13. Комиссияның мәжілісі мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген мерзімде, бірақ жылына кемінде екі рет жүргізіледі.
14. Аттестаттау комиссиясының шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысқанда заңды деп саналады. Әңгімелесу үдерісінде сот сарапшыларының кәсіби деңгейі бағаланады.
Дауыс беру нәтижелері мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.
15. Біліктілік емтиханының нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы келесі шешімдердің бірін шығарады:
1) біліктілік куәлігін сот сарапшыларының мемлекеттік тіркеліміне кейін енгізетін болып беру;
2) біліктілік куәлігін беруден бас тарту.
16. Біліктілік емтиханының нәтижелері осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде рәсімделеді.
17. Біліктілік куәлігін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығы түрінде рәсімделеді.
18. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
19. Біліктілік комиссиясының хатшысы біліктілік куәліктерін берудің тіркеу журналын жүргізеді, сондай-ақ біліктілік емтиханынан өткен адамдарды сот сарапшыларының бірыңғай тізіліміне енгізу үшін әділет органдарына тиісті ақпаратты жібереді.
20. Біліктілік емтиханынан өтпеген маман біліктілік емтиханын мамандығы бойынша кемінде 108 сағат біліктілікті арттыру курсынан өткен жағдайда, алты айдан кейін қайтадан өте алады.
4. Қорытынды ережелер
21. Біліктілік куәлігін жоғалған немесе бүлінген жағдайларда үміткердің өтініші және құжаттары негізінде мемлекеттік орган біліктілік куәлігінің көшірме нұсқасын береді.
22. Мемлекеттік органның сот сарапшыларына сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін жүргізу құқығын беруден бас тарту туралы шешіміне мемлекеттік органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға болады.
Сот-медициналық, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық сараптаманың
белгілі бір түрін өндіру құқығына
біліктілікті беру нұсқаулығына
1-қосымша
нысаны
Мемлекеттік органның төрағасына
_______________________________
(мемлекеттік орган)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш
Сізден ______________________________________________________
___________________________________________________________ мамандығы бойынша мені сот сараптамасының өндіру құқығына біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.
Мамандығым бойынша жұмыс өтілім ___________________________________
___________________________
(толтырылған күні)
___________________________
(үміткердің қолы)
Сот-медициналық, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық сараптаманың
белгілі бір түрін өндіру құқығына
біліктілікті беру нұсқаулығына
2-қосымша
нысаны
Біліктілік комиссиясы отырысының
20__жылғы "__" _________________
№ хаттамасы
1. Тегі, аты, әкесінің аты
_________________________________________________________________
2. Мамандығы ____________________________________________________
3. Тестілеу нәтижелері __________________________________________
4. Әңгімелесу нәтижелері: _______________________________________
сұрақтар _____________________________________________________
жауаптары ____________________________________________________
____________________________________________________
5. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің «қосыламын» _______,
«қарсымын» ______ дауыс беру нәтижелері шешімін қабылдау
6. Біліктілік комиссиясының шешімі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қолдары:
Комиссия төрағасы: ______________________________________________
Комиссия мүшелері: ______________________________________________
______________________________________________
Комиссия хатшысы: ______________________________________________
Сот-медициналық, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық сараптаманың
белгілі бір түрін өндіру құқығына
біліктілікті беру нұсқаулығына
3-қосымша
нысаны
Сот сараптамасын өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі
Осы куәлік _______________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________ берілді.
Оған ___________________________________________________ мамандығы
бойынша сот сараптамасын өндіру құқығына біліктілік берілді.
Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының 20__жылғы "___" № ____ бұйрығы
Тіркеу № _____
Берілген күні 20__жылғы "___" ___________
Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының қолы ______________________________ (___________)
Т.А Ә.
М.О. Берілген орны __________________________