Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 65 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4559 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 827 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.10.19 № 827 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сот сараптама қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру нұсқаулығы бекітілсін.
      2. "Сараптаманың белгілі түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктілігін беру туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 141 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2190 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (Е.М.Мусин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы 31 қаңтардағы 
N 65 бұйрығымен     
бекітілген        

Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін
өндіру құқығына біліктілік беру нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларға сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік берудің шарттарын нақтылайды. Z100240

      2. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру (бұдан әрі - біліктілік) - бұл Қазақстан Республикасында сот-медициналық,  сот-психиатриялық немесе сот-наркологиялық сараптаманың қызметін жүзеге асыруға тұлғалар дайындығының кәсіби деңгейін анықтаудың міндетті рәсімі. K090193

      3. Жоғары кәсіби деңгейде және сот медицинасы саласында қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының процессуалдық заңнамасының талаптарына сәйкес сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру бойынша оған жүктелген міндеттерді орындауға қабілеттілігі сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыға біліктілік беру өлшемі бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады.

      4. "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының шарттарын қанағаттандыратын адамдарға сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшының біліктілігі беріледі. Z100240
      Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін және мамандығы бойынша алғашқы мамандандырудан өткен соң мамандар сот-медициналық сарапшы - биолог, сот-медициналық сарапшы - гистолог, сот-медициналық сарапшы - химик-токсиколог біліктілігін беруге арналған емтиханын тапсыра алады.

      5. Құрамын мемлекеттік органның басшысы бекіткен медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органның (бұдан әрі - мемлекеттік орган) біліктілік комиссиясы біліктілікті береді.

2. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде
ұсынылатын құжаттар

      6. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшылар біліктілік емтиханынан өту үшін мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды:
      1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      2) сот сараптамасының органы басшысының сот сарапшысына істеген жұмысы, кәсіби қызметі, көтермелеу және тәртіптік жаза қолданудың болғандығы туралы мәліметтерден тұратын мінездемесін;
      3) кәсіби жоғары білімі туралы дипломының нотариалдық расталған көшірмесін;
      4) ұйымның кадр қызметі басшысының растаған еңбек кітапшасының көшірмесін;
      5) медициналық қызметпен айналысу құқығына маман сертификатының көшірмесін (медициналық білімі бар адамдарға арналған);
      6) ұйымның кадр қызметі басшысының растаған біліктілігін арттыру, мамандандыру курстарынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесін ұсынады.

      7. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері:
      1) үміткердің өтініші негізінде үміткерлердің құжаттарын (іс жүргізуші тіркегеннен кейін) қабылдауды және талдауды жүзеге асырады;
      2) біліктілік комиссиясына біліктілік комиссиясының отырысына дейін 10 күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың тізімдерін, пакеттерін тапсырады;
      3) үміткерлерге белгіленген үлгідегі біліктілік куәліктерін береді.

3. Біліктілік емтиханын өткізу

      8. Біліктілік комиссиясының отырысы мемлекеттік органның басшысы белгілеген мерзімде жылына екі рет өткізіледі.

      9. Біліктілік емтиханы әңгімелесу түрінде өткізіледі.

      10. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына: мемлекеттік органның, медицина ғылымы мен білім беру ұйымдарының, практикалық денсаулық сақтаудың, сот сараптамасы органдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
      Біліктілік комиссиясы комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің саны кемінде жеті адамнан тұруы тиіс. V074558

      11. Егер Комиссияның отырысында комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, біліктілік комиссиясының шешімі заңды болып саналады.
      Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      12. Біліктілік емтиханының нәтижелері бойынша біліктілік комиссиясы мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне кейіннен енгізе отырып, біліктілік куәлігі берілсін;
      2) біліктілік куәлігін беруден бас тартылсын.

      13. Біліктілік емтиханының нәтижелері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделеді.

      14. Комиссия біліктілік беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда отырыстың хаттамасында бас тартудың дәлелдері көрсетілуі тиіс.

      15. Біліктілік куәлігін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік орган басшысының бұйрығы түрінде ресімделеді.

      16. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссиясының отырысы болған күннен бастап бір айдың ішінде беріледі.
      Маманның біліктілік куәлігінің көшірмесі маманның жеке ісінде сақталады.

      17. Біліктілік комиссиясының хатшысы біліктілік куәліктерін берудің тіркеу журналын жүргізеді, сондай-ақ біліктілік емтиханынан өткен адамдарды сот сарапшыларының бірыңғай тізіліміне енгізу үшін әділет органдарына тиісті ақпаратты жібереді.

      18. Біліктілік куәлігі сот сарапшысының кезең-кезеңмен аттестаттаудан өтуі арқылы әрбір бес жыл сайын расталып отыруы тиіс.

      19. Біліктілік емтиханынан өтпеген маман мамандығы бойынша біліктілігін көтеру курстарынан өткен жағдайда, алайда кемінде 6 айдың ішінде мемлекеттік орган белгілеген мерзімде қайта біліктілік емтиханынан өтуге құқығы бар.

4. Қорытынды ережелер

       20.  Біліктілік куәлігін уақытша тоқтату және айыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

       21. Мемлекеттік органның сот сарапшыларына сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығын беруден бас тарту туралы шешіміне мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдануға болады.

                                 Сот-медициналық, сот-психиатриялық
                                және сот-наркологиялық сараптаманың
                                 белгілі бір түрін өндіру құқығына
                                    біліктілікті беру ережесіне
                                              1-қосымша

                                   Мемлекеттік органның төрағасына
                                   _______________________________
                                   _______________________________
                                        (мемлекеттік орган)
                                   _______________________________
                                       (тегі, аты, әкесінің аты)

                          Өтініш

      Сізден ______________________________________________________
__________________________________________________________мамандығы
бойынша мені сот сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына
біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.
Мамандығым бойынша жұмыс өтілім____________________________________
___________________________________________________________________

                                                   _____________________
                                               (толтырылғын күні)
                                             _____________________
                                               (үміткердің қолы)

                                 Сот-медициналық, сот-психиатриялық
                                және сот-наркологиялық сараптаманың
                                 белгілі бір түрін өндіру құқығына
                                    біліктілікті беру ережесіне
                                              2-қосымша

               Біліктілік комиссиясы отырысының
               200_ жылғы "____"______________
№                       ______ хаттамасы

1. Тегі, аты, әкесінің аты_________________________________________
2. Мамандығы_______________________________________________________
3. Біліктілік комиссиясы отырысының күні___________________________
4. "иә"______, "қарсы"________дауыстары бойынша шешім қабылдау үшін
біліктілік комиссиясы мүшелерінің дауыс беру нәтижелері
5. Біліктілік комиссиясының шешімі_________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қолы:

Комиссия төрағасы:_____________________________________________
Комиссия хатшысы:______________________________________________
Комиссия мүшелері: ____________________________________________

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                                 Сот-медициналық, сот-психиатриялық
                                және сот-наркологиялық сараптаманың
                                 белгілі бір түрін өндіру құқығына
                                    біліктілікті беру ережесіне
                                              3-қосымша

Сот сараптамасын өндіру құқығына
берілетін біліктілік куәлігі

Осы куәлік________________________________________________________
__________________________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________берілді.
Оған____________________________________________________мамандығы
бойынша сот сараптамасын өндіру құқығына біліктілік берілді.
Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған тиісті орган
басшысының 200__жылғы "____" N_____бұйрығы

Тіркеу N_____

Берілген күні 200__жылдың "___" _______________
Куәлік 200__жылдың "___" _______________ дейін жарамды
Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған тиісті орган
басшысының қолы__________________________________________________.

М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады