Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 24 қарашада № 6652 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 8 тамыздағы № 561 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012.08.08 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 61-тармақшасына, 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Мыналардың:
      1) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 572 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5867 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 20 наурызда № 1 жарияланған);
      2) «Эпидемиялық маңызды объектілер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қарашадағы № 669 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5868 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 10 желтоқсанда № 189 (1612) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.С. Оспановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Б. Садықов

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2010 жылғы 26 қазандағы  
№ 838 бұйрығына 1-қосымша 

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесі

      1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілердің тізбесі:
      1) халыққа коммуналдық, тұрмыстық қызмет көрсету және әлеуметтік мақсаттағы объектілер:
      моншалар, сауналар, жүзу бассейндері;
      интернат үйлері (ересектерге арналған). Мүгедектер мен қарттарға арналған үйлер;
      кәріздік тазарту құрылыстары мен желілері (оның ішінде жауын-шашын кәрізі), қоғамдық дәретханалар;
      қалдықтарды, оның ішінде медициналық қалдықтарды жинау, тасымалдау, жою, сұрыптау, зарарсыздандыру және кәдеге жарату объектілері. Қоқыс өңдеу зауыттары. Полигондар, оның ішінде уытты өнеркәсіптік қалдықтар полигондары, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;
      парфюмерлік-косметикалық өнім және гигиеналық заттарды өндіру объектілері;
      халықтың уақытша тұратын объектілері (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар, вахталық кенттер);
      тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану ұйымдары, үйлерді басқару ұйымдары, үй-жай иелерінің кооперативтері;
      өндірістік және тұрмыстық техниканы жөндеу объектілері;
      су құбыры, кәріз, жылу жүйелеріне, қазандықтарға қызмет көрсету объектілері;
      шаштараздар, косметологиялық орталықтар, салондар, кір жуатын орындар, киім тазарту орындары;
      парфюмерлік-косметикалық өнімді, балаларға арналған гигиеналық заттарды және тауарларды, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын, уларды және улы химикаттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сақтауға арналған қоймалар;
      2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім беру объектілері:
      интернат ұйымдары;
      мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары;
      бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдар;
      дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары;
      қосымша білім беру ұйымдары;
      техникалық және кәсіптік білім беру және оқыту ұйымдары. Жоғары білім беру және жоғары білімнен кейінгі ұйымдар; арнайы, арнайы білім беру түзету ұйымдары;
      3) денсаулық сақтау объектілері:
      өндірістік объектілер жанындағы медициналық пункттер, денсаулық сақтау пункттері;
      дәстүрлі емес және халық медицинасы объектілері;
      дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер;
      ядролық медицина объектілері;
      амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілер;
      стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілер, оның ішінде перинатальдық орталықтар, перзентханалар, гинекологиялық бөлімшелер, хирургиялық стационарлар, бөлімшелер, операциялық блоктар, инфекциялық, туберкулез ауруханалары;
      паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін объектілер;
      қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер;
      сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер;
      АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілер;
      стоматологиялық объектілер;
      4) көлік құралдары:
      адамдарды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізаттарын, шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суды, радиоактивтік, химиялық және уытты заттар мен қалдықтарды, жарылғыш және пиротехникалық заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көліктері;
      5) көлік құралдарына қызмет көрсету объектілері:
      темір жол көлік құралдарына қызмет көрсету объектілері; автомобиль көлік құралдарына қызмет көрсету объектілері; әуе көлік құралдарына қызмет көрсету объектілері; теңіз, ішкі су көлік құралдарына қызмет көрсету объектілері;
      6) қоғамдық тамақтандыру объектілері:
      темір жол көлігіндегі қоғамдық тамақтандыру объектілері; әуе көлігінде қоғамдық тамақтандыру объектілері; теңіз, ішкі су көлігіндегі қоғамдық тамақтандыру объектілері; мейрамханалар, барлар, дәмханалар, асханалар, буфеттер, ас блоктары, аспаздық цехтар;
      7) зертханалардың барлық түрлері:
      микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, химиялық, токсикологиялық, радиоизотоптық, радондық, радиологиялық, референс-зертханалар және полимеразды тізбекті реакция зертханалары;
      8) тамақ өнімдерін сату объектілері:
      тамақ өнімдерінің көтерме саудасы объектілері; тамақ өнімдерін бөлшектеп сату объектілері;
      тамақ өнімдерін автоматты дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;
      дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;
      тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату базарлары;
      тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймалар;
      9) сумен жабдықтау объектілері:
      сумен жабдықтау көздері, су құбыры құрылыстары мен желілері;
      орталықтанбаған сумен жабдықтау объектілері;
      10) тамақ өнеркәсібі және тамақ өнімін өндіру объектілері: балалар сүт асүйлері;
      сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімін өндіру объектілері;
      ет өңдеу объектілері, еттің жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын ет өнімін өндіретін объектілер;
      май өнімдерін өндіретін объектілер;
      тамақ концентраттарын өндіретін объектілер;
      крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіретін объектілер;
      қант өндіретін объектілер;
      кондитерлік, кондитерлік-крем өнімдерін және ұнның жартылай фабрикаттарын өндіретін объектілер;
      алкогольсіз өнім (оның ішінде ыдысқа өлшеп-құйылған ауыз су және сусындар) өндіретін объектілер;
      алкоголь, алкоголі аз өнімді, сыра өндіретін объектілер;
      аспаздық және йодталған тұздарды өндіретін объектілер;
      өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде соя өнімін жинау, сақтау және өңдеу объектілері;
      арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерін, БАҚ-ды және тамақ өнімінің өзге де топтарын өндіретін және өткізетін объектілер;
      чипсилерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды өндіретін объектілер;
      шай өндіру объектілері;
      ашытқы өндіретін объектілер;
      сүт дайындау объектілері (сүт-тауар фермалары, сүт блоктары, сүт қабылдау пункттері);
      мал сою объектілері;
      құс өңдеу объектілері, құс етінің жартылай фабрикаттарын және/немесе құстан жасалатын дайын өнім өндіретін объектілер;
      балық өңдеу объектілері, балықтан жасалатын жартылай фабрикаттарды және/немесе балықтан жасалатын дайын өнімді өндіретін объектілер;
      наубайханалар, макарон, ұн тарту объектілері;
      11) сауықтыру, мәдени және спорттық мақсаттағы объектілер:
      балаларды сауықтыру объектілері (маусымдық, жыл бойғы);
      мәдени ойын-сауық объектілері;
      компьютер клубтары;
      қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;
      санаториялық-сауықтыру және санаториялық-курорттық объектілер;
      спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстары және объектілері;
      туристік базалар, демалыс базалары;
      12) өнеркәсіп салалары және өндіріс объектілері:
      металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері;
      жеңіл өнеркәсіп объектілері;
      ағаш өңдеу өнеркәсібі объектілері, жиһаз дайындау және жинақтау объектілері;
      полиграфиялық өнеркәсіп объектілері, типографиялар;
      шыны және фарфор өнеркәсібі объектілері;
      химиялық өнеркәсіп объектілері;
      көмір өнеркәсібі объектілері;
      мұнай өнеркәсібі объектілері;
      газ өнеркәсібі объектілері;
      электр энергетикасы өнеркәсібінің объектілері;
      құрылыс өнеркәсібі объектілері;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен бұйымдарды шығаратын объектілер;
      химиялық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау заттарын өндіретін объектілер;
      байланыс және телекоммуникация объектілері;
      балалар киімін, ойыншықтарды, балалар тұтынатын заттарды өндіретін және өткізетін объектілер;
      қара және түсті металл сынықтарын және қалдықтарын дайындаумен, сақтаумен, өткізумен айналысатын объектілер;
      қаптама өнім, тығындау материалдарын, полимер материалдардан жасалған бұйымдарды шығаратын объектілер;
      дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау заттары мен препараттарын дайындайтын, өндіретін, өңдейтін және өткізетін, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен қызметтерді көрсететін объектілер;
      радиотехникалық объектілер;
      13) атом энергиясын пайдалану объектілері;
      14) радиациялық қауіпті объектілер.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.05.17 N 301 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдер:
      1) тамақ өнімдері (адам тамаққа қолданатын табиғи немесе өңделген түрдегі өнімдері), оның ішінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерді пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері;
      2) балалар мен ересектердің жеке гигиеналық заттары, үш жасқа дейінгі балалар тұтынатын заттар: балаларды тамақтандыру үшін пайдаланылатын ыдыстар мен бұйымдар, баланы гигиеналық күту заттары, балаларға арналған киімдер (бірінші қабаты);
      3) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға және жүзу бассейндеріндегі шайынды суларды тазалау кезінде пайдалануға арналған материалдар, жабдық, заттар, құрылғылар;
      4) парфюмерлік-косметикалық заттар, ауыз қуысы гигиенасының заттары;
      5) өндірістік мақсаттағы химиялық және химиялық емес заттар, тұрмыстық химия тауарлары;
      6) құрылыста, көлікте пайдалануға, сондай-ақ жиһаздар мен басқа да үйде тұтынатын заттарды дайындауға арналған полимерлік және синтетикалық материалдар, жиһаз, химиялық талшықтар мен текстиль қосалқы заттар бар текстиль тігін және тоқыма материалдары, киімдер мен аяқ киімдер дайындауға арналған жасанды және синтетикалық былғарылар және текстиль материалдары;
      7) көлік құралдарының және тұрмыстық техниканың қосалқы бөлшектерінен басқа (ауыз сумен және тамақ өнімімен жанасатындарды қоспағанда) өндірістік, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы машина жасау және аспап жасау өнімі;
      8) баспа өнімі: жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу басылымдары мен көрнекі құралдары, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары;
      9) өндіру процесінде өңдеуге жататын табиғи шикізаттан жасалған материалдар;
      10) адамның денесімен жанасатын бұйымдарға (бұйымға) арналған материалдар, киім, аяқ киім;
      11) иондаушы сәулелену, оның ішінде генерациялаушы сәулелену көздері болып табылатын өнім, бұйым, жабдық, сондай-ақ радиоактивті заттар бар материалдар мен тауарлар;
      12) радиоактивті заттардың, оның ішінде қайта өңдеу және халық шаруашылығында пайдалануға арналған өндірістік қалдықтардың құрамы гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс материалдары;
      13) темекі бұйымдары мен темекі шикізаты;
      14) жеке қорғаныш құралдары;
      15) пестицидтер мен агрохимикаттар;
      16) тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар, бұйымдар және жабдық;
      17) ауа дайындауға, ауа тазартуға және сүзгілеуге арналған жабдық, материалдар;
      18) мұздаққа қарсы реагенттер;
      19) минералды су (табиғи асханалық, емдік-асханалық, емдік), сыйымдылыққа құйылған шөлмектегі ауыз су (оның ішінде балалар тамағында пайдалануға арналған), сергітетін сусындар, алкоголі аз өнімді қоса алғанда алкоголь өнімі, сыра;
      20) арнайы тамақ өнімдері, оның ішінде балалар тамағы өнімі, жүкті және емізетін әйелдерге арналған өнімдер, диеталық (емдік және профилактикалық) тамақ өнімдері, спортшыларға арналған өнімдер (бұдан әрі - арнайы тамақ өнімдері); тамаққа биологиялық активті қоспалар, тамаққа биологиялық активті қоспалар өндіруге арналған шикізат, органикалық өнімдер;
      21) тағамдық қоспалар, кешенді тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер, дәмді хош иістендіргіш заттар мен шикізат компоненттері ретіндегі өсімдік экстракттары, микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері және бактериялық ашытқылар, технологиялық қосымша заттар, оның ішінде ферментті препараттар;
      22) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау заттары (тұрмыста, емдеу-профилактикалық мекемелерде және басқа да объектілерде (ветеринарияда қолданылатыннан басқа) қолдануға арналған);
      23) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар және олардың негізінде дайындалатын, адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіп төндіретін (дәрілік заттардан басқа) препараттар, өндіру, қолдану, тасымалдау, өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адамның денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер етуге бейім табиғи немесе жасанды жолмен алынған жеке заттар (қосындылар);
      24) бақылаудағы нүктелерден алынған су, жабық үй-жайлардың микроклиматы мен ауасы.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.05.17 N 301 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы     
2010 жылғы 26 қазандағы 
      № 838 бұйрығына 2-қосымша

Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі

      1. Балалар сауықтыру объектілері (маусымдық, жыл бойғы);
      2. Балалар сүт асханалары;
      3. Су құбыры құрылыстары мен желілері;
      4. Интернат ұйымдары;
      5. Сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімін өндіретін объектілер;
      6. Ет өңдеу объектілері, еттің жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын ет өнімін өндіретін объектілер;
      7. Кондитерлік, кондитерлік-крем бұйымдарын және ұнның жартылай фабрикаттарын өндіретін объектілер;
      8. Тамақ өнімінің көтерме және бөлшек сауда объектілері (сауда орталығы);
      9. Қоғамдық тамақтану объектілері;
      10. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерін, БАҚ-ды және өзге де тамақ өнімін өндіретін және өткізетін объектілер;
      11. Сүт дайындау объектілері (сүт-тауар фермалары, сүт блоктары, сүт қабылдау пункттері);
      12. Алкогольсіз өнім (оның ішінде ыдысқа өлшеп құйылған ауыз су және сусындар) өндіретін объектілер;
      13. <*>
      Ескерту. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.05.17 N 301 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      14. Дәстүрлі емес және халық медицинасы объектілері;
      15. Орталықтанбаған сумен жабдықтау объектілері;
      16. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілер (перинатальдық орталықтар, тума, гинекологиялық бөлімшелер, хирургиялық стационарлар, бөлімшелер, операциялық блоктар, инфекциялық, туберкулездік ауруханалар);
      17. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер;
      18. АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілер;
      19. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары;
      20. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдар;
      21. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілер;
      22. Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту объектілер;
      23. Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер;
      24. Шаштараздар, косметикалық орталықтар, салондар;
      25. Құс өңдеу объектілері, құс етінің жартылай фабрикаттарын және/немесе балықтан жасалатын дайын өнім өндіретін объектілер;
      26. Балық өңдеу объектілері, балықтан жасалатын жартылай фабрикаттарды және/немесе балықтан жасалатын дайын өнімді өндіретін объектілер;
      27. Тамақ өнімінің көтерме және бөлшек сауда базарлар;
      28. Стоматологиялық объектілер;
      29. Арнайы, арнайы білім беру түзету ұйымдары;
      30. Тамақ өнімін сақтауға арналған қоймалар;
      31. Санаториялық-сауықтыру және санаториялық-курорттық объектілер;
      32. Тамақ өнімдерін, тамақ шикізаттарды, шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суды, тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары (темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе);
      33. Адамдарды тасымалдау үшін (темір жол, теңіз, ішкі су, әуе) пайдаланылатын көлік құралдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады