Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді (ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда) 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін алуға тыйым салуды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 қарашадағы № 704 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 7 желтоқсанда № 6667 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 18-06/1085 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2015 № 18-06/1085 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу ережесінің 7-тармағына, Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 31 тамыздағы № 1 хаттамалық шешіміне, сонымен қатар биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2010 жылғы 12 тамыздағы № 10-01-46/5093 қорытындысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді (ғылыми мақсаттарды пайдалануды қоспағанда) 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін алуға тыйым салу белгіленсін.
      2. Мыналардың:
      1 «Қазақстан Республикасының аумағында киік алуға тыйым салуды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3880 тіркелген, 2005 жылғы 18 қазанда № 128(752) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының «Қазақстан Республикасының аумағында киік алуға тыйым салу туралы» 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 286 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4035 тіркелген, 2006 жылғы 2 ақпанда № 17(823) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасына жүктелсін.
      4. Комитет осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                              Е. Аман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады