"Зираттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 902 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 20 желтоқсанда № 6691 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 145-бабының 1)3),  28)тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Зираттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы К.С. Оспановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
20 жылғы 19 қарашадағы  
№ 902 бұйрығымен     
бекітілген      

«Зираттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. «Зираттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) зираттарды орналастыруға, мәйіттерді жерлеуге және қайта жерлеуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
      2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) зират – мәйіттерді жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;
      2) зираттық кезең - мәйіттерді минералдау процесі жүретін уақыт;
      3) мәйіттің сүйегі - мәйіттің шірімеген қалдығы;
      4) жерлеу (жерлеу рәсімі) – қайтыс болған адамның тілегіне, діни нанымына, санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де ережелер мен нормаларға қайшы келмейтін әдет-ғұрыпқа және салт-дәстүрге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (мәйіт қалдықтарын) жерге (зиратқа, сағанаға) көму немесе сүйегі (күлі) бар урнаны зиратқа, сағанаға жерлеу арқылы отқа жағу (кремация) бойынша әдет-ғұрып әрекеті;
      5) жерлеу бюросы, жерлеу рәсімін жүргізуге қызмет көрсететін бюро-дүкені - қайғылы салт-дәстүрлерді жүргізуге қызмет көрсететін және соған арналған тауарларды сататын объект.

2. Зират салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға және пайдалануға енгізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Зират салуға жер учаскесін таңдау кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
      1) қала құрылысының мақсаты және аумақтың жер бедерін аймақтау;
      2) геологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық және географиялық топырақ деректері;
      3) топырақтың және құмтопырақтың өздігінен тазару мүмкіндігі;
      4) эрозиондық әлеуеті және ластанудың көшуі;
      5) көлік қолжетімдігі;
      6) жер учаскесінің бұрын пайдаланылуы;
      7) жер учаскесіндегі радиацияның деңгейі;
      8) жұмыс істеп тұрған объектілерден санитариялық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі.
      4. Зиратқа бөлінетін учаскеде:
      1) елді мекенге, ашық су қоймаларына, сондай-ақ шаруашылық-ауыз су және тұрмыстық мақсат үшін халық пайдаланатын жер суы көздеріне қарама қарсы жаққа еңісі болуы;
      2) тасқын суы кезінде су баспауы;
      3) жер суы жағдайының деңгейі жер суының барынша үлкен жағдайы кезінде жер бетінен кемінде 2,5 метр (бұдан әрі – м) болуы тиіс. Жер бетінен 2,5 метр жоғары деңгей кезінде зиратты орналастыру үшін учаске кремациядан кейін көму үшін ғана пайдаланылуы мүмкін;
      4) 1,5 метр және одан төмен тереңдікте құрғақ, жұмсақ топырақ (құмдақ, құм) және топырақтың ылғалдылығы 6-18 процент (бұдан әрі - %) шегінде болуы;
      5) тұрғын аумаққа қатысты жел соғатын жаққа орналасуы тиіс.
      5. Зиратты мына:
      1) сумен жабдықтау көздерінің және минералды көздердің санитариялық қорғаныш аймақтарының бірінші және екінші белдіктерінде;
      2) курорттардың бірінші санитариялық қорғаныш аймағында;
      3) үңгірлер мен қатты жарықшақтанған тау жыныстарының бетіне шығаруға және жер астынан су шыққан жерлерге;
      4) су басатын, шөгу және опырылуға ұшырайтын, батпақты учаскелерге;
      5) шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік, шомылу және басқа да мәдени-сауықтыру іс-шаралары үшін халық пайдаланатын І және ІІ санаттағы су қоймаларының жағалауларында;
      6) күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттерде;
      7) ашық жерлердегі дозаның қуатын арттыратын гамма-сәулеленуінің тиімді дозасының қуаты сағатына 0,2 микроЗиверттен асатын аумақтарда орналастыруға жол берілмейді.
      6. Зират зираттың қоршауынан мынадай:
      1) бірінші тұрғын үй-қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаториялық-курорттық аймақтарға дейін – кемінде 300 метр;
      2) су көзінің санитариялық қорғаныш аймақтарының белдіктерін есептеу қашықтығының жеткіліктілігін және сүзгілеу уақытын растай отырып, халықты сумен жабдықтаудың орталықтанған көзінің су жинау құрылысына дейін – кемінде 1000 метр қашықтықты есептей отырып, орналастырылады.
      7. Жабық зираттардың санитариялық қорғаныш аймағының мөлшері зираттық кезең өткенге дейін қысқармауы тиіс.
      8. Жобаланатын және жұмыс істеп тұрған зираттардың санитариялық-қорғаныш аймағының аумағында ғибадат ету және әдет-ғұрып объектілерін қоспағанда тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар салуға жол берілмейді.
      9. Санитариялық қорғаныш аймақтарының аумағы абаттанады, көгалданады және асфалтталады.
      10. Жерлеудің жалпы ауданы зираттың жалпы ауданының 65-70 % есебімен қабылданады.
      11. Зиратты орналастыру учаскесі және оның көлемі елді мекеннің жобалау және құрылыс жоспарында зират жабылғаннан кейін оның аумағын саяжай немесе және бақ салуға тікелей пайдалану мүмкіндігі ескеріле отырып көзделеді.
      12. Зиратты жобалаған кезде:
      1) зиратты аумаққа бөле отырып, жерлеу аймағының жоспарлы шешімі;
      2) көлік жолы, жаяу жүргін жолдар;
      3) инсоляцияны және жеткілікті желдетуді қамтамасыз етуді ескере отырып, жасыл желектерді орналастыру, сипаты және ауданы;
      4) сумен жабдықтаумен, кәріздеумен (зираттың аумағында ғибадат ету және әдет-ғұрып объектілерін жобалағанда) қамтамасыз ету көзделеді.
      13. Жерлеу бюросы, жерлеу рәсімін жүргізуге қызмет көрсететін бюро-дүкені тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта бөлек тұрған ғимараттарға орналастырылуы тиіс.
      14. Зираттың аумағы секторларға бөлінуі, абаттандырылуы, қоршалуы, көлік жолы болуы, функционалдық аймақтары (зираттың периметрі бойынша кіру, салт-жора, әкімшілік-шаруашылық, жерлеу, жасыл қорғаныш) болуы тиіс.
      15. Қалалар және басқа да елді мекендердің халқы шаруашылық-ауыз су мақсатында пайдаланатын орталықтанған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ санитариялық-қорғаныш аймақтар мен зираттардың аумақтары бойынша орталықтанған кәріздеу жүйелерін жүргізуге жол берілмейді.
      16. Зираттың суғару және жинау жұмыстарын жүргізу үшін дербес сумен жабдықтау жүйелерінің немесе тасымалданатын сумен толтырылған резевуарлардың суын пайдалану көзделеді.
      17. Орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріздеу жүйелері болмаған кезде құю үшін шахталық құдық орнатуға және қазылған типтегі қоғамдық дәретханалар салуға жол беріледі.
      18. Зираттың және жерлеу мақсатындағы ғимараттардың аумағында автокатафалк, автокөлік тұрағы, қоқыс жинауға арналған урналар, қоқысжинағыштарға көлікпен бару жолы бар алаңдар көзделеді.
      Қоқысжинағыштарға арналған алаңдар қоршалады және асфальтталған немесе бетондалған жабыны болады.
      19. Зираттың аумағы қажеттілігіне байланысты жиналуы тиіс.
      20. Әрбір қабірде ересек адамдарға, балаларға учаске бөлінеді.
      Қабірдің табанынан жер асты сулары тұрған деңгейге дейін кемінде 0,5 метр болуы тиіс.
      21. Қайта жерлеуге қайтыс болған адамда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі ауруы) болмаған жағдайда, жерленген сәтінен бастап бірінші екі апта ішінде кейіннен жерленген сәтінен бастап кемінде үш жылдан соң, құмдауыт жерлерде кемінде бір жылдан соң және осы санитариялық ережеге қосымшаға сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жол беріледі.
      22. Мәйіттің сүйегі алынған жағдайда қабір дезинфекцияланады және құм себіледі, ал қабірден алынған мәйіттің сүйегі қақпақты жәшіктерде тасымалданады, табыт жәшікке салынады және жаңа орынға тасымалданады. Жерлеу жүргізілген табыт сақталмаған кезде табыттың қалдықтары арнайы бөлінген орындарда өртеледі.
      23. Қайта жерлеумен айналысатын адамдар;
      1) сіреспеге және күйдіргіге қарсы егілуі;
      2) арнайы киіммен және аяқ қиіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке етіктер, резеңке қолғаптар, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыштар, комбинезон) қамтамасыз етілуі тиіс.
      24. Арнайы киімді үй жағдайларында жууға және зарарсыздандыруға жол берілмейді, ал жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын құрал-сайман зираттан тыс шығарылмауы тиіс.
      25. Арнайы киім және арнайы аяқ киім эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда тазартылуға және дезинфекциялануға жатады немесе өртеледі. Дәке таңғыштар эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін өртеледі.
      26. Эксгумацияланған қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік дезинфекциялануға жатады.
      27. Этиологиясы белгісіз инфекциялардан және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдарды жерлеу мырышталған, герметикалық дәнекерленген табыттарда жүргізіледі.
      28. Зиратты көшіру және көму кезінде аумақтарды (учаскелерді) қалпына келтіру жүргізілуі тиіс. Тұрғын үй аумағын жоспарлау үшін жерлеудің жойылатын орындарының топырақтарын пайдалануға жол берілмейді.
      29. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрынғысы белгісіз жерлеулер анықталған жағдайларда мәйіттің сүйектерін қайта көму және аумақты қалпына келтіру жүргізілуі тиіс.
      30. Зираттардың аумағын пайдалану оны көшірген сәтінен бастап жиырма жыл өткен соң жол беріледі. Аумақ бұл жағдайларда көк желектерді отырғызуға ғана пайдаланылады.

«Зираттарға қойылатын    
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
қосымша            

Нысан

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
(мәйiттi қайта көмуге арналған)
Санитарно-эпидемиологическое заключение
(на перезахоронения трупа)
№ ________
2010 жылғы «_____»___________________

___________________________________________________________________
(мәйiттiң қайтыс болған себебi туралы қорытынды берген медициналық ұйымның атауы)
___________________________________________________________________
(наименование медицинской организации выдавшей заключение о причине смерти)
___________________________________________________________________
қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (фамилия, имя, отчетсво умершего)
___________________________________________________________________
туған жылы, қайтыс болған күнi (год рождения, дата смерти)

Қайтыс болған адамның тұрған мекен-жайы
(Адрес проживания умершего):_______________________________________
                 (республика, облыс, қала, аудан, көше, үй, пәтер)
___________________________________________________________________
      (республика, область, город, район, улица, дом, квартира)
Медициналық ұйымның қорытындысы____________________________________
(Заключение медицинской организации) (қайтыс болған себебi, берiлген күнi)______________________________________________________________
                (причина смерти, дата выдачи)
___________________________________________________________________
(аса қауiптi инфекциялардың, этиологиясы белгiсiз инфекциялардың болуы немесе болмауы)
___________________________________________________________________
(наличие или отсутствие особо опасных инфекций, инфекций неизвестной этиологии)

Жерленген орны (Место захоронения)_________________________________
                                  (республика, облыс, қала, аудан)
___________________________________________________________________
                (республика, область, город, район)
Мәйiттi тасымалдауға арналған көлiк құралы:
(Транспортное средство для перевозки трупа):_______________________
                                  (темiр жол, әуе көлігі, автомибиль)
___________________________________________________________________
          (железнодорожный, авиационный, автомобильный)
Мәйiт тасымалданатын жердiң мекен-жайы: ____________________________
(Адрес места транспортировки трупа)  (республика, облыс, қала, аудан)
___________________________________________________________________
               (республика, область, город, район)
Мәйiттi тасымалдау кезiнде эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу _____
(Проведение противоэпидемических мероприятий при транспортировки трупа)
___________________________________________________________________
(оцинкованный, герметично запаянный гроб, наличие деревянного, плотно сколоченного ящика)
__________________________________________________________________
(мырышталған, герметикалық дәнекерленген табыт, берік қабыстырылған ағаш жәшіктің болуы)
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (Санитарно-эпидемиологическая экспертиза):
мәйiттi тасымалдау, қайта көму ___________________________________
(астын сызу керек)             (рұқсат етiледi, рұқсат етiлмейдi)
перевоз, перезахоронение трупа ___________________________________
(подчеркнуть)                     (разрешается, не разрешается)

Мөр орны      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
Место печати  қызмет органының жетекшісі
              Руководитель государственного органа
              санитарно-эпидемиологической службы ________________
                                                   қолы (подпись)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады